Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 "Бюджеттік жүйе туралы" және 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-1 "Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу мен қарыз туралы" зандарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалар тізбесі бекітілсін:
1) Қызылорда қаласының жылу, энергия көздері мен тұрғын үйлері секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай және газ кеніштерінің газын пайдалануға көшіру жобасы;
2) Қызылорда қаласы бойындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір салу жобасы;
3) Облыс әкімінің тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;
4) Облыс әкімінің ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қызметін тұрақтандыру, реттеу және дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;
2. Жобаларды қаржыландыру қөздерінің бірі болып Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 131-ІІ "2001 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органының қарыз алуының жиынтық лимиті шегінде облыс әкімінің тартып отырған қарыз қаражаттары белгіленсін.
3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш. Төребаевқа жүктелсін.
С. НҰРҒИСАЕВ |