Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 қаңтарда N 662 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану ережесi бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және бекiтiлген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
      2) осы қаулыны және тiркелген Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және аталған Ереженi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
      3. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.07.01 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Бухгалтерлік есеп департаментi (Рахметова С.К.) Банктік қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) және Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп ұсынылған Ережеге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1994 жылғы 16 желтоқсандағы N 25 хаттама) Қазақстан Республикасының банктерiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар жобасын дайындап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесі күшіне енген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1994 жылғы 15 қарашадағы мәжілістің N 22 хаттамасы) Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу туралы ереженің;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1994 жылғы 15 қарашадағы мәжілістің N 22 хаттамасы) Чектер клирингін жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Клиринг палатасы туралы ереженің;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 22 қаңтардағы N 16 қаулысымен бекітілген Кепілдік берілген чектермен есеп айырысу туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкi Басқармасының
1998 жылғы 5 желтоқсандағы
N 266 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағында
чектерді қолдану туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже чектердi пайдалану туралы шартты жасау тәртiбiн және оның мiндеттi талаптарын айқындайды, чектердi және чек кiтапшасын беру және пайдалану рәсiмiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында чектердi пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асырудың ерекшелiктерiн реттейдi.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолданған кезде туындайтын қатынастарды Қазақстан Республикасының заң актiлерi және осы ереже реттейдi.

      3. Осы ереженiң нормалары жол чектерiн пайдалануға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Аталған қатынастар ережемен реттеледi, ол ережелердi осындай жол чектерiнiң чек беруші банкі және банктiк практикада қабылданған iскерлiк айналымның салттары белгiлейдi. <*>
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169 қаулысымен.

      4. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 
      1) чек берушiнiң банкi - чек кiтапшасын берген және ақша төлеу туралы бұйрық жiберiлетiн банк; 
      2) чек ұстаушының банкi - чек ұстаушы төлеу үшiн чек ұсынған немесе алынған чектi кейiн төлеу үшiн чектi ұсынған банк; 
      3) чектiң берiлуi - төлемдi жүзеге асыру әдiсi, төлем бұл әдiс бойынша чек берушiнiң атаулы төлем құжатын чек ұстаушыға беруi арқылы төлем жасалады; 
      4) кепiлдi чек - бұл чек берушiнiң банкiнiң осы банк көрсеткен сомасын төлеу жөнiндегi кепiлдiгiн қамтиды, бұл чек берушiнiң ақша сомасының чек берушiнiң банкiнде жеткiлiктi болғандығына байланысты емес; 
      5) чектердi пайдалану туралы шарт - бұл шарт бойынша чек берушiнiң банкi өз клиентiнiң - чек берушiнiң (жеке немесе заңды тұлға) чектерiн төлеу жөнiнде мiндеттеме алады, ал клиент банк белгiлеген чектердi беру және пайдалану ережелерiн сақтауға мiндеттенедi; 
      6) чектердiң клирингi - клирингтiк ұйым жүзеге асыратын чектердi жинау, салыстырып тексеру, өзара есепке жатқызу процесi және қатысушы банктердiң таза позициясын анықтау; 
      7) Клирингтiк палата - клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын жинау, салыстырып тексеру, iрiктеу және есепке жатқызу және олардың таза позициясын кейiн анықтау (сальдо) процесiн жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ банктiң клиенттер арасындағы қарсы талаптар бойынша көрсетiлген iс-әрекетiн орындауы;
      8) чектiң түбiртегi - бұл чектiң осы чектiң қажеттi деректемелерi көрсетiлген бiр бөлiгi. Осы ереженiң мақсаты үшiн чектердiң түбiртегi деп сондай-ақ кейiннен чек кiтапшасына жинақталған чектердiң көшiрмелерiн айтады;
      9) кепiлдiгi жоқ чек - бұл чек берушiнiң банкiнiң тиiстi кепiлдiгi жоқ чегi;
      10) жабылмаған чек - бұл алдын-ала депозитпен қамтамасыз етiлмеген чек;
      11) жабылған чек - бұл чек берушi алдын-ала банкке салған депозитпен қамтамасыз етiлген чек;
      12) чек - чек берушi мен алушы банктiң арасындағы шартқа негiзделген, чек берушiнiң алушы банкке жазбаша бұйрығын қамтитын, осындай бұйрықта көрсетiлген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы төлем құжаты;
      13) чек кiтапшасы - чектердiң брошураланған және рет-ретiмен   нөмiрленген бланкiлерi. Чек кiтапшасы чектiң бiр бланкiнен тұра алады;
      14) чек беруші - чектi жазып берген адам;
      15) чек ұстаушы - осы адамның пайдасына чек жазып берiлген адам және чек берушi адам, егер ол чектi өзiнiң атына өзi жазып алса.

