Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 19 шешімімен.
Облыс аумағында шөптiң қалың өсуiне байланысты және кең көлемдi табиғи өрттердiң пайда болуына жол бермеу мақсатында, ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Облыс бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша), Павлодар мемлекеттiк автомобиль жолдары мекемесi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Павлодар бөлiмшесi (келiсiм бойынша), облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
1) Ресей Федерациясымен шекаралас жердегi орман алаптарының және облыс аумағы бойынша өтетiн темiр және автомобиль жолдарының бойындағы орман алқаптарының жыртылуын;
ормандардың санитарлық тазалығын және минералдандырылған жолақтардың жаңартылуын;
iрi азықтарды дайындауда қолданылып жүрген техниканың өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталуын қамтамасыз етсiн;
2) өрт-химиялық станциялардың, өртке қарсы техниканың табиғи өрттi сөндiруге дайындығын арттырсын, өрттi-байқау вышкаларында, шлагбаумдарда кезекшiлiгiн күшейтсiн.
2. Облыс бойынша орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша), облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
1) қажет болған кезде орманға, өзен аңғарларына және өрт қаупi бар
учаскелерге автокөлiктiң кiруiн шектесiн немесе толық тыйым салсын; 2) қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң жанында және ормандар мен жануарлар дүниесiн сақтау жөнiндегi мекемелерде табиғи өрттi сөндiруге жанар-жағар майлардың нормативтiк қорын құрсын; 3) тұрғындар арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтау қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарын ұйымдастырсын. 3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау облыстың өртке қарсы қызмет басқармасына (С.А. Адамжанов) жүктелсiн. Облыс әкімі