Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 430 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1706. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ережесі бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 14 қарашадағы
№ N 430 қаулысымен   
"Бекітілді"       

Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді
жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыру ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасаудың тәртібі мен талаптарын белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Банктік есепшотты тікелей дебеттеу - ақша жіберушіден ақша алынатын және ол ақшаны белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және/немесе белгілі бір ақша сомасы шегінде қолданылатын ақша жіберушінің көрсетілген алу туралы алдын ала рұқсатының негізінде бенефициардың пайдасына берілетін төлем жасау әдісі.
      3. Банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау үшін ақша жіберуші мен оның банкі арасында шарт (бұдан әрі - банктік есепшотты тікелей дебеттеу шарты) жасалады, соған сәйкес ақша жіберуші оның банктік есепшотынан әкелінген тауар, орындалған жұмыс не көрсетілген қызмет үшін бенефициардың талабы негізінде ақша алуға келісім береді.
      Банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартында ақша жіберушінің банкі банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасауына негіз болған бенефициардың құжаты көрсетіледі.
      Банктік шотты тікелей дебеттеу шартын ақша жөнелтушінің өтініші нысанында жасауға рұқсат беріледі, оған сәйкес ақша жөнелтуші банкке банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы бенефициардың пайдасына ақша алуға келісім береді.
      Банктік шотты тікелей дебеттеу шартының талаптарын ақша жөнелтуші мен оның банкі арасында жасалған және банктің ақша жөнелтушіге талап қоюына негіз болатын шартта (банктік шот шарты, банктік қарыз шарты және басқалары) көрсетуге рұқсат беріледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Бенефициардың әкелінген тауар, орындалған жұмыс не көрсетілген қызмет үшін ақы төлеу бойынша талап қоюына ақша жіберуші мен бенефициар арасында жасалған шарт немесе соған сәйкес тауар әкелінген, жұмыс орындалған немесе қызмет көрсетілген басқа да құжат негіз болып табылады.
      5. Ақша жіберушінің банкі ақша жіберушінің есепшотында төлем жасауға қажетті ақша сомасы болған жағдайда банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасайды.
      6. Ақша жөнелтушінің банкінің банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасағаны үшін жеке тариф белгілеуіне рұқсат беріледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Ақша жіберушінің банкі банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартының негізінде және бенефициардың тауар әкелуді, жұмыс орындауды не қызмет көрсетуді растайтын құжаты, оның ішінде есепшот-фактура, түбіртек, хабарлама және/немесе банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартында көрсетілген басқа да құжаттар (бұдан әрі - растау құжаттары) болған жағдайда банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасайды.
      8. Бенефициар растау құжаттарының түпнұсқаларын не олардың нотариат куәландырған көшірмелерін тікелей ақша жіберушінің банкіне не бенефициардың банкіне береді.
      Егер олардың арасында жасалған шартта мұндай талап көзделген болса, растау құжаттарының көшірмелерін бенефициар ақша жіберушіге жібереді.
      Ақша жіберушінің растау құжаттарын кейін ақша жіберушінің банкіне беруі үшін бенефициардың оларды ақша жіберушіге беруіне рұқсат етіледі.
      9. Бенефициар растау құжаттарын бенефициардың банкіне берген кезде, егер бенефициар мен бенефициар банкінің арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, бенефициардың банкі оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақша жіберушінің банкіне жібереді.
      10. Ақша жіберушінің банкі растау құжаттарын алғаннан кейін олардың банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартындағы деректерге сәйкестігін тексереді.
