1. Ақсу қаласы әкiмшiлiгi шекараларында орналасқан облыстың жер қорынан жалпы аумағы 2918 га жайылымдық шабындық телiмдер қосымшаға сәйкес бiр жыл мерзiмге Ақсу қаласының әкiмiнiң иелiгiне берiлсiн.
2. Егер тиiстi мерзiм iшiнде атқарушы орган басқадай нормативтiк құқықтық кесiм қабылдамаса, осы шешiм қабылданған уақыттан бастап бiр жыл өткеннен кейiн Ақсу қаласының әкiмi осы шешiмнiң 1-тармағына сәйкес оның қарамағына берiлген өзен аңғары телiмдерiне жыл сайын иелiк жасауға құқылы.
3. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм бойынша) жер-есеп құжаттамасына қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
4. Осы шешімнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсiн.
5. Осы шешiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Облыс әкімі
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
4 қыркүйектегі N 202 шешiмiне қосымша
Ақсу қаласы әкiмiнiң иелiгiне берiлген өзен аңғарындағы
шабындықтың аумақтары ___________________________________________________________________________ №N | Берiлетiн өзен аңғары телiмдерiнiң тұрған жерi | Шабындық р/с | | аумағы (га) ____|______________________________________________________|_______________ 1. Алғабас селолық округi 244 2. Еңбек селолық округi 800 3. Қазалы селолық округi 574 4. Құркөл селолық округi 450 5. Қызылжар селолық округi 350 6. Сарышығанақ селолық округi 500 ___________________________________________________________________________ Жиыны: 2918 ___________________________________________________________________________