Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.06.2016 № 480 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы №683 және 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 871 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (әрі қарай - кеңес) құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Кеңес жөніндегі ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Облыс әкімінің кейбір шешімдерінің 3-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М. Әбеновке жүктелсін.
ОБЛЫС ӘКІМІ | М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД |
"Келісілді": |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2007 жылғы 15 ақпандағы | |
№61 қаулысына 1-қосымша |
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
Әбенов Мұрат Әбдуламитұлы | - | облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы |
Бәкішева Ирина Жұмабайқызы | - | "Қызылорда облысының әділет департаменті" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
Аймаханов Ермек Жұмажанұлы | - | "Қызылорда облысының әділет департаменті" мемлекеттік мекемесінің діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы, кеңес хатшысы (келісім бойынша); |
Кеңес мүшелері:
Алтынбеков Нұрлан Тұрғанбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің басқарма бастығы (келісім бойынша); |
Әлиев Жұмабек Төлешұлы | - | "Қызылорда облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Виталий әкей (Ивашинин Виталий Александрович) | - | "Казанская Икона Божьей матери" православие шіркеуінің настоятелі (келісім бойынша); |
Ибраева Әлия Әсембекқызы | - | "Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы; |
Камалов бақытжан Жарылқасынұлы | - | "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұлтаралық қатынастар мәселелері және Қазақстан халықтары облыстық Ассамблеясымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы; |
Қияс Нұржан Өмірзақұлы | - | Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкілі, "Айтбай" мешітінің бас имамы (келісім бойынша); |
Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы | - | Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанындағы тарих, филология және өнер ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша); |
Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы | - | Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары; |
Нәбуова Роза | - | "Қызылорда облысының білім беру департаменті" мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы; |
Омаров Тоқшылық | - | Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымының кандидаты (келісім бойынша); |
Сағымбайұлы Кемалбек | - | облыс әкімінің кеңесшісі; |
Тәжіғұлов Марат Қармысұлы | - | Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша); |
Тұңғышбаев Серікбол Қуатбайұлы | - | Қызылорда облысының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша). |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2007 жылғы 15 ақпандағы | |
№61 қаулысына 2-қосымша |
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі - кеңес) Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, жоғарғы органдардың актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметін облыстың мемлекеттік органдарымен, республикадағы діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып атқарады.
4. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
5. Кеңестің мақсаты - облыс азаматтарының дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы рухани келісімді нығайту, конфессия аралық қатынастар үйлесімі мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып саналады.
6. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
1) облыстағы діни ахуалды және оның даму барысын жан-жақты зерттеп, әділ қорытындылар шығарып тұру, талдау жасау;
2) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) облыстағы діни ахуалдың жай-күйі және дін ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы мемлекеттік органдарды хабардар етіп тұру;
4) діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтік көмек көрсету болып табылады.
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай қызметтер атқарады:
1) азаматтардың дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл құқықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік жұмысты жүргізеді.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
8. Кеңесті Қызылорда облысы әкімі орынбасарларының бірі басқарады.
9. Кеңестің мәжілістері үш айда кемінде бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
10. Кеңес мәжілісі оның жұмысына кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, занды болып есептеледі. Кеңестің шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
1) мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан Кеңес құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға;
2) облыс әкімі аппараты мен жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сарапшылар мен мамандарды құжаттар әзірлеуге тартуға;
4) азаматтардың дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) Кеңес қүзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысуға;
6) Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беруге;
7) Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
12. Кеңестің төрағасын, хатшысын және мүшелерін облыс әкімі бекітеді.
13. Төраға болмағанда оның функциялары Кеңес хатшысына жүктеледі.
14. Кеңес хатшысы Кеңес хатшылығы қызметіне басшылық жасайды.
15. Кеңес облыстағы жетекші конфессиялар басшылары, дінтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері қатарынан құрылады. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.
16. Кеңес қызметін ұйымдық-талдамалық қамтамасыз етуді оның жұмысшы органы ретінде Кеңес хатшылығы жүзеге асырады.
17. Кеңес хатшылығы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кеңес қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Кеңес мәжілісінде қабылданатын және оның төрағасын бекітетін жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды Кеңестің қарауына енгізеді;
3) Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін жасайды;
4) Кеңес мәжілістерінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады, істі жүргізеді;
5) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2007 жылғы 15 ақпандағы | |
№ 61 қаулысына 3-қосымша |
Облыс әкімінің кейбір күшін жойған шешімдерінің тізбесі
1. "Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 шешімі (мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 427 нөмірімен тіркелген).
2. "Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі №319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімінің 2003 жылғы 29 қарашадағы 592 шешімі.
3. "Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі №319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 4 ақпандағы №57 шешімі.
4. "Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі №319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 27 тамыздағы №79 шешімі.
5. "Облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі №319 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы №84 шешімі.