Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы

Қызылорда облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 14 қарашада № 427 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 15.02.2007 № 61 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 "Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" қаулысын жүзеге асыру және жергілікті мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Консультативтік-кеңесші орган ретінде облыс әкімі жанынан Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі - кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған кеңестің ережесі мен құрамы бекітілсін.

      С. НҰРҒИСАЕВ

  Қызылорда облысы әкімінің
  2000 жылғы 25 қыркүйектегі
  № 319 шешімімен бекітілген

Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің

ҚҰРАМЫ

      Ерімбетов Нұрлан Кенжебекүлы - облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы

      -кеңес хатшысы

      Кеңес мүшелері:

      Әуезов Әбілда Ерғалиұлы -Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілі, облыстың бас имамы (келісім бойынша)

      Виталий әкей (Ивашинин Виталий Александрович) - "Казанская Икона Божьей Матери" православие шіркеуінің настоятелі (келісім бойынша)

      Жәнібеков Жұмабай - облыстық білім департаментінің бөлім меңгерушісі

      Жұмабаев Асылбек Теңелұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы

      Қазанғапов Серік Өтеуліүлы - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары

      Қожамжаров Темірболат Жанайдарұлы - облыс прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры

      Мырзабекұлы Толысбек -облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары

      Омаров Тоқшылық - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымының кандидаты

      Сағымбайүлы Кемалбек -Қазақстан халықтары облыстық Ассамблеясы атқару хатшылығының меңгерушісі

  Қызылорда облысы әкімінің
  2000 жылғы 25 қыркүйекте
  N 319 шешімімен бекітілген

Қызылорда облысы әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қызылорда облысы әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, жоғарғы органдардың актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңес өз қызметін облыстың мемлекеттік органдарымен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып атқарады.

      4. Кеңес өз шешімдерін ұсынымдық сипатта шығарады.

2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары

      5. Кеңестің мақсаты - облыс азаматтарының дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни келісімді нығайту, конфессия аралық қатынастар үйлесімі мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып саналады.

      6. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:

      1) облыстағы діни ахуалды және оның даму барысын жан-жақты зерттеп, әділ қорытындылар шығарып тұру, талдау жасау;

      2) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      3) облыстағы діни ахуаддың жай-күйі және дін ұстану бостандығы туралы Заңның сақталуы туралы мемлекеттік органдарды хабардар етіп тұру;

      4) облыста тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;

      5) діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтік көмек көрсету болып табылады.

      7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай қызметтер атқарады:

      1) азаматтардың дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл қүқықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;

      2) облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің және шетел миссионерлерінің қызметін зерттеуді жүзеге асырады, олар туралы деректер жинастырады;

      3) ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады;

      4) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік жұмысты орындайды;

      5) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай бұл үшін тиісті мамандарды тартады;

      6) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі

      8. Кеңесті Қызылорда облысы әкімі орынбасарларының бірі басқарады.

      9. Кеңестің мәжілістері үш айда кемінде бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.

      10. Кеңес мәжілісі оның жұмысына кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, занды болып есептеледі. Кеңестің шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:

      1) мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан Кеңес құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға;

      2) облыс әкімі аппараты мен жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сарапшылар мен мамандарды құжаттар әзірлеуге тартуға;

      4) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) Кеңес қүзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      6) Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беруге;

      7) Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      12. Кеңестің төрағасын, хатшысын және мүшелерін облыс әкімі бекітеді.

      13. Төраға болмағанда оның функциялары Кеңес хатшысына жүктеледі.

      14. Кеңес хатшысы Кеңес хатшылығы қызметіне басшылық жасайды.

      15. Кеңес облыстағы жетекші конфессиялар басшылары, дінтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері қатарынан құрылады. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.

      16. Кеңес қызметін ұйымдық-талдамалық қамтамасыз етуді оның жұмысшы органы ретінде Кеңес хатшылығы жүзеге асырады.

      17. Кеңес хатшылығы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Кеңес қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      2) Кеңес мәжілісінде қабылданатын және оның төрағасын бекітетін жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды Кеңестің қарауына енгізеді;

      3) Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін жасайды;

      4) Кеңес мәжілістерінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады, істі жүргізеді;

      5) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

О создании совета по связям с религиозными объединениями при акиме области

Решение акима Кызылординской области от 25 сентября 2000 года № 319. Зарегистрировано Управлением юстиции Кызылординской области 14 ноября 2000 года № 427. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 15 февраля 2007 года № 61

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 15.02.2007 № 61.

      В целях выполнения Постановления Правительства Республики Казахстан № 683 от 6 мая 2000 года "О создании совета по связям с религиозными объединениями" и обеспечения конструктивного взаимодействия местных государственных органов с религиозными объединениями РЕШИЛ:

      1. Создать совет по связям с религиозными объединениями (далее - совет) как консультативно - совещательный орган при акиме области.

      2. Утвердить прилагаемые положение и состав совета.

