Қызылорда облысының жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкiмiнің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 379 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2001 жылғы 16 қаңтарда № 541 болып тiркелдi. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 "Бюджеттік жүйе туралы" және 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-1 "Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу мен қарыз туралы" зандарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалар тізбесі бекітілсін:

      1) Қызылорда қаласының жылу, энергия көздері мен тұрғын үйлері секторын Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай және газ кеніштерінің газын пайдалануға көшіру жобасы;

      2) Қызылорда қаласы бойындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір салу жобасы;

      3) Облыс әкімінің тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;

      4) Облыс әкімінің ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қызметін тұрақтандыру, реттеу және дамыту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоба;

      2. Жобаларды қаржыландыру қөздерінің бірі болып Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 131-ІІ "2001 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органының қарыз алуының жиынтық лимиті шегінде облыс әкімінің тартып отырған қарыз қаражаттары белгіленсін.

      3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш. Төребаевқа жүктелсін.

      С. НҰРҒИСАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады