Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолар", "селосы" сөздері "ауылдар", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 4) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкiмi Шешім етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Мұғалжар ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Мұғалжар ауданындағы:
Шевченко ауылы Көтiбар батыр ауылы;
Золотонош ауылы Елек ауылы;
Восток ауылы Көктөбе ауылы.
Мектеп атаулары:
Шевченко орталау мектебi Көтiбар батыр орталау мектебi;
Золотонош орталау мектебi Елек орталау мектебi;
Восток орталау мектебi Көктөбе орталау мектебi болып атаулары өзгертiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы мемлекеттiк ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылсын.
Облыстық Мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс Әкiмi |