"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
209 және 215-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендiк тексеру және пост-кедендiк бақылау бөлiмшелерi бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталмайды не толық мөлшерде сақталмайды деп ойлауға негiздемелер болған жағдайда кедендiк ресiмдеу аяқталған тауарлар мен көлiк құралдарын бақылауды жүзеге асырсын, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн тұлғалардың, кедендiк брокерлердiң, кедендiк тасымалдаушылардың, кедендiк, еркiн қоймалар, қоймалар және уақытша сақтау орындары иелерiнiң қаржылық және сыртқы экономикалық қызметiн тексерулердi ұйымдастырсын және жүргiзсiн.
3. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендiк тексеру және пост-кедендiк бақылау бөлiмшелерi:
1) тауарлар мен көлiк құралдарының бар-жоғын тексерудi, қайталап кедендiк тексерудi, кедендiк декларацияда көрсетiлген мәлiметтердi қайта тексерудi, коммерциялық қызметтi көрсететiн құжаттарды, сондай-ақ аталған тауарлармен коммерциялық операцияларға қатысты басқа ақпараттарды тексерудi ұйымдастырсын;
2) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн тұлғалардың, кедендiк брокерлердiң, кедендiк тасымалдаушылардың, кедендiк, еркiн қоймалар, қоймалар және уақытша сақтау орындары иелерiнiң қаржылық және сыртқы экономикалық қызметiн тексеру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;
3) белгiленген тәртiпке сәйкес меншiк нысандарына қарамастан ведомстволар мен ұйымдардан, Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетелдiк азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi түсiнiктеме, мәлiмет және ақпарат алсын.
4. "Кеден органдарындағы қаржылық және сыртқы экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1997 жылғы 16 мамырдағы N 127
бұйрығының
күшi жойылды деп танылсын.
5. Кедендiк кiрiстер бас басқармасы (Б.А. Жұмабеков) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
6. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
7. Баспасөз қызметi (Б.Т. Омарәлиев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсiн.
9. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
Мемлекеттік кіріс министрі Кеден комитетінің
2001 жылғы 2001 жылғы 15 ақпандағы
N 52 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге
асыратын тексерулердi жүргiзудiң
ТӘРТIБI
1. Осы Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң тәртiбi (бұдан - әрi Тәртiп) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын тексерулердi (бұдан әрi - тексерулер) ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзетiн тұлғалардың, кедендiк брокерлердiң, кедендiк тасымалдаушылардың, кедендiк, еркiн қоймалар, қоймалар және уақытша сақтау орындары иелерiнiң қаржылық және сыртқы экономикалық қызметiн тексерулер, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының бұзылғандығы туралы жорамалдауға жеткiлiктi негiздемелер болған кезде "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 209-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары тексерулер тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтуi кезiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрi - СЭҚ-ға қатысушы) ұсынған құжаттарды зерделеудiң және талдаудың негiзiнде, тiкелей Қазақстан Республикасының кеден органы орналасқан жер бойынша жүргiзе алады.
Құжаттамалық тексерулер жолымен анықталған жеткiлiктi негiздемелер болған жағдайда кеден органы көшпелi тексерулер жүргiзедi.
Тексерiлетiн тұлға ұсынған мәлiметтер туралы қосымша ақпараттар алудың қажеттiгi пайда болған жағдайда кеден органы үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру жүргiзедi.
4. Тексерулер жүргiзу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) не Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органының бастығы қабылдайды.
5. Тексеру iс-шарасы қатаң есептiлiк бланкiсiнде екi данада ресiмделген және мынадай деректемелердi:
ұйғарымның Қазақстан Республикасы кеден органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
ұйғарымды шығарған Қазақстан Республикасы кеден органының атауын;
тексерулер объектiсiнiң толық атауын;
тексерулердiң негiздемесi мен мақсатын;
тексерiлетiн адамдардың, оның iшiнде тексеруге тартылатын мамандар мен сарапшылардың лауазымын, тегiн және аты мен әкесiнiң атының бастапқы әрiптерiн;
тексерудi жүргiзудiң мерзiмiн қамтитын, осы Тәртiпке 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша ұйғарым болған жағдайда және оған сәйкес жүзеге асырылады.
6. Ұйғарымға қол қойылған, кеден органының елтаңбалы мөрiмен расталған және белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистикалар және ақпараттар орталығының аумақтық органдарында тiркелген болуы тиiс.
7. Тексерулер жүргiзу туралы ұйғарымдардың есебiн жүргiзудi нөмiрленуi, қатталып тiгiлуi және Қазақстан Республикасы кеден органының мөрiмен бекiтiлуi тиiс арнаулы тiркеу журналында кеден органдары жүзеге асырады.
8. Ұйғарым алғандығы туралы көшiрмесiне белгi қоятын тексерiлетiн тұлғаға тапсырылады. Тұлға ұйғарымды қабылдаудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы тексерiлетiн тұлға өкiлiнiң не куәгерлердiң қатысуымен ұйғарымды қабылдаудан бас тартқандығы туралы актi жасайды. Ұйғарымды алудан бас тарту тексерулердi тоқтату үшiн негiздеме болып табылмайды.
9. Берiлетiн ұйғарымда көрсетiлетiн тексерулердi жүргiзу мерзiмi ұйғарым табыс етiлген сәттен бастап 30 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
10. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға тексеру жүргiзу кезiнде кеден органы тексеру жүргiзу мерзiмiн 60 жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
11. Тексерулер оны жүргiзу мерзiмi iшiнде тексерiлетiн тұлғаға Қазақстан Республикасының кеден органының құжаттар ұсыну туралы талаптары тапсырылған және сұратылған құжаттар iс-жүзiнде ұсынылған сәттердiң арасындағы уақыт кезеңiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының сұрау салуы бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу сәтiне тоқтатыла тұрады.
12. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының құзыретiне жататын тексерулердi жүргiзу үшiн құқық қорғау және бақылау органдарының, кез келген мемлекеттiк және шарттық негiзде мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың мамандарын, сондай-ақ сарапшыларды тексерулердi жүргiзуге жәрдем көрсету үшiн тартуға құқықты.
13. Тексерулерге тартылған адамдардың, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерiлетiн объектiнiң аумағына немесе үй-жайына кiру үшiн қажет болса өзiмен бiрге арнайы рұқсаты болуы тиiс.
14. Қаржылық және сыртқы экономикалық қызметтi тексерулердi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының:
тексерiлетiн тұлғаның ұйғарымға сәйкес бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн аумағы мен үй-жайына кiруге;
тексерулердiң мақсатына қатысы бар кез келген құжаттама (банктiк құжаттаманы қоса алғанда) мен ақпаратты тегiн ұсынуды талап етуге және олармен танысуға;
белгiленген тәртiпке сәйкес тексерiлетiн тұлғаның лауазымды адамдарынан, Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетелдiк азаматтардан және азаматтығы жоқ азаматтардан түсiнiктеме, анықтамалар, мәлiметтер алуға;
ыдыстар мен үй-жайларды қаттап мөрлеуге;
2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы актi бойынша құжаттарды алуға құқығы бар.
15. Тексерулер аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы:
тексерулер жүргiзiлген жердi, актi жасалған күндi;
тексерудi жүргiзген Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамдарының лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын;
тексерiлген тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
тексеру объектiсiнiң орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның салық төлеушілік тiркеу нөмiрiн;
тексерiлетiн тұлғаның салықтық және бухгалтерлiк есептiлiгiн жүргiзу үшiн жауапты басшы мен лауазымды адамдардың тегiн, атын, әкесiнiң атын;
тексерiлген кезеңдi және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салықтық агент) ұсынған құжаттар туралы жалпы мәлiметтi;
бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген заңнаманың тиiстi нормаларына сiлтеме жасай отырып, анықталған жолсыздықтардың егжей-тегжейлi сипаттамасын;
тексерудiң нәтижелерiн көрсете отырып, тексеру актiсiн жасайды.
16. Тексерiлетiн адамға тексеру актiсi табыс етiлген күн тексеру аяқталған күн болып саналады.
17. Егер тексеру аяқталғанда қандай да болмасын жолсыздық анықталмаған жағдайда ол туралы тексеру актiсiнде тиiстi белгi жасалады.
18. Құжаттардың қажеттi көшiрмелерi, Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы жасаған есептер және тексеру барысында алынған басқа да материалдар тексеру актiсiне қоса берiледi.
19. Актi екi данада жасалады және оған тексерудi жүргiзген Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қол қояды. Актiнiң бiрiншi данасы кеденнiң iс-қағазына жолданады, екiншi данасы қолы қойғызылып тексерiлген тұлғаға берiледi. Соңғысы актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда дана почтамен жiберiледі.
20. Тексеру актiсi нөмiрленуi, қатталып тiгiлуi және Қазақстан Республикасы кеден органының мөрiмен бекiтiлуi тиiс, арнаулы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi.
21. Актіде көрсетiлген жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi кедендiк және валюталық заңнаманың бұзылғандығы байқалған жағдайда кеден ережелерiнiң бұзылғандығы туралы iс жүргiзу, контрабанда немесе кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы қылмыстық iс қозғау үшiн негiздеме болуы мүмкiн.
22. Тексерулердiң нәтижесiнде ол бойынша айыпты адамдарды жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзыретiне кiрмейтiн жолсыздықтар аңғарылған жағдайда актiнiң көшiрмесi тиiстi мемлекеттiк органға жiберiледi.
23. Өзiне қатысты тексеру жүргiзiлген тұлға тексерулердiң нәтижелерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.
24. Тексерулердiң нәтижесiнде алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек кедендiк мақсатта ғана пайдаланылады. Мұндай ақпарат жариялана, оны Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жеке мақсатта пайдалана, үшiншi тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда өзге де мемлекеттiк органдарға берiле алмайды.
25. Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының тексерулердi жүзеге асыру кезiндегi iс-әрекетi оған қатысты тексерулер жүргiзiлетiн тұлғаға заңсыз залал келтірмеу тиіс.
26. Тексерулер жүргізу кезіндегі заңсыз шешімдердің, іс-әрекеттердің салдарынан тұлғаларға және олардың мүлкiне келтiрiлген шығындар мен зияндар үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Тексерулер жүргізудің
тәртiбiне
1-қосымша
Кедендiк мақсаттарда қаржылық және сыртқы
экономикалық қызметтерге тексерулер
жүргiзу туралы
N _____ ұйғарым
1. _____________________________________________________________
(тексерудi жүзеге асырушы кеден органының атауы)
2. _____________________________________________________________
(тексерiлетiн тұлғаның толық атауы)
3. Тексерiлетiн тұлғаның СТН-i _________________________________
4. _____________________________________________________________
(тексерудiң негiздемесi мен мақсаты)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
5. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi __________________________________
6. Тексерудi жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген адамдардың лауазымы,
тегi, аты мен әкесiнiң атының бастапқы әрiптерi______________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
БКБ (КБ) бастығы _________ __________
(қолы) (аты-жөні)
М.О.
N 0000000
Тексерулер жүргізудің
тәртiбiне
2-қосымша
Кедендiк мақсаттарда қаржылық және сыртқы
экономикалық қызметтерге тексерулер
жүргiзу кезiнде құжаттарды алу актiсi
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан
Республикасы
Заңының
205-бабына сәйкес _________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
мақсатында мен, _________________________________________________
(құжаттарды алуды жүргiзушi адамның аты-жөнi, лауазымы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(құжаттарды алу жүргiзілетiн тұлға өкiлiнiң аты-жөнi, лауазымы)
_________________________________________________________________
______________________________________________________қатысуымен
1. ______________________________________________________________
(қатысушылардың аты-жөнi, тұратын жерi, жұмыс орыны, лауазымы)
2. ______________________________________________________________
____________________________________________________қоса болуымен
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 205-бабының талаптарын сақтай отырып,
_________________________________________________________________
(алу жүргiзiлген жердiң мекен-жайы көрсетіледi)
________________________________________________мекен-жай бойынша
_________________________________________________________________
(құжаттарды алу жүргiзiлетiн тұлғалардың атауы)
_________________________________________________________________
мынадай құжаттарды ______________________________________________
(құжаттардың толық атауы, құжаттағы парақтардың саны)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(құжаттарды алу актінің екінші жағы) _________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________алуды жүргіздім,
алуға қатысқандардың жасаған мәлімдеулері мен ескертулері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осы акті оқылды. Жазылды __________________________________
(қатысушылардың ескертулері: дұрыс/дұрыс емес)
______________________________________
(қатысушылардың қолы)
Актіні жасаған ________________ ____________________________
(қолы) (лауазымды адамның аты-жөні)
Қоса болғандар:________________ ____________________________
(қолы) (қоса болған адамның аты-жөні)
________________ ____________________________
(қолы) (қоса болған адамның аты-жөні)
200 __ ж. "___"_____________ актінің көшірмесін алдым
____________________________________________________________
(тексерілетін тұлға өкілінің лауазымы, қолы, тегі, аты мен
____________________________________________________________
әкесінің атының бастапқы әріптері)