Алматы қаласында "Оқу озаттары бірлестігін" құру туралы

Алматы қаласы Әкімінің шешімі 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1104. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 24 қаңтарда N 277 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 шілдедегі N 3/641 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.07.2012 N 3/641 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3002 "Дарынды балалар үшін мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Өкімі негізінде және қаладағы дарынды балалардың ойлау бейімділіктерін дамыту, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен оқушылардың қарым-қатынасын арттыру, сонымен қатар жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяның оқу озаты-оқушыларына көмек және қолдау көрсетуді ұйымдастыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімі шешім қабылдады:
     1. Алматы қаласында алты аудандық "Оқу озаттары клубынан" тұратын "Оқу озаттары бірлестігі" құрылсын.
     2. Оқу озаттары бірлестігінің Ережесі бекітілсін (N1 қосымша).
     3. Аудан Әкімдерімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяның оқу озаттары балаларын оқу құралдарымен, мектеп бағдарламасынан көлемі жоғары ғылыми-танымал және энциклопедиялық әдебиеттермен қамтамасыз етуде материалдық көмек көрсетілсін.
     4. Осы шешімге бақылау жасау Әкімнің орынбасары Ә.Ж.Ыбыраевқа жүктелсін.

     Алматы қаласының Әкімі

Әкiмнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы
N 1104 шешiмiне N 1 қосымша
 

"Оқу озаттары Бiрлестiгi туралы" ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1.1. "Оқу озаттарының Бiрлестiгi" (бұдан былай Бiрлестiк деп аталады) заңды тұлға құрмаған, мектептерде "үздiк" оқитын 9-11 сыныптардың оқушыларын, олардың рухани сауығу мен жетiлу мақсатындағы ортақ мүддесiнiң негiзiнде ерiктi түрде, бiрiктiретiн қоғамдық ағартушылық коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      1.2. Бiрлестiк жергiлiктi статусқа ие және өз қызметiн Алматы қаласының аумағында жүзеге асырады. Осы Ереженiң негiзiнде жұмыс iстейдi.
      1.3. Бiрлестiк аудандық "Оқу озаттары клубтарының" жұмысын бағыттайтын орган болып табылады.
      1.4. Бiрлестiк мектепте "үздiк" оқитын оқушыларға қолдау көрсетедi және көңiл бөледi.
      1.5. Бiрлестiктi құру жастарды оқыту және тәрбиелеу iсiнің өзектi мәселелерiн шешуге ықпал етедi, озық педагогикалық тәжiрибелердi жинақтап таратуға көмектеседi.
      1.6. Бiрлестiктiң мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин проспектiсi (Райымбек проспектiсiмен қиылысы), Қалалық бiлiм беру жүйесi кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты.

2. Бiрлестiк қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

      2.1. Бiрлестiк қаланың аса дарынды балаларының интеллектуалдық қабiлеттерiн дамыту, оқуда жоғары жетiстiктерге жеткен оқушылардың имиджiн көтеру және бiр-бiрiмен қарым-қатынасын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
      2.2. Осы мақсатқа сәйкес Бiрлестiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      2.3. Оқушылардың өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзi жаңарту, өзiн-өзi дамыту механизмдерiн жүзеге асыру жолдарын iздеу әдiстерi мен тәсiлдерiмен байыту және өз мүшелерiн бiлiмдерi мен бiлiктерiн үнемi толықтырып отыруға ынталандыру;
      2.4. Оқушылардың бастамашылдығы мен шығармашылығын дамыту үшiн қажеттi жағдай туғызу, Бiрлестiктiң жұмысына қатысты қызметкерлерге ғылыми-теориялық, әдiстемелiк көмектер көрсету;
      2.5. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.

3. Бiрлестiктiң мiндеттерi мен құқықтары

      3.1. Бiрлестiк өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн және өз қызметiнiң қағидаларына сәйкес мынандай құқықтарға ие:
      3.1.1. Өз қызметi туралы ақпарат тарату;
      3.1.2. Бiрлестiк мүшелерiнiң интеллектуалдық өсуiне ықпал ету;
      3.1.3. Көрмелер, кеңестер, презентациялар өткiзу;
      3.1.4. Бiрлестiктiң мiндеттерiне сай келетiн iс-шаралардың, семинарлардың, дәрiстердiң өткiзiлуiне қатысу;
      3.1.5. Шығармашылық және өндiрiстiк ұжымдар құру және қолданылып жүрген заңдардың шегiнде олардың қызметiн ұйымдастыру;
      3.1.6. Осы Ереже қызметiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарға, съездерге, және басқа iс-шараларға қатысу.

