Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 "Мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімін бекіту" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік Кіріс министрінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі N 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1525. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 325, ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығымен (V032471).

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпанындағы N 206 "Мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімін бекіту" бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мониторинг өткізуге жатқызылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша жасалған мәмілелер Тізімінде:
      1) 7 жол мынадай редакцияда жазылсын:
        "7. Кен және концентраттар            Темір      2601
                                              Марганец   2602
                                              Хром       2610
                                              Қорғасын   2607
                                              Цинк       2608";
      2) 2, 3 бағандардың атауы "жұмыстар, қызметтер" сөздерімен толықтырылсын;
      3) 11 жолмен толықтырылып және мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. /Жұмыстар, қызметтер/ жоғарыда көрсетілген, тауарлардың экспорты мен импортымен байланысты жұмыстар, қызметтер/".
      2. Осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін Электрондық мониторинг департаменті (Е.Б. Мұқай) қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтарынан күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады