Ескерту: Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 2000 жылғы 30 маусымдағы N 633 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 заңының 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 32-бабының 2-тармақшасының негізiнде жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн салымшыларының (алушыларының) құқықтары мен мүдделерiн қорғау және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң қатысуымен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы жасайтын сатып алу-сату мәмiлелерiне бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң қатысуымен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлелерiнiң үзiлiссiз қарама-қарсы аукцион әдiсiмен жасалатындығы белгiленсiн.
Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 19 қазандағы N 410
қаулысымен.
1-1. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен жасалған "керi репо" мәмiлелерiнiң 30 күннен аспайтын мерзiмге жасалатындығы белгiленсiн.
1-2. <*>
Ескерту: 1-2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 19 қазандағы N 410
қаулысымен.
2. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттiк тiркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, кастодиан-банктердiң және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың назарына жеткiзсiн.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы