Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 8,11 баптарына сәйкес, Степногорск қаласы мен Аршалы, Атбасар, Ерейментау, Сандықтау, Целиноград және Щучье аудандарының әкімдері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдерінің негізінде, облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті: - Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты мына елді-мекендер таратылсын және есептік мәліметтерден шығарылсын: Степногорск қаласы бойынша: Жантөбе поселкесі; Аршалы ауданы бойынша: Аршалы поселкелік округінің Ақбұлақ селосы; Атбасар ауданы бойынша: Сергеев селолық округінің Ерікті селосы; Южный селолық округінің Ақсу селосы; Южный селолық округінің Күбігүл селосы; Южный селолық округінің Ладыженское АҚП; Сочинское селолық округінің Тереңсай селосы; Сочинское селолық округінің Көкпекті селосы; Ерейментау ауданы бойынша: Изобилненское селолық округінің Жалын селосы; Новомарковка селолық округінің Қаражар селосы; Павловка селолық округінің Қусақ селосы; Сандықтау ауданы бойынша: Лесной селолық округінің Каховка селосы; Хлебный селолық округінің Барақкөл станциясы; Сандықтау селолық округінің балалар үйі қосалқы шаруашылығы; Целиноград ауданы бойынша: Воздвиженское селолық округінің Литовка селосы; Воздвиженское селолық округінің Островное селосы; Щучье ауданы бойынша: Успено-Юрьевка селолық округінің Подстанциясы. Сессия төрайымы Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың хатшысы Оқығандар: Е.Синявская