      5. Чек мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:
      1) "чек" деген атау;
      2) чектiң сериясы және нөмерi;
      3) <*>
      4) чек берушiнiң немесе соның мүддесiн көздеушiнiң атауы (есiмi);
      5) чек берушінің/чек ұстаушының жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
      6) сан мен және жазып көрсетiлген сомасы, чек берiлген күн, орын және чек берушiнiң немесе соның атынан сөйлеушiнiң қолы және оның мөрi (заңды тұлға үшiн);
      7) чек ұстаушының атауы (есiмi);
      7-1) алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.07.01 № 65 Қаулысымен.
      8) алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 Қаулысымен.
      9) чек берушiнiң чектi төлеуге мiндеттi банкiнiң атауы;
      10) чек берушiнiң банкiнiң бірегейлендірілген банктiк коды;
      11) "төлеңiз" деген баған;
      12) "төлемнiң мақсаты (қолма-қол ақша алу чегін қоспағанда)" деген баған;
      13) "чектiң төлеуге қабылданғаны туралы чек ұстаушының белгiсi" деген баған;
      14) КОд (ақша жiберушiнiң коды), КБе (бенефициардьң коды) және КНП (төлем белгілеу коды) бағандары;
      15) "кіріс мақсаты (қолма-қол ақша алу чегі үшін) деген баған.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасы 2000.10.13 N 390; 2002.05.13 N 169; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз);  2011.07.01 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулыларымен.

      6. Осы ереженiң 5-тармағында көзделген мiндеттi деректемелерден басқа кепiлдi чектер мыналарды қамтуға тиiс:
      1) "кепiлдi чек" деген атау;
      2) чек берушiнiң банкi кепiлдiк берген чектер бойынша жалпы сома.

      6-1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген болса және оған чекті пайдалана отырып операцияларды өңдеу үшін қажет болса, чек берушінің банкі чекке қосымша деректемелердің қойылуын талап етуге құқылы.
      Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169 қаулысымен.

      7. Чектер аударымдық төлемдердi жүзеге асыру, қолма-қол ақшаны алу үшiн пайдаланылады.

      8. Чектi беру чектi берушiнiң ақшалай мiндеттемесiн орындау болып табылмайды, чек соны орындау үшiн жазып берiлген. Аталған мiндеттеме чек бойынша ақша алған кезде орындалады.

      9. Қазақстан Республикасының аумағындағы чектер Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы Қазақстан теңгесiмен жазып берiледi. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасындағы чектердi айырбастау валюталық реттеу туралы заңда көзделген жағдайда ғана рұқсат етiледi.

      10. Чектердi чек берушiнiң банкi және чек ұстаушының банкi қабылдауға мiндеттi және оларды чектердi пайдалану туралы шарттың талаптарына және осы ережеге сәйкес чек берушiнiң банкi төлеуге тиiс.

      11. Чек берушiнiң банкi басқа банктермен - чек ұстаушының банктерiмен чектердi қабылдауға және төлеуге шарт жасасады.

      12. Чектегi сыйақы (мүдде) туралы кез келген нұсқау жазылмаған деп саналады.

      13. <*>
      Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005.08.27 N 93 қаулысымен.

      14. Чек бланкiлерi (оның iшiнде чектер чек кiтапшасы болып брошураланбаған кезде де) қатаң, есепте тұрған құжат болып табылады және мiндеттi деректемелерi мен қорғау дәрежесi (кем дегенде 5 еселiк), ескерiлiп жасалады, олар болмаса чек жарамсыз болады. 
      Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде басқаша көзделмесе, чек беруші банктің уәкілетті органы чек пен чек кітапшасы бланкісінің үлгісін өзі бекітуге құқылы. Бұл орайда чек пен чек кітапшасының бланкісі осы Ереженің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169 қаулысымен.

