--------------Бұйрықтан үзінді----------
"Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, кеден ісі саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...
Төраға
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi
1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 12 қазандағы N 355 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 5 қарашада N 1666 болып тiркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2001 ж., N 36-37, 519-құжат)...
_________________________________
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"
Z952368_
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің "Каспий құбыр желiсi Консорциумы туралы" 1997 жылғы 19 сәуiрдегi N 3464
U973464_
Жарлығын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кірiс министрлiгі Кеден комитетiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 30 мамырда N 1441
V011441_
болып тiркелген "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудің кейбiр мәселелерi" туралы N 51 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желiсi көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кедендік ресiмдеудің ережесіне толықтырулар мен өзгерiстер бекiтілсiн:
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Баспасөз қызметі (Б. Омарәлиев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
ҚР МКМ
Кеден комитетінің
2001 жылғы 12 қазандағы
N 355 бұйрығына қосымша
Келісілген ҚР МКМ Кеден комитетінің
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 қазандағы
Мемлекеттік кіріс министрі N 355 бұйрығымен
16 қазан 2001 жыл бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
құбыр желісі көлігімен және электр беру желілері бойынша
тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің ережесіне
толықтырулар мен өзгерістер
1. 8-тармақ "тауарларды" деген сөзден кейiн "осы Ереженің 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
2. 11-тармақ "декларант" деген сөзден кейiн "осы Ереженiң 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 14-тармақтың жетiншi абзацы "декларант" деген сөзден кейiн "осы Ереженің 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 18-тармақта:
1) бiрiншi абзацтағы "әкелiнгеннен кейiн" деген сөздерден кейiн "осы Ереженiң 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
2) екiншi абзац алып тасталсын;
3) төртiншi абзац "толық" деген сөздің алдында "мұнай бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
5. Мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:
"8. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы Каспий құбыр желiсi Консорциумының құбыр желiлерiнiң арналы жүйесi бойынша тасымалданатын мұнайды кедендiк ресiмдеу.
38. Мұнайды кедендiк ресiмдеу Атырау облысы бойынша кеден
басқармасының энергетикалық кеден бекетi қызметiнiң аумағында жүргiзiледi.
39. Үш күнтiзбелiк айдың iшiнде бiр шарт (келiсiм-шарт) бойынша тасымалданатын мұнай бiр топ ретiнде мәлiмденедi, ЖКД-ның 31-бағанына декларант айдың және жылдың атын көрсете отырып "...ішінде жеткізіледі" деген қосымша жазу жазады.
40. Толық жүктік кедендік декларацияны УЖКД-да мәлімделген мұнайды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органына ұсыну мерзімі УЖКД-да көрсетілген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы мұнай тобын жеткізудің соңғы айы біткен күннен бастап үш айдан аспауы тиіс".