      Ақша жіберушінің банкінің растау құжаттарын қарау және банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасауды орындау не себебін көрсете отырып орындаудан бас тарту мерзімі растау құжаттарын алғаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Растау құжаттары банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартында көрсетілген құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда ақша жіберушінің банкі қайтару себебін көрсете отырып растау құжаттарын бенефициарға (егер бенефициар осы банктің клиенті болып табылса) немесе кейін бенефициарға беру үшін бенефициардың банкіне (егер бенефициар басқа банктің клиенті болып табылса) қайтарады.
      11. Растау құжаттары банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартының талаптарына сәйкес келген жағдайда ақша жіберушінің банкі банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасайды.
      12. Егер ақша жіберуші мен бенефициар бір банктің клиенттері болып табылса, онда банк ақша жіберушінің есепшотынан ақша алуды және оларды төлем ордерінің негізінде бенефициардың есепшотына есептеуді жүзеге асырады.
      13. Егер ақша жіберуші мен бенефициар әр түрлі банктердің клиенттері болып табылса, онда ақша жіберушінің банкі төлем жасау ордерінің негізінде ақша жіберушінің банктік есепшотынан ақша алады, ақша жіберушінің банкінің өзінің төлем тапсырмасы негізінде бенефициардың пайдасына төлем жасайды. Осы төлем тапсырмасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әдіспен және тәртіппен бенефициардың банкіне жіберіледі.
      14. Егер бенефициар және ақша жіберушінің банкі бір тұлға болып табылса, онда ақша жіберушінің есепшотынан ақша алу төлем ордерінің негізінде жүзеге асырылады.
      15. Ақша жөнелтушінің банкі банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау үшін жасаған төлем құжаттары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысында, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысында белгіленген тәртіпте ресімделеді және ұсынылады.
      Төлем тапсырмасының «Ақша жөнелтуші» бағанында ақша жөнелтушінің банк деректемелері көрсетіледі. Қағаз тасымалдағыштағы төлем тапсырмасы уәкілетті тұлғалардың қолдарымен және ақша жөнелтушінің банк мөрі бедерімен (ол болған кезде) расталады.
      Төлем құжаттарының «төлем мақсаты» бағанында төлем құжатын жасауға негіз болған бенефициардың растау құжаттары, сондай-ақ банктік шотты тікелей дебеттеу шартының деректемелері көрсетіледі.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      16. Ақша жіберуші банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасағаннан кейін ақша жіберушінің банкі ақша жіберушіге банктік есепшот шартында белгіленген мерзімде және тәртіппен оның банктік есепшотынан үзінді ұсыну арқылы оның банктік есепшотын дебеттеу туралы хабарлайды.
      17. Бенефициардың банкі бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде бенефициарға банктік есепшот шартында белгіленген мерзімде және тәртіппен есепшотынан үзінді ұсыну арқылы оның банктік есепшотын кредиттеу туралы хабарлайды.
      18. Ақша жөнелтушінің банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау үшін ақшасы болмаса не жеткіліксіз болса, ақша жөнелтушінің банкіне, банктік шотты тікелей дебеттеу шартында өзгеше көзделмесе, растау құжаттарын бенефициардың банкіне (егер бенефициар басқа банктің клиенті болса) кейін оны бенефициарға беру үшін немесе бенефициарға (егер бенефициар ақша жөнелтушінің банкінің клиенті болса) қайтаруға рұқсат беріледі.
      Егер бенефициар және ақша жіберушінің банкі бір тұлға болып табылса, онда ақша жіберушінің банкі, жіберушіде ақша жеткіліксіз болса не ақша болмағанда, егер банктік есепшотты тікелей дебеттеу шартында басқаша көзделмесе, төлем ордерін картотекаға орналастырады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша болмаса не жеткіліксіз болса, ақша жөнелтушінің банкінің ақша жөнелтушіге қарыз беруіне рұқсат беріледі. Қарыз беру талаптары мен өтеу тәртібі шартта белгіленеді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     20. Бенефициар мен ақша жіберуші арасында банктік есепшотты тікелей дебеттеу арқылы төлем жасауға байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда бұл мәселелер ақша жіберуші мен бенефициар арасында жасалған шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес реттеледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Төраға