      14-1. Қорғалу дәрежесіне қойылатын ең аз талаптар, сондай-ақ төленген чектерді чек берушінің банкінің есепке алу тәртібі чек берушінің банкінің ішкі ережелерінде белгіленеді.
      Ескерту: 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169 қаулысымен.

2-тарау. Чектердi пайдалану туралы шарт

      15. Чек берушiнiң және чек берушiнiң банкiнiң чектi пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi чектердi пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайды.

      16. Чектердi пайдалану туралы шартта мынадай мiндеттi талаптар болуға тиiс:
      1) чек кiтапшасындағы чек бланктерiнiң саны туралы мәлiметтер;
      2) чектердi дұрыс жазып беру талабы, атап айтқанда:
      чек бланктерiнiң нөмiрлерiнiң реттiлiгiн сақтау;
      чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан бас әріптен басталуға тиiс, "теңге" сөзi жазып көрсетiлген сомадан кейiн бос орын қалдырмай көрсетiлуге тиiс, "тиын" сөзi чекте көрсетiлмейдi, сомасы санмен және жазумен жазылғаннан кейінгі бос жерге қос сызық сызылады); <*>
      "төлеңiз" деген сөздерден кейiн бағанда атына чек жазып берiлетiн адамның аты-жөнi немесе атауы көрсетiледi; <*>
      чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін адамның тұлғаның (заңды және жеке тұлғалар үшін) жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, кім және қашан берген;
      чектi жазып берген күннiң қойылуы (күнi және жылы - санмен, айы - жазып);
      чек берушiнiң қолының қойылуы (және заңды тұлға үшiн мөрдiң қойылуы), олар чек берушiнiң (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек берушi чек кiтапшасына ие болуға уәкiлеттiк берген адамның қолының және чек берушiнiң мөрiнiң бедерiнiң (заңды тұлғалар үшiн) үлгiсi құжаттағы үлгiге сәйкес болуға тиiс;
      чектің түбіртегінде:
      чек жазылған ақша сомасы (сома санмен қойылады), чек жазылған күн және чек берушінің немесе чек кітапшасын пайдалануға уәкілетті адамның қолы және чек берушінің мөр таңбасы (заңды тұлғалар үшін), егер чек кітапшасы белгілі бір сомаға берілсе - операция жасалғанға дейінгі сома қалдығы және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдық (қалдық санмен және жазумен қойылады); <*>
      3) чекпен операция жасаған кездегi чек берушiнiң банкi мен чек берушi арасындағы өзара төлемдер тәртiбi;
      4) чек кiтапшасының қолданылу мерзiмi (егер чек кітапшасы белгілі бір мерзімге берілсе); <*>
      5) <*>
      6) <*>
      7) чек берушiнiң жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кiтапшалары, чекке қол қоюға уәкiлеттiгi бар адамдар құрамының (заңды тұлғалар үшiн) өзгеруi туралы чек берушiнiң банкiн хабардар ету рәсiмi;
      8) чек берушiнiң банкiнiң чектердi төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар және жалған чектер туралы чек берушiнi хабардар ету рәсiмi;
      9) чек берушiнiң банкiнiң чектермен операция жүргiзу жөнiндегi қызметiн чек берушiнiң төлеуi жөнiндегi шарттары;
      10) чек берушiнiң банкiне чектiң пайдаланылмаған бланктерiн чек берушiнiң қайтару тәртiбi;
      11) чек берушi мен чек берушiнiң банкiнiң қатынастарына талап қою тәртiбi және тараптардың жауапкершiлiгi.
      Чектердi пайдалану туралы шартта тараптардың келiсiмi бойынша басқа талаптарды да көздеуге болады.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      16-1. Осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген чектерді пайдалану туралы шарттың талаптары чек берушінің банкі мен чек берушінің арасында жасалған өзге де (аралас) шартта көзделуі мүмкін.
      Ескерту: 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169 қаулысымен.

