Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен қолма-қол ақша айналысын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 V980662_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану туралы ережеге өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мусаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану туралы ереженi бекiту туралы" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану туралы ережеге өзгерiс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудан өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану туралы ережеге өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 13 қазандағы
N 390 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында чектердi
қолдану туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану туралы ереженi бекiту туралы" V980662_ 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Републикасының аумағында чектерді қолдану туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1. 5-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшаман толықтырылсын:
"КОд (ақша жiберушiнiң коды), КБе (бенефициардьң коды) және КНП (төлем белгілеу коды) бағандары".
2. 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Чек беруші чек берген кезде осы Ереженiң 5-тармағының 12) және
14) тармақшаларында көзделген деректемелердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне және Қазақстан Распубликасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999
жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жіктеушісін қолдану
ережесіне сәйкес қоятын болады.".
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.