Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару Кодексiнiң Z970208_ 95-бабының 4 пунктiне, "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z000131_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010177_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің "2001 жылғы көктемгi егiс және егін жинау жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" P010503_ 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 503 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 12 мамырдағы N 622 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығы:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiне:
2 "Салыққа жатпайтын түсiмдер" санатында 5 "Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер" сыныбында 1 "Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер" iшкi сыныбында мынадай мазмұндағы ерекшелiкпен толықтырылсын:
"6 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақтың, заттай мүліктің және коммуналдық-тұрмыстық қызметтiң құнын өтеуi";
бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында 2 "Қаржылық қызмет" кiшi функциясында 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 36-бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Жекешелендiру, мемлекеттiк мүлiктi басқару және мемлекеттiң жекешелендiруге, мемлекеттік мүлікті басқаруға және мемлекеттік несиелендiруге байланысты дауларды сотқа дейiнгi реттеу жөнiндегi қызметi";
3 "Қоғамдық тәртiп және қауіпсіздік" функционалдық тобында 2 "Құқықтық қызмет" кiшi функциясында 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 39 "Құқықтық реформа" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"30 Заңдарды жетiлдiру және мемлекеттiк қызметшiлердi құқықтық оқыту жөнiндегi қызметтi консультациялық және ақпаратты-техникалық қамтамасыз ету";
4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
2 "Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру" кiшi функциясында 225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
61 "Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"81 Республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебiнен жобаны іске асыру";
62 "Республикалық деңгейде орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"81 Республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру есебінен жобаны iске асыру";
4 "Орта кәсiби бiлiм беру" кiшi функциясында 208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 7 "Республикалық деңгейде орта кәсiби бiлiмдi мамандарды даярлау" бағдарламасында:
30-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы";
32-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Спорт әскери колледжi, Щучинск қаласы";
6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiн кәсiби бiлiм беру" кiшi функциясында:
208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 9 "Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" бағдарламасында:
31-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Совет Одағының екi мәрте батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесi";
225 "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
9 "Республикалық деңгейде жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" бағдарламасында:
33-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде кадрларды даярлау";
35-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде оқитын студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету";
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында 9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен және бағдарламамен толықтырылсын:
"120 Қызылорда облысының әкiмi
32 Көп бейiндi аурухана құрылысы бойынша кредиторлық берешектердi өтеу";
8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында 1 "Мәдениет саласындағы қызмет" кiшi функциясында 230 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 41 "Республикалық деңгейде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"35 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы";
9 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында 1 "Отын және энергетика" кiшi функциясында 231 "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
"33 Амангелдi газ кен орындары тобын игеру";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 1 "Ауыл шаруашылығы" кiшi функциясында 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
мынадай мазмұндағы бағдарламалармен толықтырылсын:
"41 Астықтық қолхаттардың орындалуы кепiлдiгiнiң тетiгiн құру
42 Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауылшаруашылық техникасының лизингi бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру
45 Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердi минералды тыңайтқыштар алуға субсидиялау
46 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру
87 Ауылдық несие серiктестiктерiн несиелендiру үшiн Аграрлық несие корпорациясының несиелiк ресурстарын қалыптастыру";
86 "Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдаудың пилоттық жобасы" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"89 Ретроактивтi несиелендiру негiзiнде жобаны iске асыру";
11 "Өнеркәсiп және құрылыс" функционалдық тобында 2 "Құрылыс" кiшi функциясында 694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 33-бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1с Басқармасының объектiлерiн салу және қайта құру";
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 9 "Көлiк және байланыс саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 41-бағдарлама мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"30 Жол саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер";
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
1 "Экономикалық қызметтердi реттеу" кiшi функциясында 214 "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 34-бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"Стандарттау метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды әзiрлеу және сатып алу";
9 "Өзге де" кiшi бағдарламасында:
мынадай мазмұндағы мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен және бағдарламамен толықтырылсын:
"214 Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
75 Ұйымдардың республикалық бюджеттен орындалатын мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешектерiн өтеу";
217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
"50 Қазақстанның Даму Банкiнiң жарғылық капиталына қатысу";
мынадай мазмұндағы мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен және бағдарламамен толықтырылсын:
"221 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
46 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге арналған резервi";
14 "Борышқа қызмет көрсету" функционалдық тобында 1 "Борышқа қызмет көрсету" кiшi функциясында 105 "Әкiмдер аппараты" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 53 "Жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"31 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеу";
15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобында 1 "Ресми трансферттер" кiшi функциясында:
111 "Ақмола облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
112 "Ақтөбе облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
115 "Шығыс Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
118 "Батыс Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
119 "Қарағанды облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
120 "Қызылорда облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"31 Көп бейiндi аурухана құрылысы бойынша кредиторлық берешектердi өтеу";
122 "Қостанай облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламалармен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру
94 Субвенциялар";
124 "Павлодар облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы:
мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
30-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Сыртқы заемдар есебiнен әлеуметтiк қорғау жобасы";
125 "Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"26 Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақылар (мүдделер) ставкаларының орнын толтыру";
129 "Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасында 30-кiшi бағдарлама мынадай мазмұнда жазылсын:
"Сыртқы заемдар есебiнен әлеуметтiк қорғау жобасы";
131 "Астана қаласының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"37 Қосылған құн салығы бойынша шығындарды өтеу";
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 568 V001387_ "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 30 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығына:
2-тармақта:
"15.1.124.18.30 Әлеуметтiк қорғау жобасы" деген жол алынып тасталсын;
"15.1.129.18.30 Әлеуметтiк қорғау жобасы" деген жол алынып тасталсын;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 13 V011403_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 37 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығына:
2-тармақта "12.9.215.41 Көлiк пен коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген жол алынып тасталсын;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2001 жылғы 10 ақпандағы N 65 V011415_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 41 өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" бұйрығына:
2-тармақ алынып тасталсын;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2001 жылғы 4 сәуiрдегi N 164 V011455_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 44 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" бұйрығына:
2-тармақта "31 наурыздан" деген сөздер "1 қаңтардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап шығыстар мынадай бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жүзеге асырылмайды деп белгiленсiн:
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында:
1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясында 201 "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
34 "Мемлекеттiк жоба 3" бағдарламасы;
34 "Мемлекеттiк жоба 3" бағдарламасында 80 "Сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру" кiшi бағдарламасы;
2 "Құқықтық қызмет" кiшi функциясында 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
45 "Нотариалды iс-әрекеттер жасауды ұйымдастыру" бағдарламасы;
45 "Нотариалды iс-әрекеттер жасауды ұйымдастыру" бағдарламасында 30 "Мемлекеттiк нотариалды кеңселер" кiшi бағдарламасы;
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша:
34 "Республикалық деңгейде жол жүйесiн пайдалану" бағдарламасында 32 "Атырау-Астрахань автожолының учаскесiн ұстау және жөндеу" кiшi бағдарламасы;
36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасында 37 "Ақтау-Атырау автомобиль жолдарын қайта жаңарту" кiшi бағдарламасы;
13 "Басқалар" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кiшi функциясында:
217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 60 "Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiн енгiзу" бағдарламасы;
502 "Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 45 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтың бөлiмшелерiнiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге арналған резервi" бағдарламасы.
3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов)
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 1
қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
Министр
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.