      17. Чектердi пайдалану туралы шарт жасар алдында банктер клиенттiң чектермен операция жүргiзу жөнiндегi қызмет бағаларының прейскуранты мен шарттың чектердi пайдалану туралы мiндеттi талаптары туралы ақпарат алуға құқын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3-тарау. Чек кiтапшаларын беру тәртiбi

      18. Чек кiтапшаларын рәсiмдеген кезде чек берушiнiң банкiнiң уәкiлеттi адамы мыналарды орындауға тиiс:
      1) чек берушiнiң немесе оның мүддесiн көздеушi адамның жеке басының кiм екендiгiне көзiн жеткiзуге;
      2) чек кiтапшасының мұқабасының мына деректер көрсетiлген немесе қойылған сыртқы бетiн толтыруға:
      чек берушiнiң аты-жөнi немесе атауы;
      чек берушінің (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
      чек берушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
      чек берушiнiң банкiнiң бірегейлендірілген банктiк коды;
      чек бланктерiнiң нөмiрлерi (нөмiрден нөмiрге дейiн);
      чек кiтапшасының қолданылу мерзiмi және чек кітапшасының сомасы (егер олар анықталса);
      чек кiтапшасының берiлу күнi;
      уәкiлеттi адамдардың қолы және чек берушiнiң банкiнiң мөрi (қолма-қол жасалмайтын төлемді жүзеге асыру мақсатында чек кітапшасын берген кезде) немесе жауапты адамның қолы және чек берушінің банкінің мөртабаны (қолма-қол ақша алу мақсатында чек кітапшасын берген кезде);
      3) чек кiтапшасының әрбiр бланкiне мөртабанмен көрсетiп:
      чек берушiнiң банкiнiң банктiк бірегейлендірілген кодын және оның атауын қоюға;
      чек берушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірін қоюға.
      Чек берушінің банкі чек кітапшасының сырт жағын толтыру тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы.
      4) чек берушiнiң (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек берушi чек кiтапшасына ие болуға уәкiлеттiк берген адамның қолының және мөрдiң бедерiнiң (заңды тұлғалар үшiн) үлгiлерi бар құжатты қабылдауға;
      5) чек кiтапшаларын тiркеу журналына тиiстi жазбалар жасауға;
      6) чектердi пайдалану туралы шартта чек кiтапшасын ресiмдеген кезде чек берушiнiң банкiнiң уәкiлеттi адамының басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2011.07.01 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.03.26 № 108 (2-тармақты қараңыз) Қаулыларымен.

      19. Чектердi пайдалану туралы шартта көзделген жағдайларда бiр мезгiлде бiрнеше чек кiтапшаларын беруге рұқсат етiледi. 

      20. Банктердiң филиалдары чек кiтапшаларын өздерiнiң клиенттерi үшiн банк белгiлеген тәртiппен алады. 

4-тарау. Төлемдер және чектердi пайдалануға
байланысты басқа операциялар

        21. Чек берушi - заңды тұлғалар жазып беретiн чектерге чек кiтапшасына ие болуға уәкiлеттi адамдар қол қояды және оларда чек берушiнiң мөрiнiң бедерi болуға тиiс. 

      22. Чек ұстаушы чектi төлеуге қабылдап тұрып чектiң "чектi төлеуге қабылдау туралы чек ұстаушының белгiсi" деген бағанына және оның түбiртегiне тегiн, толық есiмi мен әкесiнiң есiмiн, сондай-ақ қолын (жеке тұлғалар үшiн) немесе мөртаңбасын немесе чек ұстаушының атауы көрсетiлген мөрiн және чек ұстаушы уәкiлеттiк берген адамның қолын (заңды тұлғалар үшiн) қояды. 

      23. Чек беруші чек берген кезде осы Ереженiң 5-тармағының 12) және 14) тармақшаларында көзделген деректемелердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес қоятын болады. 
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасы 2000.10.13 N 390 қаулысымен.

      24. Чекте түзетулер және жөнделген жерлер болғанда чек жарамсыз деп саналады. 
      Чек бланкiн толтырған кезде чек берушi қате жiберiп қойса, онда осы бланкте және оның түбiртегiнде түгел бойынша чек берушi "Бүлінген" деп жазып, күнiн және қолын қоюға тиiс. 

