Зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың тәуекелдерiн төмендету мақсатында және рейтингтiк агенттiк атауының өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
заңының
6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасының және 51-бабының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағы, 1998 жыл, II том, 241-бет; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 2(3), 17-бет; N 7(8), 9, 10, 12-беттер; N 8(10) 16-бет; 2000 ж., N 1(2), 9-бет; N 5(10), 7-бет):
3-2-тармағында:
1) 1) тармақшасындағы "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
2) 2) тармақшасындағы "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
3) 3) тармақшасында:
"Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
"("Мооdу's" жiктеуi бойынша)" деген сөздерден кейiн ", осы бағалы қағаздардың Ұлттық комиссия Директоратының келiсуiмен зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген шартымен" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және кастодиан - банктердiң назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері