Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын орындауға негізделіп қабылданған Республика Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық мекеме, ұйым басшылары, бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына жауапты ретінде олардың орындалуы жайлы жылына екі рет (15.07., 15.01.) облыс әкіміне есеп берсін.
3. Облыстық прокуратураға (Б.Асқаров), Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне (С.Орымбаев), көлік прокуратурасына (Ж.Жанұзақов) бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты облыс әкіміне сол мерзімде беру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.
С. НҰРҒИСАЕВ |