      25. Чек берушi жазып берген чектi чек ұстаушыға беру үшiн түбiртегiнен айырады, чек ұстаушы егер ол сонымен қатар чек беруші болып саналмаса, чектiң дұрыс толтырылғанын тексеруге (түзетулер мен жөнделген жерлерiнiң iзi болған-болмағаны, чек деректемелерiнiң дұрыс толтырылуы, чек түбiртегiндегi шығарылған қалдықтың дұрыстығы, чек түбiртектерiнің нумерациясы тексерiледi), жеке куәлiк немесе оның орнындағы құжат бойынша чек жазып берген адамның жеке басының кiм екенiне көз жеткiзуге, чек берген адамның қолын чек кiтапшасының мұқабасының сыртқы бетiндегi қолдың үлгiсiмен салыстырып тексеруге тиiс.
      Ескерту: 25-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002.05.13 N 169 қаулысымен.

      26. Чектi чек ұстаушы оны жазып берген күнi қабылдап алады. 
      Чек ұстаушы чектi чек берушiнiң банкiне немесе чек ұстаушының банкiне ұсынады. 
      Чектiң қолданылу мерзiмi оны жазып берген күндi санамағанда жазып берген күннен бастап күнтiзбелiк 10 күн болады. 

      27. Чек ұстаушы чек бойынша iшiнара төлемнен бас тартуға құқылы. 
      Чек бойынша iшiнара төлем жасаған жағдайда чек ұстаушының банкi немесе чек берушiнiң банкi осындай төлем туралы чекте белгi жазып, чек ұстаушыға чек бойынша соманың қалдығына қолхат беруге тиiс. 

      28. Чек берушiнiң банкi немесе чек ұстаушының банкi чектi төлеуге ұсынғанда чек ұстаушыдан осы чектi және ақша алғаны туралы қолхатты талап етуге тиiс (қолма-қол ақша берген жағдайда). 

      29. Чек ұстаушының банкiне немесе чек берушiнiң банкiне ұсынылған чектердi уәкiлеттi адамдар олардың деректемелерiн дұрыс толтырылуы және олардың қолданылу мерзiмiнiң сақталуы жөнiнде тексередi. 

      30. Чек ұстаушының банкi немесе чек берушiнiң банкi төмендегi себептерге байланысты чектi қабылдаудан бас тарта алады:
      1) жазумен жазылған сома санмен жазылған сомамен сәйкеспейдi;
      2) чектiң қолданылу мерзiмi өтiп кеткен;
      3) чекте түзетпелер және/немесе тазартылған жерлер бар;
      4) чектегi жазу мен сияның түсiнде айтарлықтай айырмашылық бар;
      5) чекте бiр немесе бiрнеше қорғалу дәрежесi жоқ;
      6) чекте чек деректерiн көрсетуде қателер бар;
      7) чектегi қойылған қол мен құжаттағы чек берушiнiң қойған қолының үлгiсi (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек берушi чек кiтапшасына иелiк етуге уәкiлеттiк берген адамның қолының үлгiсi және чек берушiнiң мөр бедерiнiң сәйкеспей қалуы;
      8) жабатын соманың (жабылған чектер бойынша жетпейтiндiгi кредит сомасының асып кетуi (жабылмаған чектер бойынша) немесе кепiлдiк сомасының асып кетуi (кепiлдiгi бар чектер бойынша);
      9) жалған немесе ақауы бар чектiң табылуы;
      10) чектердi пайдалану туралы шарттарда көзделген басқа себептер.

      31. Чек берушi жеке тұлғаның дәрменсiздiгi немесе өлiп қалуы сондай-ақ чек берушi - заңды тұлғаның чек жазып берiлгеннен кейiн таратылуы немесе қайта құрылуы чектiң жарамсыз болып қалуына апарып соқпайды.

      32. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзып жазып берiлген, сондай-ақ деректемелерiн толтырғанда қателер немесе/және түзетулер жiберiлген чек ақауы бар деп танылады және оларды банктер қабылдамайды.
      Ақауы бар чектер чек ұстаушыға қолхатпен қайтарылады.

      33. Чек жалған чек деп саналады, егер:
      1) төленуге ұсынылған чек осы чекте көрсетiлген банк бермеген чек кiтапшасынан жазып берiлсе;
      2) бланкi осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе;
      3) чек берушiнiң немесе чек берушi уәкiлеттiк берген адамның қойған қолы құжаттағы чек берушiнiң қойған қолының үлгiсiмен (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек берушi чек кiтапшасына ие болуға уәкiлеттiк берген адамның қойған қолының үлгiсiмен бiрдей болмаса;
      4) чек берушiнiң мөрiнiң бедерi (егер бар болса) құжаттағы чек берушiнiң мөрiнiң (заңды тұлғалар үшiн) бедерiнiң үлгiлерiмен сәйкеспесе.

      34. Жасанды немесе ақауы бар чек табылған жағдайда банктiң уәкiлеттiгi бар адамы бұл туралы банктiң бас бухгалтерiне сол заматта жеткiзуге мiндеттi.
      Бас бухгалтер чектердiң клирингi бойынша таза позицияларды шығарғанға дейiн телефон немесе факсимиль байланыс құралдары арқылы Клиринг палатасына жалған немесе ақауы бар чектердiң табылғаны туралы дереу хабарлауға тиiс, хабарлағанда осындай чектердiң деректемелерiн және олардың Клиринг палатасына тапсырылған жазбаша тiзбесiн көрсетедi.
      Клиринг палатасы банктен жоғарыда көрсетiлген хабарды алысымен аталған чектер бойынша ақпаратты өңдеу процесiн сол заматта тоқтата тұруға мiндеттi.

      35. Банктiң жалған немесе ақауы бар чектi тауып алған уәкiлеттi адамы банктiң бас бухгалтерiмен бiрге жалған немесе ақауы бар чектi анықтағаны туралы акт жасайды.
      Жалған немесе ақауы бар чектiң табылғандығы туралы акт осы ережеге N 1 қосымшада көрсетiлген үлгi бойынша төрт дана етiп жасалады және оны банктiң немесе оның филиалының басшылығы бекiтедi.

      36. Жалған чек немесе жалған чектiң табылғандығы туралы акттiң екiншi данасы тез арада iшкi iстер органына тапсырылуға тиiс.
      Тапсырарда жалған чектiң көшiрмесi алынады, көшiрме сыртқы бетiнде анықтау немесе тергеу органдарының уәкiлеттi лауазымды адамының қолымен куәландырылады.

      37. Жалған чек табылған күнi жалған чектiң табылғандығы туралы акттiң үшiншi данасы сол күннiң қорытындысы бойынша ақпаратты есептемеу үшiн Клиринг палатасына жiберiледi.

      38. Жалған чектiң куәландырылған көшiрмесi және жалған чектiң табылғандығы туралы акттiң төртiншi данасы чек берушiнiң банкiне (Клиринг палатасы арқылы) жалған чек табылған күннiң ертеңiнен кешiктiрiлмей тапсырылуға тиiс.

      39. Ақауы бар чектiң табылғандығы туралы акттiң екiншi данасы алдыңғы күннiң қорытындысы бойынша ақпаратты есептемеу үшiн Клиринг палатасына жiберiлуге тиiс.

      40. Ақауы бар чек ақауы бар чектiң табылғандығы туралы акттiң үшiншi және төртiншi даналарымен бiрге жалған чек табылған күннiң ертеңiнен кешiктiрiлмей чек ұстаушының банкiне немесе чек ұстаушының өзiне (Клиринг палатасы арқылы) қайтарылуға тиiс. 

      41. Чек ұстаушының банкi немесе чек ұстаушы қайтарылатын ақауы бар чектер мен жалған чектердiң көшiрмелерiн қоса тiркелген актiлерiмен бiрге қабылдауға мiндеттi. 

      42. Чек кiтапшасының қолданылу мерзiмi өтiп кетуiне байланысты пайдаланылмаған әрбiр чекке чек берушi "Өтелген" деп жазуға және чек кiтапшасын чек берушiнiң банкiне қайтып беруге мiндеттi. 

      43. Чек кiтапшасының қолданылу мерзiмi бiтер кезде немесе чек берушi чектердi пайдаланып одан әрi операция жүргiзудi тоқтатарда чек кiтапшасындағы сома бойынша қалдық қалса, ол оларды чек берушiнiң банкiне тапсыруға мiндеттi, жабатын соманың қолда бар қалдығын банк чек берушiге қайтаруға тиiс, ал соңғысы чек кiтапшасын қайтаруға тиiс.

