1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпанындағы N 206 "Мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімін бекіту" бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімінде:
1) 7 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кен және концентраттар Темір 2601
Марганец 2602
Хром 2610
Қорғасын 2607
Цинк 2608";
2) 2, 3 бағандардың атауы "жұмыстар, қызметтер" сөздерімен толықтырылсын;
3) 11 жолмен толықтырылып және мынадай редакцияда жазылсын:
"11. /Жұмыстар, қызметтер/ жоғарыда көрсетілген, тауарлардың экспорты мен импортымен байланысты жұмыстар, қызметтер/".
2. Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін Электрондық мониторинг департаменті (Е.Б. Мұқай) қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Министр