      С. НУРГИСАЕВ

  Утвержден
  решением акима области
  № 319 от "25" сентября 2000 года

СОСТАВ

совета по связям с религиозными объединениями при акиме области Кызылординской области

      Еримбетов Нурлан Кенжебекович - заместитель акима области, председатель совета

      -секретарь совета

      Члены совета:

      Ауезов Абилда Ергалиулы - представитель Духовного управления мусульман Казахстана, главный имам области (по согласованию)

      Отец Виталий (Ивашинин Виталий Александрович) - настоятель православной церкви "Казанская Икона Божьей Матери" (по согласованию)

      Жанибеков Жумабай - начальник отдела областного департамента образования

      Жумабаев Асылбек Тенелович - начальник областного управления информации и общественного согласия

      Казангапов Серик - заместитель начальника областного управления юстиции

      Кожамжаров Темирболат Жанайдарулы - заместитель прокурора области (по согласованию)

      Кудайбергенов Казыбай - проректор по научной работе Кызылординского государственного университета им. Коркыт Ата

      Мырзабеков Толысбек - заместитель начальника областного управления внутренних дел

      Омаров Токшылык - доцент Кызылординского государственного университета им. Коркыт Ата, кандидат философских наук

      Сагымбайулы Кемалбек - заведующй исполнительным секретариатом областной Ассамблеи народов Казахстана

  Утверждено
  решением акима области
  от "25" сентября 2000 года

ПОЛОЖЕНИЕ

о Совете по связям с религиозными объединениями при акиме Кызылординской области

1. Общие положения

      1. Совет по связям с религиозными объединениями (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом при акиме области.

      2. В своей деятельности Совет руководствуется Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Совет осуществляет свою деятельность во взаимодействии с государственными органами, религиозными, иными общественными объединениями республики, а также международными организациями.

      4. Решения Совета носят рекомендательный характер.

2. Цель, задачи и функции Совета

      5. Целью Совета является выработка предложений и рекомендаций по вопросам государственной политики в области обеспечения прав граждан Республики Казахстан на свободу вероисповедания, укрепления духовного согласия в обществе и гармонизации межконфессиональных отношений.

      6. Основными задачами Совета являются:

      1) всестороннее и объективное изучение, обобщение и анализ религиозной обстановки в области и тенденции ее развития;

      2) разработка предложений по осуществлению государственной политики в области обеспечения прав граждан на свободу вероисповедания:

      3) информирование государственных органов о состоянии религиозной обстановки в области и соблюдении законодательства о свободе вероисповедания;

      4) формирование информационного банка данных о религиозных объединениях, зарегистрированных в области;

      5) укрепление взаимопонимания и терпимости между религиозными объединениями и оказание им консультативной помощи в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Совет в соответствии с возложенными на него задачами в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) участвует в формировании основных направлений государственной политики в области обеспечения прав граждан на свободу вероисповедания и взаимодействия с религиозными объединениями;

      2) осуществляет изучение деятельности созданных на территории области религиозных объединений и иностранных миссионеров, формирует банк данных о них;

      3) осуществляет информационно-пропагандистские мероприятия;

      4) обеспечивает проведение религиоведческих экспертиз, при необходимости привлекает для этого соответствующих специалистов;

      5) проводит консультативную работу по вопросам государственной политики в области обеспечения прав граждан на свободу вероисповедания;

      6) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности и порядок работы Совета

      7. Совет возглавляет один из заместителей акима области.

      8. Заседания Совета проводятся не реже одного раза в три месяца. Внеочередное заседание Совета созывается председателем Совета по собственной инициативе или по просьбе не менее трети от общего числа членов Совета.

      9. Заседание Совета считается правомочным, если в его работе принимает участие не менее двух третей от общего числа членов Совета. Решение Совета принимаются большинством голосов от общего числа членов Совета, принявших участие в заседании. При равенстве голосов голос председателя Совета является решающим.

      10. Для проработки вопросов, подготовки заседаний, проведение экспертных и аналитических работ Совет может создавать рабочие группы, действующие под руководством одного из членов Совета.

      11. Совет для осуществления возложенных на него задач имеет право в установленном законодательством порядке:

      1) запрашивать от государственных органов, религиозных организаций и физических лиц необходимую информацию по вопросам, входящим в компетенцию Совета;

      2) пользоваться информационными банками данных аппарата акима области и местных государственных органов;

      3) привлекать к разработке документов научные организации, независимых экспертов и специалистов в установленном законодательством порядке;

      4) вносить предложения по запрещению деятельности религиозных объединений и иностранных миссионеров, нарушающих законодательство республики в области обеспечения прав граждан на свободу вероисповедания;

      5) участвовать в разработке проектов нормативных правовых актов, касающихся вопросов компетенции Совета;

      6) давать официальные разъяснения по вопросам, относящимся к компетенции Совета;

      7) осуществлять иные полномочия в соответствии с законодательством.

4. Обеспечение деятельности Совета

      12. Председатель, секретарь и члены Совета утверждаются акимом области.

      13. В отсутствие председателя его функции возлагаются на секретаря Совета.

      14. Секретарь Совета осуществляет руководство деятельностью секретариата Совета.

      15. Совет формируется из числа лидеров ведущих конфессий, ученых религиоведов, работников органов государственного управления, представителей общественных объединений. Члены Совета осуществляют свои обязанности на общественных началах.

      16. Организационно-аналитическое обеспечение деятельности Совета осуществляет секретариат Совета, являющийся его рабочим органом.

      17. Секретариат Совета для выполнения возложенных на него задач в установленном законодательством порядке:

      1) осуществляет организационное, информационно-аналитическое, методическое и иное обеспечение деятельности Совета;

      2) вносит на рассмотрение Совета предложения по плану работы, который принимается на заседании Совета и утверждается ее председателем;

      3) формирует повестки дня заседаний Совета;

      4) готовит отчет о деятельности Совета;

      5) готовит работу заседаний Совета, организует взаимодействие членов Совета, ведет делопроизводство;

      6) осуществляет иные полномочия.