1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне: бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде: "12.1.215.36.34 Павлодар-Көкшетау автожолының бөлігінде "Астана қаласының солтүстік айналма жолы" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "12.1.215.36.35 Астана-Бурабай автомобиль жолының учаскесін жаңарту". 2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.