БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай
бюджеттiк жiктемесiне: бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiне: "205109 Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "205110 Жергiлiктi бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер"; "205109 Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "205109 Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер"; "409902 Күрделi" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын: "409903 Жергiлiктi бюджетке берiлетiн ағымдағы трансферттер 409904 Жергілiктi бюджетке берiлетiн күрделi трансферттер"; "409901 Ағымдағы 409902 Күрделi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "409901 Республикалық бюджетке берiлетiн ағымдағы трансферттер 409902 Республикалық бюджетке берiлетiн күрделi трансферттер". 2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады. Министр Мамандар: Икебаева А.Ж. Жұманазарова А.Б.