Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 23-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1486. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен.

  ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi
комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығынан
үзінді

       "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436  қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      ...
      14) "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім-шарттарды тіркеу тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 23-б бұйрығы (2001 жылғы 2 мамырдағы N 1486).

      Төраға
 
-------------------------------------------- 

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы"  Заңының  12 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қосымша ұсынылған: 
      1) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулықты; 
      2) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу туралы Куәлiк қалыбын. 
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы  N 5  "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттік комитетi мен инвесторлар арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеу тәртiбi және келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк қалыбы туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" қаулысының күшi жойылсын деп тану.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi.    

      Төраға 

     Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы 
     Сыртқы істер вице-министрімен         Сыртқы істер министрлігінің
     КЕЛІСІЛГЕН                            Инвестициялар жөніндегі
                                           комитеті Төрағасының
                                           2001 жылғы 30 наурыздағы
                                           N 23-п бұйрығымен
                                           БЕКІТІЛГЕН 

Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет
атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу
тәртiбi туралы Нұсқаулық

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы"  Заңының  12 бабының 4 тармағына сәйкес осы Нұсқаулық экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбiн анықтайды, сонымен қатар тiркелген келiсiм-шарттарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуді анықтайды. 

1. Келiсiм-шартты тiркеудiң мақсаты

      1. Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды (бұдан былай Келiсiм-шарт) тiркеу келесi мақсаттар үшiн жүргiзiледi: 
      1) инвесторға белгiлi жеңiлдiктер мен преференциялар беру Келiсiм-шартының жасалған фактiсiн Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi (бұдан былай - Комитет) ресми түрде нақтылау; 
      2) Келiсiм-шарттың күшiне ену уақытын бекiту және Келiсiм-шарттың мерзiмiн анықтау; 
      3) Жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген инвесторларды есепке алу үшiн Келiсiм-шартқа тiркеу нөмiрiн беру; 
      4) Инвестициялық жобаның жүзеге асуын қадағалау; 
      5) Мемлекеттiң бақылау, тiркеу және статистикалық органдарына берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар және олардың мерзiмдерiн көрсете отырып тiркелген Келiсiм-шарттардың саны туралы ақпарат беру. 

2. Келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi  

      2. Комитетпен инвестор тарапынан Келiсiм-шартқа қол қойылған күннен бастап он бес күн iшiнде Келiсiм-шарт Комитеттiң инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiнде тiркелуi тиiстi. 
      3. Егер Келiсiм-шартта күшiне ену уақыты одан да кеш уақыт болып көрсетiлмесе, Келiсiм-шарт Комитеттiң инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiнде тiркелген күннен бастап күшiне енедi. 
      4. Келiсiм-шартқа енгiзiлген өзгертулер және толықтырулар осы Нұсқаулықтың 2 және 3 тармақтарында көрсетiлген тәртiп бойынша тiркеледi. 

3. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк  

      5. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк, Комитетпен инвестор арасында жасалған Келiсiм-шарттың тiркелгенiн нақтылайтын құжат болып табылады. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкте: 
      1) Келiсiм-шартты тiркеу нөмiрi; 
      2) Келiсiм-шарттың жасалған уақыты және мерзiмi; 
      3) Инвесторға берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар; 
      4) Берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар мерзiмi; 
      5) Берiлген нақты гранттар. 
      6. Инвестормен Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк, көрсетiлген инвестордың жеңiлдiктер мен преференциялар алғанын нақтылайтын ресми құжат болып табылады.
      7. Куәлiк көшiрмесi және Келiсiм-шарттың данасы сақталу үшiн Комитеттiң мониторинг бөлiмiне берiледi. 

4. Келiсiм-шартты тiркеу туралы ақпараттың жариялануы

      8. Келiсiм-шарт тiркелген күнiнен бастап 30 күн iшiнде Комитеттiң инвестициялық жобалар мониторингi бөлiмi сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдарға Келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы хабарлайды және жобаға жатырылатын көлемдi және құрылған жұмыс орындарды көрсете отырып, осы Келiсiм-шартты Комитетте тiркелген және бұқаралық ақпараттар құралдарында тоқсан сайын жарияланатын Келiсiм-шарттар тiзiмiне қосады.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы 
      Сыртқы істер вице-министрімен         Сыртқы істер министрлігінің     
      КЕЛІСІЛГЕН                            Инвестициялар жөніндегі
                                            комитеті Төрағасының
                                            2001 жылғы 30 наурыздағы
                                            N 23-п бұйрығымен
                                            БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Инвестициялар жөніндегі комитеті   

Экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын
инвесторлармен жасалған келiсiм-шартты тiркеу туралы
КУӘЛIК

      _______________________________            200_ жыл "__"___________
     (келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi) 

     Осымен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 
Инвестициялар жөнiндегi комитетi мен
___________________________________________________________________
                          (инвестордың атауы)
арасында жасалған келiсiм-шарт тiркеледi.
ҚҰЖК коды__________________________________________________________
Инвестициялық жобаның атауы және жүзеге асыру орны ________________
___________________________________________________________________
Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi____________________________________
Берiлген мемлекеттiк нақты гранттар________________________________
___________________________________________________________________
Табыс салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________
___________________________________________________________________
Жер салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер ___________________________
___________________________________________________________________
Мүлiк салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________
___________________________________________________________________
Кеден салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________
___________________________________________________________________

Лауазымы     __________               ________________________
М.О.           (қолы)                 (лауазымды тұлғаның А.Т.Ә.)

