БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
16 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"16 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар өткізу";
"8.1.263.47 Тарихи-мемориалдық кешеннің аумағын көркейту" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"8.1.263.47 Жергілікті маңызды тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу-қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу және аумағын көркейту";
"11.2.273.48 Жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру, конструкторлық және технологиялық жұмыстар" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"11.2.273.49 Елді мекендерде құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу";
"13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу
13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру объектілерін салу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу және қайта құру
13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру
объектілерін салу, қайта құру және күрделі жөндеу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру". 2. <*> Ескерту: 2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 259 бұйрығымен. V011523_ 3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 2 тармақтан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қаржы министрі Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.