      44. Чектердi пайдалану туралы шартта көзделген жағдайда чек кiтапшасындағы соманың қалдығын баланстық шотта сақтауға және жаңа чек кiтапшасының сомасын белгiлегенде есептеуге болады.

      45. Чек кiтапшасын қайтарғанда немесе толық пайдаланғанда чек кiтапшаларын тiркеу журналында тиiстi белгi жасалады.
      Чектердi толық пайдаланғанда чек кiтапшасының сомасы сарқылмаған жағдайда, егер чектердi пайдалану туралы шартта көзделген болса, клиентке соманың қалдығына жаңа чек кiтапшасын беруге болады.

      46. Чек кiтапшасы жоғалған жағдайда чек берушi бұл туралы чектердiң пайдаланылмаған нөмiрлерiн көрсете отырып чек берушiнiң банкiне тез арада хабар беруге мiндеттi.
      Мұндай чектердiң деректемелерiн чек берушiнiң банкi басқа банктердiң (олардың клиенттерiне хабарлау үшiн) және Клиринг палатасының назарына жеткiзуге тиiс.

5-тарау. Клиринг палатасында чек клирингiн
жүзеге асыру тәртiбi

      47. Клиринг палатасында чектердiң Негiзгi және Алғашқы клирингi жүзеге асырылады.

      48. Чектердiң Негiзгi клирингiн клиринг залында чектердiң Негiзгi клирингiне қатысатын банктер күн сайын жүзеге асырады.

      49. Күн сайын чектердiң Негiзгi клирингiн өткiзгенге дейiн банктер чектердi чек берушi - банктерге таңдап бөледi, тапсырылған чектердiң жазбаша Тiзбесiн толтырады (бұдан әрi - Тiзбе), Тiзбеде чектердiң деректемелерi мен олардың сомалары көрсетiледi.

      50. Саналған чектер мен оларға қоса тiркелетiн есептеу таспалары чектердiң Негiзгi клирингiне қатысатын әрбiр банк үшiн жеке-жеке пакеттерге салынады. 
      Пакетте чек берушiнiң банкiнiң нөмiрi, құжаттар саны, жалпы сома, күнi және чек ұстаушының банкiнiң қолы көрсетiледi. 
      Чек берушiнiң банкiне қайтарылатын ақауы бар чектер және жалған чектердiң көшiрмелерi Тiзбеге қосылмайды, жалған (ақауы бар) чектi анықтау туралы акт бойынша тапсырылады. 

      51. Тiзбе чек берушiнiң әрбiр банкiне үш данада толтырылады (бiрiншi данасы Клиринг палатасы үшiн, екiншiсi чек берушi банктiң өкiлi үшiн, үшiншiсi чек ұстаушының банкi үшiн). 

      52. Чектердiң негiзгi клирингi мынадай реттiлiкпен жүзеге асырылады: 
      1) чектердiң клирингiне қатысатын банктердiң тiркелуi; 
      2) чектердiң клирингiне қатысатын банктердiң өкiлдерi өздерiне сайланған орындарға жайғасады; 
      3) чектердiң негiзгi клирингiне қатысатын банктердiң өкiлдерi пакет алмасады және өздерiнiң қолын қойып Тiзбелердi және жалған (ақау бар) чектердi анықтау туралы актiлердi куәландырады; 
      4) чектердiң негiзгi клирингiне қатысатын банктердiң өкілдерi Клиринг палатасының қызметкерлерiне чектердi және жалған (ақау бар) чектердi анықтау туралы актiлердi тапсырған және қабылдап алған банктердiң өкiлдерi қолдарын қойып куәландырған Тiзбелердi тапсырады;
      5) қатысушы - банктердiң өкiлдерiнiң құжаттар алмасуды аяқтауы;
      6) Клиринг палатасы қызметкерлерiнiң чектермен алмасудың қорытындысын шығаруы, чектердiң негiзгi клирингiне қатысушы банктердiң таза позицияларын анықтау;
      7) "Чектердiң клирингiсiнiң нәтижесi" деген клиринг есебiн толтыру, ол есепке Клиринг палатасының уәкiлеттi адамдары қолдарын қойып, мөр басады.

