"Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 15 қараша N 91. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 желтоқсан N 1343 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың тәуекелдерiн төмендету мақсатында және рейтингтiк агенттiк атауының өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының  6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасының және 51-бабының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағы, 1998 жыл, II том, 241-бет; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 2(3), 17-бет; N 7(8), 9, 10, 12-беттер; N 8(10) 16-бет; 2000 ж., N 1(2), 9-бет; N 5(10), 7-бет):
      3-2-тармағында:
      1) 1) тармақшасындағы "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
      2) 2) тармақшасындағы "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
      3) 3) тармақшасында:
      "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
      "("Мооdу's" жiктеуi бойынша)" деген сөздерден кейiн ", осы бағалы қағаздардың Ұлттық комиссия Директоратының келiсуiмен зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген шартымен" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және кастодиан - банктердiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.    

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

О внесении изменений и дополнения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" от 13 августа 1998 года N 11

Постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 ноября 2000 года N 91. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28.12.2000 г. за N 1343. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июля 2003 года N 264 (V032484)

      В целях снижения рисков компаний по управлению пенсионными активами при размещении пенсионных активов в негосударственные ценные бумаги иностранных эмитентов и в связи с изменением наименования рейтингового агентства, на основании подпункта 9) пункта 2 статьи 6 и статьи 51 Закона Республики Казахстан Z970136_  "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" от 20 июня 1997 года Национальная комиссия Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемая "Национальная комиссия") постановляет:
      1. Внести следующие изменения и дополнение в постановление Национальной комиссии V980642_  "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" от 13 августа 1998 года N 11:
      в Правилах осуществления инвестиционной деятельности компаниями по управлению пенсионными активами, утвержденных вышеуказанным постановлением и зарегистрированных Министерством юстиции Республики Казахстан 12 ноября 1998 года за N 642 V980642_  (Сборник нормативных актов по рынку ценных бумаг в Республике Казахстан, т.II, 1998 г., с.241; "Рынок и право". Приложение к ж. "Рынок ценных бумаг Казахстана", 1999 г., N 2(3), с.17; N 7(8), с.9, 10, 12; N 8(10), с.16; 2000 г., N 1(2), с.9; N 5(10), с.7):
      в пункте 3-2:
      1) в подпункте 1) слова "Fitch IBCA" заменить словами "Fitch IВСА, Duff & Рhеlрs";
      2) в подпункте 2) слова "Fitch IBCA" заменить словами "Fitch IВСА, Duff & Рhеlрs";
      3) в подпункте 3):
      слова "Fitch IBCA" заменить словами "Fitch IВСА, Duff & Рhеlрs";
      после слов "(по классификации "Moody's")" дополнить словами ", при условии, что данные ценные бумаги разрешены Директоратом Национальной комиссии к приобретению за счет пенсионных активов".
      2. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие с даты регистрации его Министерством юстиции Республики Казахстан.
      3. Отделу пенсионной реформы Управления лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) довести настоящее Постановление (после введения его в действие) до сведения Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и банков-кастодианов;
      2) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.

     Председатель
     Национальной комиссии

     Члены Комиссии