Об утверждении Правил осуществления платежей путем прямого дебетования банковского счета

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 ноября 2001 года N 430. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1706. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей порядок осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления платежей путем прямого дебетования банковского счета и ввести их и настоящее постановление в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      2. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил осуществления платежей путем прямого дебетования банковского счета;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила осуществления платежей путем прямого дебетования банковского счета до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жангельдина Е.Т.
 
      Председатель
 

                                                  Утверждены                                                     постановлением Правления
                                             Национального Банка
                                            Республики Казахстан
                                          от 14 ноября 2001 г. N 430

 
 
                           Правила осуществления 
          платежей путем прямого дебетования банковского счета 

 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила осуществления платежей путем прямого дебетования банковского счета разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан», от 29 июня 1998 года «О платежах и переводах денег» и определяют порядок и условия осуществления платежей путем прямого дебетования банковского счета.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Прямое дебетование банковского счета - способ осуществления платежа, при котором производится изъятие денег у отправителя денег и передача их в пользу бенефициара на основании предварительного разрешения отправителя денег об указанном изъятии, действующего в течение определенного периода времени и/или в пределах определенной суммы денег.
      3. Для осуществления платежа путем прямого дебетования банковского счета между отправителем денег и его банком заключается договор, в соответствии с которым отправитель денег дает согласие на изъятие денег с его банковского счета на основании требований бенефициара за поставленные товары, выполненные работы либо оказанные услуги (далее - договор прямого дебетования банковского счета).
      В договоре прямого дебетования банковского счета указываются документы бенефициара, при наличии которых банк отправителя денег осуществляет платеж путем прямого дебетования банковского счета.
      Допускается заключение договора прямого дебетования банковского счета в форме заявления отправителя денег, в соответствии с которым отправитель денег дает согласие банку на изъятие денег в пользу бенефициара путем прямого дебетования банковского счета.
      Допускается указание условий договора прямого дебетования банковского счета в договоре, заключенном между отправителем денег и его банком, и являющемся основанием для предъявления требований банка к отправителю денег (договор банковского счета, договор банковского займа и другие).
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Основанием для предъявления требований бенефициара по оплате поставленных товаров, выполненных работ или оказанных услуг является договор между отправителем денег и бенефициаром или другие документы, в соответствии с которыми осуществляется поставка товаров, выполнение работ или оказание услуг.
      5. Банк отправителя денег осуществляет платеж путем прямого дебетования банковского счета при наличии необходимой суммы денег на банковском счете отправителя денег для его исполнения.
      6. Допускается установление банком отправителя денег отдельного тарифа за осуществление платежа путем прямого дебетования банковского счета.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

 2. Порядок осуществления платежа путем
прямого дебетования банковского счета отправителя денег

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Банк отправителя денег осуществляет платеж путем прямого дебетования на основании договора прямого дебетования банковского счета и при наличии документов бенефициара, подтверждающих поставку товаров, выполнение работ либо оказание услуг, в том числе счета-фактуры, квитанции, извещения и/или других документов (далее - подтверждающие документы), указанных в договоре прямого дебетования банковского счета.
      8. Бенефициар представляет оригиналы подтверждающих документов либо их нотариально удостоверенные копии непосредственно в банк отправителя денег либо в банк бенефициара.
      Копии подтверждающих документов направляются бенефициаром отправителю денег, если данное условие предусмотрено договором, заключенным между ними.
      Допускается представление бенефициаром подтверждающих документов отправителю денег для последующего их направления отправителем денег в банк отправителя денег.
      9. При предъявлении бенефициаром в банк бенефициара подтверждающих документов банк бенефициара направляет их в банк отправителя денег не позднее трех рабочих дней со дня их получения, если иное не предусмотрено договором, заключенным между бенефициаром и банком бенефициара.
      10. Получив подтверждающие документы, банк отправителя денег осуществляет проверку полученных документов на их соответствие данным, содержащимся в договоре прямого дебетования банковского счета.
      Срок рассмотрения банком отправителя денег подтверждающих документов и исполнения либо мотивированного отказа в исполнении платежа путем прямого дебетования банковского счета отправителя денег не должен превышать трех рабочих дней со дня получения подтверждающих документов.
      При выявлении несоответствия подтверждающих документов документам, указанным в договоре прямого дебетования банковского счета, банк отправителя денег возвращает подтверждающие документы бенефициару с указанием причины возврата (если бенефициар является клиентом данного банка) или банку бенефициара для последующей передачи бенефициару (если бенефициар является клиентом другого банка).
      11. При соответствии подтверждающих документов условиям договора прямого дебетования банковского счета банк отправителя денег осуществляет платеж путем прямого дебетования банковского счета.
      12. Если отправитель денег и бенефициар являются клиентами одного банка, то банк осуществляет изъятие денег со счета отправителя денег и их зачисление на счет бенефициара на основании платежного ордера.
      13. Если отправитель денег и бенефициар являются клиентами разных банков, то банк отправителя денег осуществляет изъятие денег с банковского счета отправителя денег на основании платежного ордера, а платеж в пользу бенефициара на основании платежного поручения самого банка отправителя денег. Данное платежное поручение направляется в банк бенефициара способами и в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      14. Если бенефициар и банк отправителя денег являются одним лицом, то изъятие денег со счета отправителя денег осуществляется на основании платежного ордера.
      15. Платежные документы, составленные банком отправителя денег для осуществления платежа путем прямого дебетования банковского счета, оформляются и предъявляются в порядке, установленном постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года № 179 «Об утверждении Инструкции по оформлению, использованию и исполнению платежных поручений, платежных требований-поручений, инкассовых распоряжений», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1155, а также постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 433 «Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей между клиентом и обслуживающим его банком», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1352.
      В графе «Отправитель денег» платежного поручения указываются реквизиты банка отправителя денег. Платежное поручение на бумажном носителе заверяется подписями уполномоченных лиц и оттиском печати банка отправителя денег (при ее наличии).
      В графе «назначение платежа» платежных документов указываются подтверждающие документы бенефициара, на основании которых составлен платежный документ, а также реквизиты договора прямого дебетования банковского счета.
      Сноска. Пункт 15 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 25.02.2015 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      16. После осуществления платежа путем прямого дебетования банковского счета отправителя денег, банк отправителя денег извещает отправителя денег о дебетовании его банковского счета путем предъявления выписки с его банковского счета в сроки и порядке, установленном договором банковского счета.
      17. При поступлении денег в пользу бенефициара, банк бенефициара извещает бенефициара о кредитовании его счета путем предъявления бенефициару выписки с его банковского счета в сроки и порядке, установленном договором банковского счета.
      18. При отсутствии либо недостаточности денег у отправителя денег для осуществления платежа путем прямого дебетования банковского счета допускается возврат банком отправителя денег подтверждающих документов с указанием причины возврата в банк бенефициара для последующей их передачи бенефициару (если бенефициар является клиентом другого банка) или бенефициару (если бенефициар является клиентом банка отправителя денег), если иное не предусмотрено договором прямого дебетования банковского счета.
      Если бенефициар и банк отправителя денег являются одним лицом, то банк отправителя денег при недостаточности либо отсутствии денег у отправителя денег помещает платежный ордер в картотеку, если иное не установлено договором прямого дебетования банковского счета.
      Сноска. Пункт 18 с изменением, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      19. При отсутствии либо недостаточности денег на банковском счете отправителя денег допускается предоставление отправителю денег банком отправителя денег займа. Условия предоставления и порядок погашения займа устанавливаются договором.
      Сноска. Пункт 19 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      20. При возникновении спорных вопросов между бенефициаром иотправителем денег, связанных с осуществлением платежа путем прямогодебетования банковского счета, данные вопросы регулируются в соответствии с условиями договора, заключенного между отправителем денег и бенефициаром, и действующим законодательством Республики Казахстан.

                    Глава 3. Заключительные положения

      Сноска. Глава 3 исключена постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     Председатель


     (Специалисты: Пучкова О.Я.,
                   Мартина Н.А.)