Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру және оны Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң қатысуымен сатып алу-сату мәмiлелерiн жүргiзу туралы" 1999 жылғы 24 маусымдағы N 352
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтағы "("жерi репо" мәмiлелерiн - бағалы қағазды оны кейiннен керi сату мiндеттемелерiнiң шарттарында сатып алуды қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 1-2-тармақ алынып тасталсын.
2. Бағалы қағаздар рыногын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны орталық аппараттың мүдделi бөлiмшелерiне, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi агенттiгiне, кастодиан банктерге, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарына оларға осы қаулыны барлық мүшелерiне жеткiзудi мiндеттей отырып жiберсiн.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы