Облыстың жер қорынан Ақсу қаласы әкiмiнiң иелiгiне өзен аңғары телiмдерiн беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 4 қыркүйектегі N 202 Павлодар облысының әділет басқармасында 2000 жылғы 28 қыркүйекте N 442 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жер туралы" U952717_ Жарлығының 12-бабына сәйкес және қордағы жерлердi неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Ақсу қаласы әкiмшiлiгi шекараларында орналасқан облыстың жер қорынан жалпы аумағы 2918 га жайылымдық шабындық телiмдер қосымшаға сәйкес бiр жыл мерзiмге Ақсу қаласының әкiмiнiң иелiгiне берiлсiн.
      2. Егер тиiстi мерзiм iшiнде атқарушы орган басқадай нормативтiк құқықтық кесiм қабылдамаса, осы шешiм қабылданған уақыттан бастап бiр жыл өткеннен кейiн Ақсу қаласының әкiмi осы шешiмнiң 1-тармағына сәйкес оның қарамағына берiлген өзен аңғары телiмдерiне жыл сайын иелiк жасауға құқылы.
      3. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм бойынша) жер-есеп құжаттамасына қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
      4. Осы шешімнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсiн.
      5. Осы шешiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Облыс әкімі
                                         Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы

4 қыркүйектегі N 202 шешiмiне қосымша


          Ақсу қаласы әкiмiнiң иелiгiне берiлген өзен аңғарындағы

                        шабындықтың аумақтары
___________________________________________________________________________
№N  |  Берiлетiн өзен аңғары телiмдерiнiң тұрған жерi      | Шабындық 
р/с |                                                      | аумағы (га)
____|______________________________________________________|_______________
1.     Алғабас селолық округi                                244
2.     Еңбек селолық округi                                  800
3.     Қазалы селолық округi                                 574
4.     Құркөл селолық округi                                 450
5.     Қызылжар селолық округi                               350
6.     Сарышығанақ селолық округi                            500
___________________________________________________________________________
       Жиыны:                                                2918
___________________________________________________________________________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады