-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 14 тамыздағы N 373 (тіркелген N 1635) "Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 57 өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Z010148_
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы" мемлекеттік мекеме бағдарламасы әкімшісі бойынша 3 "Ақпараттық кеңістік" кіші функциясында 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобындағы 48 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарихи және мәдени мұраларды сақтау, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын дамытуға жәрдемдесу".
2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр