Облыс ормандары, дала мен өзен аңғарлары аумақтарында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 31 шілдедегі N 184 Павлодар облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 28 тамызда N 419 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 19 шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 19 шешімімен.

      Облыс аумағында шөптiң қалың өсуiне байланысты және кең көлемдi табиғи өрттердiң пайда болуына жол бермеу мақсатында, ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Облыс бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша), Павлодар мемлекеттiк автомобиль жолдары мекемесi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Павлодар бөлiмшесi (келiсiм бойынша), облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
      1) Ресей Федерациясымен шекаралас жердегi орман алаптарының және облыс аумағы бойынша өтетiн темiр және автомобиль жолдарының бойындағы орман алқаптарының жыртылуын;
      ормандардың санитарлық тазалығын және минералдандырылған жолақтардың жаңартылуын;
      iрi азықтарды дайындауда қолданылып жүрген техниканың өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталуын қамтамасыз етсiн;
      2) өрт-химиялық станциялардың, өртке қарсы техниканың табиғи өрттi сөндiруге дайындығын арттырсын, өрттi-байқау вышкаларында, шлагбаумдарда кезекшiлiгiн күшейтсiн.
      2. Облыс бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша), облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
      1) қажет болған кезде орманға, өзен аңғарларына және өрт қаупi бар учаскелерге автокөлiктiң кiруiн шектесiн немесе толық тыйым салсын; 2) қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң жанында және ормандар мен жануарлар дүниесiн сақтау жөнiндегi мекемелерде табиғи өрттi сөндiруге жанар-жағар майлардың нормативтiк қорын құрсын; 3) тұрғындар арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтау қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарын ұйымдастырсын. 3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау облыстың өртке қарсы қызмет басқармасына (С.А. Адамжанов) жүктелсiн. Облыс әкімі
 

Об обеспечении пожарной безопасности лесов, степных и пойменных территорий области

Решение акима Павлодарской области от 31 июля 2000 г. N 184 Зарегистрировано управлением юстиции Павлодарской области 28 августа 2000 г. за N 419. Утратило силу - решением акима Павлодарской области от 19 июня 2003 года N 19.

      Сноска. Утратило силу - решением акима Павлодарской области от 19 июня 2003 года N 19.

            В связи с обилием травостоя на территории области и в целях предотвращения возникновения крупномасштабных природных пожаров, принимаю РЕШЕНИЕ:
      1. Территориальному управлению по лесу и биоресурсам по области (по согласованию), Павлодарскому государственному учреждению автомобильных дорог, Павлодарскому отделению перевозок республиканского государственного предприятия "Казахстан темир жолы" (по согласованию), акимам городов и районов области:
      1) обеспечить:
      опашку лесных массивов вдоль границы с Российской Федерацией и лесных полос вдоль железнодорожных и автомобильных дорог, проходящих по территории области;
      санитарную очистку лесов и обновление минерализованных полос; оборудование техники, занятой на заготовке грубых кормов, противопожарным инвентарем;
      2) повысить готовность пожарно-химических станций, противопожарной техники к тушению природных пожаров, усилить дежурство на пожарно-наблюдательных вышках, шлагбаумах.
      2. Территориальному управлению по лесу и биоресурсам по области (по согласованию), акимам городов и районов:
      1) при необходимости ограничивать или полностью запрещать въезд автотранспорта в лес, пойму и другие пожароопасные места; 2) создать при акимах городов, районов и в учреждениях по охране лесов и животного мира нормативные запасы горюче-смазочных материалов на случай ликвидации природных пожаров; 3) организовать разъяснительную работу среди населения через средства массовой информации о необходимости соблюдения правил пожарной безопасности. 3. Контроль за исполнением данного распоряжения возложить на начальника управления противопожарной службы области Адамжанова С.А. Аким области исп. А.Татарков