4. Оқу озаттары Бiрлестiгiне мүшелiк

      4.1. "Үздiк" оқитын 9-11 сыныптардың оқушылары Бiрлестiкке мүше бола алады.
      4.2. Бiрлестiкке мүшелiкке қабылдау мәселесi аудандық "Оқу озаттары клубтарының" басшыларымен немесе бiрлесiп шешiледi.
      4.3. Бiрлестiк мүшесi құқылы:
      4.3.1. Бiрлестiктiң жұмысына дауыс құқығына ие болып қатысуға;
      4.3.2. Бiрлестiктiң және оның құрылымдарының қызметiне байланысты мәселелердi талқылауға қатысуға;
      4.3.3. Бiрлестiктiң және оның құрылымдарының қызметiнiң барлық бағыттары бойынша ұсыныстар мен кепiлдемелер енгiзуге;
      4.3.4. Бiрлестiкке берiлген өзiнiң әлеуметтiк, құқықтық және материалдық мүдделерiнiң барлық түрiн пайдалануға;
     4.3.5. Алматы қаласының Әкiмi (Бiрлестiк мүшелерiне арналған гранттар туралы Ережеге сәйкес) тағайындаған Алматы қаласының жоғары оқу орнында оқудың түгел мерзiмiне грант алуға;
     4.3.6. Алматы қаласының Әкiмi (Бiрлестiк мүшелерiне арналған стипендиялар туралы Ережеге сәйкес) тағайындаған стипендия алуға;
     4.3.7. Алматы қаласының кiтапханаларының қызметiн жеңiлдiкпен пайдалануға;
     4.3.8. Интернет жүйесiн жеңiлдiкпен пайдалануға;
     4.3.9. Бiрлестiк мүшелiгiнен шығуға;
     4.3.10. Бiрлестiк жұмысының жағдайы туралы ақпарат алуға.
     4.4. Бiрлестiк мүшесi мiндеттi:
     4.4.1. Бiрлестiк Ережесiн сақтауға;
     4.4.2. Бiрлестiк қызметiне атсалысуға;
     4.4.3. Бiрлестiк өткiзетiн жалпы жиналыстарға және iс-шараларғақатысуға.

5. Бiрлестiктiң басқару органдары

      5.1. Бiрлестiктiң жоғары басқару органы аудандық клубтардың басшы-ұйымдастырушылары енетiн Бiрлестiк Кеңесi болып табылады.
      5.2. Бiрлестiк Кеңесi:
      5.2.1. Кеңестiң төрағасы мен хатшысын сайлайды;
      5.2.2. Бiрлестiктiң Ережесiне өзгертулер мен толықтырулар қабылдайды және енгiзедi;
      5.2.3. Бiрлестiктiң қызметiнiң негiзгi бағыттары мен дамуперспективасын талқылайды және бекiтедi;
      5.2.4. Жылына екi рет аудандық "Оқу озаттары клубтарының"басшы-ұйымдастырушыларының есебiн тыңдайды.
      5.3. Жалпы жиналыс жылына бiр реттен артық өткiзiлмейдi.

О создании в городе Алматы "Лиги отличников"

Решение Акима города Алматы от 28 ноября 2000 года № 1104. Зарегистрировано в Управлении юстиции города Алматы 24 января 2001 года за № 277. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 25 июля 2012 № 3/641

      Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 25.07.2012 № 3/641.

      В соответствии с распоряжением Президента Республики Казахстан № 3002 от 24 мая 1996 года "О государственной поддержке и развитии школ для одаренных детей" и развития интеллектуальных способностей наиболее одаренных детей города, улучшения общения и повышения имиджа учащихся, добивающихся высоких результатов в обучении, а также в целях организации поддержки и адресной помощи учащимся-отличникам из малообеспеченных семей, Аким города Алматы решил:
      1. Создать в городе Алматы "Лигу отличников" состоящую из шести районных "Клубов отличников".
      2. Утвердить Положение о лиге отличников (Приложение № 1).
      3. Акимам районов оказать адресную материальную помощь детям отличникам из малообеспеченных семей в вопросах приобретения учебных пособий, научно-популярной и энциклопедической литературы, превышающей объемы школьных программ. Решить вопросы их оздоровления и летнего отдыха.
      4. Контроль за выполнением данного решения возложить на заместителя Акима Ибраева А.Ж.

      Аким г.Алматы         В.Храпунов

Приложение № 1
к решению Акима города Алматы
от 28 ноября 2000 года № 1104

Положение "О Лиге Отличников"

1. Общие положения

      1.1. "Лига Отличников" (в дальнейшем именуемая Лига) является общественной просветительской некоммерческой организацией, без образования юридического лица, объединяющей на добровольной основе учеников 9-11 классов, занимающихся в школах на "отлично", на основе общности их интересов, в целях духовного оздоровления и совершенствования.
      1.2. Лига обладает местным статусом и распространяет свое действие на территории г.Алматы. Осуществляет свою деятельность на основе данного Положения.
      1.3. Лига является направляющим органом работы районных "Клубов Отличников".
      1.4. Лига поддерживает и уделяет внимание учащимся, занимающимся в школе на отлично.
      1.5. Создание Лиги способствует решению актуальных задач, помогает обобщению и распространению лучшего педагогического опыта и достижений в деле обучения и воспитания молодежи.
      1.6. Местонахождение Лиги: г.Алматы ул.Сейфуллина уг.Раимбека ГорИПК ПК СО.

2. Предмет и цели деятельности Лиги

      2.1. Лига организуется с целью развития интеллектуальных способностей наиболее одаренных детей города, улучшению общения и повышения имиджа учащихся, добивающихся высоких результатов в обучении.
      2.2. Исходя из этой цели, основными задачами Лиги являются:
      2.3. Обогащение приемами и способами поиска путей реализации механизма самообразования, самообновления, саморазвития учащихся и стимулирование своих членов к постоянному пополнению знаний и умений;
      2.4. Создание доступных условий для развития инициативы и творчества учащихся, оказание научно-теоретической, методической помощи работникам, задействованным в Лиге;
      2.5. Другие виды деятельности, не запрещенные законодательством Республики Казахстан.

3. Обязанности и права Лиги

      3.1. Для выполнения своих основных задач и в соответствии с принципами своей деятельности Лига имеет право:
      3.1.1. Распространять информацию о своей деятельности;
      3.1.2. Содействовать интеллектуальному росту членов Лиги;
      3.1.3. Проводить выставки, совещания, презентации;
      3.1.4. Участвовать в проведении мероприятий, семинаров, лекций, отвечающих задачам Лиги;
      3.1.5. Создавать творческие и производственные коллективы и организовывать их деятельность в рамках действующего законодательства;
      3.1.6. Участвовать в международных организациях, съездах и прочих мероприятиях в рамках деятельности данного Положения.

4. Членство в Лиге отличников

      4.1. Членами Лиги могут быть ученики 9-11 классов, занимающихся на "отлично".
      4.2. Прием в члены Лиги производится руководителями, возглавляющими районные "Клубы Отличников" или коллегиально.
      4.3. Член Лиги имеет право:
      4.3.1. Участвовать в работе Лиги с правом голоса;
      4.3.2. Принимать участие в обсуждении вопросов, связанных с деятельностью Лиги и его подразделений;
      4.3.3. Вносить предложения и рекомендации по всем направлениям деятельности Лиги и его подразделений;
      4.3.4. Пользоваться всеми видами своих социальных, правовых и материальных интересов, предоставляемых Лиге;
      4.3.5. На получение гранта на полный период обучения в ВУЗе города Алматы, учрежденного Акимом г.Алматы (согласно положения о грантах для членов Лиги);
      4.3.6. На получение стипендии, учрежденной Акимом г.Алматы (согласно положения о стипендиях для членов Лиги);
      4.3.7. На льготное обслуживание в библиотеках г.Алматы;
      4.3.8. Использование Интернета на льготных условиях;
      4.3.9. Выйти из членов Лиги;
      4.3.10.Получать информацию о состоянии дел Лиги.
      4.4. Член Лиги обязан:
      4.4.1. Соблюдать Положение Лиги;
      4.4.2. Участвовать в деятельности Лиги;
      4.4.3. Участвовать в общих собраниях и мероприятиях, проводимых Лигой.

5. Органы управления Лиги

      5.1. Высшим органом управления Лиги является Совет Лиги, в который входят руководители-организаторы районных клубов.
      5.2. Совет Лиги:
      5.2.1. Избирает председателя Совета и секретаря;
      5.2.2. Принимает и вносит изменения и дополнения в Положение Лиги;
      5.2.3. Обсуждает и утверждает основные направления деятельности и перспективы развития Лиги;
      5.2.4. Два раза в год заслушивает отчеты руководителей организаторов районных "Клубов Отличников".
      5.3. Общее собрание проводится не реже одного раза в год.