"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы"
Z010173_
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89
V011466_
қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап олар және осы қаулы күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолдансын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерiстi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
N 123 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақшаны
жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық
жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы
есепшоттар ашу және жүргiзу тәртібi туралы нұсқаулықты бекiту
жөнiнде" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң
арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа
толықтырулар мен өзгерiс
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89
V011466_
қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1. 15-тармақтың бiрiншi сөйлемi "Осы Нұсқаулықтың N 2-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша салымшылардың банктердегi арнайы есепшоттарға ақша аударуы үшiн Заңмен белгiленген ақшаны жария ету кезеңi аяқталған соң банктер пайдаланылмаған куәлiк бланкiлерiн жоюға тиiс, ол жөнiнде банктiң бiрiншi басшысының қолы қойылған актi жасалады." деген сөйлеммен ауыстырылсын.
2. N 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты
Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған
азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар
ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 2 қосымша
Ақшаны жария ету бойынша арнайы есепшотқа
ақша салу туралы
КУӘЛIК
Берiлген күнi 200__ жылғы "____"___________________
Қазақстан Республикасының азаматы___________________________________
____________________________________________________________________ (аты-жөнi, жеке басы куәлiгiнiң N)
___________________________________________________________________ (мекен-жайы)
талап ету салымына_________________________________________________
(санмен және жазумен)
сомада ақша салғандығын растайды.
_____________________________________________________________банкi.
(банктiң толық атауы)
"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты
оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес белгiленетiн ақшаны жария ету кезеңi аяқталғаннан кейiнгi
келесi күннен бастап салымшы талап еткен бойда көрсетiлген соманы
қайтаруға не оны өзге банктiк есепшотқа аударуға мiндеттенедi.
Басқарма Төрағасы
Бас бухгалтер
Банктiң мөрi"
3. Мынадай редакциядағы N 2-1 қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 9 сәуiрдегi
N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне
байланысты Қазақстан
Республикасының
рақымшылық жасалған
азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар
ашу және жүргiзу тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
N 2-1 қосымша
Ақшаны жария ету бойынша арнайы есепшотқа ақша салу
туралы куәлiктiң бланкiлерiн жою туралы
акт
_________________ ж.
____________________________________________________________________
(банктiң атауы)
Басқармасы Төрағасының 2001 жылғы "____"___________________ бұйрығы
негiзiнде iс-әрекет жасайтын_______________________________________
(аты-жөнi)
уәкiлеттi адамдар 2001 жылғы "____" ______________Ақшаны жария ету
бойынша арнайы есепшотқа ақша салу туралы куәлiктiң пайдаланылмаған
бланкiлерiн (бұдан әрi - "Куәлiктiң бланкiсi") жойды.
____________________________________________________________________
Р/с N | Куәлiк бланкiсiнiң есеп номерi __________|_________________________________________________________
| __________|_________________________________________________________
Жиынтығы: |
__________|_________________________________________________________
Куәлiктердiң бланкiлерi қағаз жоятын машиналарды қолдану
арқылы жойылды.
Уәкiлеттi адамдар Куәлiктiң көрсетiлген бланкiлерiн жойған
кезде тәртiп бұзушылықтар анықталған жоқ.
Осы акт 1 (дана) етіп жасалды, оның көшірмесі ақшаны жария ету
кезеңі аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі.
Уәкілетті адамдар:
___________________ ___________ ___________
Басқарма төрағасы Аты-жөні Қолы
___________________ ___________ ___________
Бас бухгалтер Аты-жөні Қолы
___________________ ___________ ___________".
(лауазымы) Аты-жөні Қолы
Ұлттық Банк
Төрағасы