ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi
комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығынан
үзінді
"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436
қаулысының
қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
Заңының
27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
...
14) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарттарды тіркеу тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 23-б бұйрығы (2001 жылғы 2 мамырдағы N 1486).
Төраға
--------------------------------------------
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңының 12 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша ұсынылған:
1) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулықты;
2) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу туралы Куәлiк қалыбын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы
N 5
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттік комитетi мен инвесторлар арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеу тәртiбi және келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк қалыбы туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" қаулысының күшi жойылсын деп тану.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер вице-министрімен Сыртқы істер министрлігінің
КЕЛІСІЛГЕН Инвестициялар жөніндегі
комитеті Төрағасының
2001 жылғы 30 наурыздағы
N 23-п бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет
атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу
тәртiбi туралы Нұсқаулық
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңының 12 бабының 4 тармағына сәйкес осы Нұсқаулық экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбiн анықтайды, сонымен қатар тiркелген келiсiм-шарттарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуді анықтайды.
1. Келiсiм-шартты тiркеудiң мақсаты
1. Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды (бұдан былай Келiсiм-шарт) тiркеу келесi мақсаттар үшiн жүргiзiледi:
1) инвесторға белгiлi жеңiлдiктер мен преференциялар беру Келiсiм-шартының жасалған фактiсiн Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi (бұдан былай - Комитет) ресми түрде нақтылау;
2) Келiсiм-шарттың күшiне ену уақытын бекiту және Келiсiм-шарттың мерзiмiн анықтау;
3) Жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген инвесторларды есепке алу үшiн Келiсiм-шартқа тiркеу нөмiрiн беру;
4) Инвестициялық жобаның жүзеге асуын қадағалау;
5) Мемлекеттiң бақылау, тiркеу және статистикалық органдарына берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар және олардың мерзiмдерiн көрсете отырып тiркелген Келiсiм-шарттардың саны туралы ақпарат беру.
2. Келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi
2. Комитетпен инвестор тарапынан Келiсiм-шартқа қол қойылған күннен бастап он бес күн iшiнде Келiсiм-шарт Комитеттiң инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiнде тiркелуi тиiстi.
3. Егер Келiсiм-шартта күшiне ену уақыты одан да кеш уақыт болып көрсетiлмесе, Келiсiм-шарт Комитеттiң инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiнде тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
4. Келiсiм-шартқа енгiзiлген өзгертулер және толықтырулар осы Нұсқаулықтың 2 және 3 тармақтарында көрсетiлген тәртiп бойынша тiркеледi.
3. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк
5. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк, Комитетпен инвестор арасында жасалған Келiсiм-шарттың тiркелгенiн нақтылайтын құжат болып табылады. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкте:
1) Келiсiм-шартты тiркеу нөмiрi;
2) Келiсiм-шарттың жасалған уақыты және мерзiмi;
3) Инвесторға берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар;
4) Берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар мерзiмi;
5) Берiлген нақты гранттар.
6. Инвестормен Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк, көрсетiлген инвестордың жеңiлдiктер мен преференциялар алғанын нақтылайтын ресми құжат болып табылады.
7. Куәлiк көшiрмесi және Келiсiм-шарттың данасы сақталу үшiн Комитеттiң мониторинг бөлiмiне берiледi.
4. Келiсiм-шартты тiркеу туралы ақпараттың жариялануы
8. Келiсiм-шарт тiркелген күнiнен бастап 30 күн iшiнде Комитеттiң инвестициялық жобалар мониторингi бөлiмi сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдарға Келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы хабарлайды және жобаға жатырылатын көлемдi және құрылған жұмыс орындарды көрсете отырып, осы Келiсiм-шартты Комитетте тiркелген және бұқаралық ақпараттар құралдарында тоқсан сайын жарияланатын Келiсiм-шарттар тiзiмiне қосады.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер вице-министрімен Сыртқы істер министрлігінің
КЕЛІСІЛГЕН Инвестициялар жөніндегі
комитеті Төрағасының
2001 жылғы 30 наурыздағы
N 23-п бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Инвестициялар жөніндегі комитеті
Экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын
инвесторлармен жасалған келiсiм-шартты тiркеу туралы
КУӘЛIК
_______________________________ 200_ жыл "__"___________
(келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi)
Осымен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Инвестициялар жөнiндегi комитетi мен
___________________________________________________________________
(инвестордың атауы)
арасында жасалған келiсiм-шарт тiркеледi.
ҚҰЖК коды__________________________________________________________
Инвестициялық жобаның атауы және жүзеге асыру орны ________________
___________________________________________________________________
Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi____________________________________
Берiлген мемлекеттiк нақты гранттар________________________________
___________________________________________________________________
Табыс салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________
___________________________________________________________________
Жер салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер ___________________________
___________________________________________________________________
Мүлiк салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________
___________________________________________________________________
Кеден салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы __________ ________________________
М.О. (қолы) (лауазымды тұлғаның А.Т.Ә.)