Об утверждении Инструкции о порядке регистрации контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики

Приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан от 30 марта 2001 года N 23-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 02.05.2001 г. за N 1486. Утратил силу - приказом председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 20 февраля 2004 года N 7-п

             Извлечение из приказа председателя Комитета
          по инвестициям Министерства индустрии и торговли
        Республики Казахстан от 20 февраля 2004 года N 7-п

      "В связи с принятием Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года "Об инвестициях", постановления Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года N 436 "О некоторых вопросах реализации Закона Республики Казахстан "Об инвестициях", в соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" приказываю:
      1. Признать утратившими силу следующие нормативные правовые акты по вопросам инвестиций:
      14) приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан от 30 марта 2001 года N 23-п "Об утверждении Инструкции о порядке регистрации контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики" (N 1486 от 2 мая 2001 года) ..."
 
      Председатель
-------------------------------------------------------------------
 
      В соответствии с пунктом 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 1997 года Z970075_  "О государственной поддержке прямых инвестиций" приказываю:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Инструкцию о порядке регистрации контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики;
      2) форму Свидетельства о регистрации контракта с инвестором, осуществляющим инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики.
      2. Признать утратившим силу постановление Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям от 28 марта 1997 года N 5  V970400_   "Об утверждении Инструкции "О порядке регистрации контракта, заключенного Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям и инвестором и формы свидетельства о регистрации контракта".
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Председатель        

Согласовано                                    УТВЕРЖДЕНА
Вице-Министр иностранных дел             Приказом Председателя
Республики Казахстан                    Комитета по инвестициям
                                      Министерства иностранных дел
                                          Республики Казахстан
                                      от 30 марта 2001 года N 23-п

               Инструкция о порядке регистрации контракта
             с инвесторами, осуществляющему инвестиционную
             деятельность в приоритетных секторах экономики
 
      Настоящая Инструкция в соответствии с пунктом 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 1997 года Z970075_  "О государственной поддержке прямых инвестиций" определяет порядок регистрации контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики, а также регистрации изменений и дополнений к зарегистрированным контрактам.

                      1. Цели регистрации Контракта

      1. Регистрация контракта между Комитетом по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан и инвестором, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики (далее - Контракт), производится в целях:
      1) официального удостоверения факта заключения Контракта и предоставления Республикой Казахстан в лице Комитета по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее - Комитет) определенных льгот и преференций инвестору;
      2) установления даты вступления Контракта в силу и определения срока действия Контракта;
      3) присвоения регистрационного номера Контракту для учета инвесторов, которым предоставлены льготы и преференции;
      4) контроля за реализацией инвестиционного проекта;
      5) предоставления государственным надзорным, регистрационным и статистическим органам информации о количестве зарегистрированных Контрактов с указанием предоставленных льгот и преференций и сроков их действия.

                    2. Порядок регистрации Контрактов

      2. В течение пятнадцати дней с момента подписания Комитетом и инвестором Контракт должен быть зарегистрирован в Отделе оценки инвестиционных проектов Комитета.
      3. Контракт вступает в силу со дня его регистрации в Отделе оценки инвестиционных проектов Комитета, если иной, более поздний срок вступления в силу, не оговорен в Контракте.
      4. Изменения и дополнения в Контракт должны быть зарегистрированы в порядке, установленном пунктами 2 и 3 настоящей Инструкции.

                3. Свидетельство о регистрации Контракта

      5. Свидетельство о регистрации Контракта является документом, удостоверяющим факт регистрации Контракта, заключенного между Комитетом и инвестором. В свидетельстве о регистрации Контракта указываются:
      1) регистрационный номер контракта;
      2) дата заключения и срок действия контракта;
      3) предоставленные инвестору льготы и преференции;
      4) срок действия предоставленных льгот и преференций;
      5) предоставленные натурные гранты.
      6. Свидетельство о регистрации Контракта с инвестором является официальным документом, удостоверяющим получение льгот и преференций указанным инвестором.
      7. Копия свидетельства вместе с экземпляром Контракта передается на хранение в отдел мониторинга Комитета.

       4. Опубликование информации о регистрации контракта

      8. В течение 30 дней после регистрации контракта Отдел мониторинга инвестиционных проектов Комитета уведомляет соответствующие государственные и местные органы власти о регистрации контракта, и обеспечивает включение данного контракта в перечень контрактов, зарегистрированных Комитетом и публикуемых в средствах массовой информации ежеквартально, с указанием сумм вложения в проекты и количества создаваемых рабочих мест.

Согласовано                                    УТВЕРЖДЕНА
Вице-Министр иностранных дел              Приказом Председателя
Республики Казахстан                     Комитета по инвестициям
                                      Министерства иностранных дел
                                           Республики Казахстан
                                      от 30 марта 2001 года N 24-п

                          Комитет по инвестициям
           Министерства иностранных дел Республики Казахстан

                              СВИДЕТЕЛЬСТВО
                         о регистрации контракта
      с инвестором, осуществляющим инвестиционную деятельность в 
                    приоритетных секторах экономики

____________________________          "____"_____________200__ года
(регистрационный номер контракта)

     Настоящим регистрируется контракт, заключенный между Комитетом по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан и
___________________________________________________________________
                       (наименование инвестора)
Код ОКПО __________________________________________________________
Название и место реализации инвестиционного проекта _______________
___________________________________________________________________
Срок действия контракта____________________________________________
Предоставленные государственные натурные гранты____________________
___________________________________________________________________
Предоставленные льготы по подоходному налогу_______________________
___________________________________________________________________
Предоставленные льготы по земельному налогу________________________
___________________________________________________________________
Предоставленные льготы по налогу на имущество______________________
___________________________________________________________________
Предоставленные льготы по таможенным пошлинам______________________
___________________________________________________________________

Должность       ________________          ________________________
М.П.              (подпись)              (Ф.И.О. должностного лица)