      53. Клиринг палатасының қатысуынсыз мүдделi банктер Алғашқы клиринг өткiзедi, бұл клиринг Негiзгi клирингтiң қасында қосымша клиринг деп саналады. 
      Негiзгi клирингтiң жұмысы басталғанға дейiн чектердiң бiр бөлiгiн алдын ала өзара алу және тапсыру негiзiнде банктер арасында өткiзiлетiн клиринг Алғашқы клиринг деп саналады. Чектердiң алғашқы клирингiне қатысатын банктер Клиринг палатасында алдын ала Негiзгi клиринг басталғанға дейiн өзара чектермен алмасады, ал Клиринг палатасына Тiзбелер әкелiнедi, солардың негiзiнде чектердiң Алғашқы клирингiне қатысатын банктердiң таза позициясы есептеп шығарылады. Чектердiң Алғашқы клирингiне қатысқан банктердiң таза позициялары чектердiң Негiзгi клирингiнiң нәтижесiне қосылады.

6-тарау. Жауапкершілік

        54. Чектер тиісінше пайдаланылмаған жағдайда, чек кітапшасын немесе жекелеген толтырылмаған чектерді басқа адамға беру, жоғалту немесе ұрлату, сондай-ақ чек беруші - заңды тұлға чектерге қол қоюға уәкілеттік берген адамдар тарапынан қызметті теріс пайдалану салдарынан зиян шеккенде, чектерді пайдалану туралы шартта басқа нәрсе ескерілмеген болса, чек беруші жауап береді. 

      55. Чектерді пайдалану ережесін бұзуға жол беретін немесе төлеуге қабілетсіз адамдар банктің жекелеген тізімдерінде ескеріліп, басқа банктер мен Клиринг палатасының назарына жеткізілуге тиіс. 

      56. Чек берушінің банкінің чек беруші жіберген заң бұзушылық үшін чек кітапшасын есептемеу туралы шешімі чектерді пайдалану туралы шартта көзделген тәртіппен оның назарына жеткізіледі.
      Хабарламаны алысымен чек беруші дәл сол күні чек жазып беруді тоқтатуға және хабарламаны алғаннан кейін 3 күннен кешіктірмей чек берушінің банкіне чек кітапшасын пайдаланылмаған чектермен бірге қайтаруға міндетті.

      57. Жоғалған чек кітапшасының тиісті түрде ресімделген чектерін төлегені үшін, егер жоғалғаны туралы банкке уақтылы хабар берілмесе, банк жауап бермейді.

      58. Егер чектерді пайдалану туралы шартта басқа нәрсе көзделмеген болса, чектің қателесіп қайтарылғаны үшін осы қателікті жіберген банк жауап береді.

      59. Жалған чек жасағаны немесе сатып өткізгені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        1998 жылғы 5 желтоқсандағы
                                        N 266 қаулысымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасының
                                        аумағында чектерді қолдану
                                        туралы Ережеге
                                        N 1 Қосымша

                                               "Бекітемін"
                                           Банктің бас бухгалтері
                                           ______________________
                                                    (қолы)

      ___________ қаласы                  "___"__________199___ж.

              Жалған (ақаулы) чектердің анықталғаны туралы
                          (керексізі сызылсын)
                               Акт

      Біз, төменде қол қоюшылар ____________________________________
               (банктің жалған (ақаулы) чектерді анықтаған уәкілетті
____________________________________________________________________
  адамының лауазымы мен банктің бас бухгалтерінің аты-жөндері
____________________сомаға жазылған, 199___ жылғы "____"____________
чек ұстаушының аты-жөні)
      банк Клиринг палатасына өткізген N ____ чекті тексеру кезінде
байқалған___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________ туралы осы актіні жасадық,
осыған байланысты көрсетілген чек төлемге қабылданбайды.

_________________                       ____________________
     (қолы)                                   (қолы)

      Жалған чек _____________ Ішкі істер бөліміне өткізілді. Чектің
көшірмесі 199__ жылғы "___"___________ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Клиринг палатасындағы банктің өкілі __________ қайтарылды.

     Өткізген ________             Қабылдап алған __________

     Клиринг палатасының белгісі _____________

                                       М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады