Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi ұсынатын статистикалық есеп пен мәлiметтердiң нысандарын жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 347 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде статистикалық есеп берудi ұйымдастыру ережесiне өзгерiстер бекiтiлсiн және Ережеге өзгерiстер мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 347 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде статистикалық есеп берудi ұйымдастыру ережесiне өзгерiстердi (бұдан әрi - Ережеге өзгерiстер) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ережеге өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде Ереженің бекітілген өзгерістеріне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгеріс енгізетін болсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 14 қыркүйектегi
N 354 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 347 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде статистикалық есеп берудi ұйымдастыру ережесiне өзгерiстер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 347 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде статистикалық есеп берудi ұйымдастыру ережесiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1. "Банктiк статистикалық есеп беру тiзбесi және үлгiлердi беру мерзiмi" деп аталатын 2-бөлiмдегi:
1) кестенiң 12-жолы алынып тасталсын;
2) кестенiң 13-жолындағы "ұсыну кезеңдiлiгi" бағанындағы "онкүндiк" деген сөз "айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) кестенiң 15-жолы алынып тасталсын.
2. "Статистикалық есеп беру нысаны" деп аталатын 4-бөлiмдегi:
1) "Банктердiң қолма-қол ақша айналымы (касса айналымы) туралы есебi" МСБ статистикалық есеп - N 12 нысан өзгертiлсiн.
2) "Металл ақша айналымы туралы есеп" ОММ статистикалық есеп - N 15 нысан өзгертiлсiн.
3. "Статистикалық есеп беру нысандарын жасау жөнiндегi нұсқаулар" деп аталатын 5-бөлiмдегi:
1) "Банктердiң қолма-қол ақша айналымы (касса айналымы) туралы есебi" МСБ статистикалық есептi - N 12 нысанды жасау бойынша нұсқаулар алынып тасталсын.
2) "Банктердiң қолма-қол ақша айналымы (касса айналымы) туралы есебi" СБ статистикалық есептi - N 12 нысанды жасауға нұсқаулардың екiншi бөлiгiндегi:
"12 - СБ, 12 - МСБ нысандары бойынша" деген сөздер "12 - СБ нысаны бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"12 - СБ, 12 - МСБ есептерi" "12 - СБ есептерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) "Металл ақша айналымы туралы есеп" ОММ статистикалық есептi - N 15 нысанды жасауға нұсқаулар алынып тасталсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Пірмұхамедова Ұ.А.