"Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің Мемлекеттік тізілімінде Салық төлеушілерді уақытша тіркеу ережесін бекіту туралы"

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1730. Күші жойылды - КМК 2001 жылғы 18 мамырдағы N 613 ~V011730 бұйрығының 2-тармағын қараңыз.

Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкісінің N 3867 займы шегінде іске асырылатын "Салық әкімшіліктендіруін жаңғырту" жобасын іске асыру жоспары бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қоса берілген мынадай құжаттар бекітілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің Мемлекеттік тізілімінде Салық төлеушілерді уақытша тіркеу ережесі (бұдан әрі - Уақытша ереже). 2) тіркеу өтініштерінің нысандары: ВХ-01Ю-98; ВХ-01Ф-98; ВХ-01Ю-00. 2. Уақытша ережелердің қолданылуы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына шейін деп белгіленсін. 3. Ақпараттық технологиялар департаменті (А.В. Евсюков) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуы Вице-Министр Қ.А. Нүрпейісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енгізіледі. Министр Келісілді Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрінің Қаржы министрі 2001 жылғы 18 мамырдағы 2001 жылғы 3 қыркүйек N 613 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеушілерді тiркеудiң уақытша ережесi 1. Жалпы ережелер
      1. Осы Уақытша Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заңына және "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiн есепке алудың автоматтандырылған бiрыңғай деректер банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 P000991_ қаулысына сәйкес әзiрлендi, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлердi 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылатын Салық төлеушiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне уақытша тiркеу және тiркеу есебiне қою тәртiбiн белгiлейдi, салық органдарында салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрiн берудiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесiмен қамтамасыз ету, салық төлеушiлер туралы деректердiң ұлттық базасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұтастырылған салықтық ақпараттық жүйесiн енгiзуге әзiрлiк үшiн арналған.
      2. Осы Уақытша Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
      1) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң дұрыс есептелуi және уақтылылығына бақылауды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) жүргiзетiн салық төлеушiлердiң есебiнiң мемлекеттiк дерекқор жүйесi;
      2) салық төлеушілердi мемлекеттiк тiркеу - Тiзiлiмге салық төлеушi туралы мәлiметтер енгiзу;
      3) ҚР ТСАЖ - Қазақстан Республикасының Тұтастандырылған салықтық ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - Жүйе);
      4) салық төлеушiлердi есепке алудың бұрынғы жүйесi (бұдан әрi - есепке алудың бұрынғы жүйесi) - Жүйенi енгiзгенге дейiн пайдаланылған (қазiргi уақытта пайдаланылып жүрген) "ААЖ-Салық", "СҚКБЖ", "Мемлкiрiсшiнiң-АЖО" бағдарламалық қамтамасыз ету;
      5) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) - Тiзiлiмде ол туралы деректердi енгiзу және салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу кезiнде салық төлеушiге салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлығы бойынша берiлетiн бiртұтас нөмiр;
      6) салық төлеушiнiң тiркеу есебi - салық төлеушiнi қорытындысында салық төлеушiнiң орналасқан жерiн, оның салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлерiнiң керек-жарағын тiркейтiн, сондай-ақ салық төлеушiнiң есептiк сипаттағы ағымдағы өзгерiстерiн тiркейтiн салық органына есепке қою;
      7) салық төлеушiнiң куәлiгi (бұдан әрi - Куәлiк) - қатаң есептемелi бланкте дайындалатын және Тiзiлiмде оны тiркеу кезiнде салық төлеушiге берілетiн СТН иеленуi туралы құжат;
      8) жүйе - Тiзiлiмде салық төлеушiнi тiркеу және Куәлiктi басуға арналған "Тiркеу" бағдарламасымен қамтамасыз ету.
 
                          2. Тұлғаларды тiркеу
 
      3. Бiрiншi кезеңдегi тiркеуге мыналар жатады:
      1) 2001 жылғы 31 мамырға дейiнгi мерзiмде - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, салық мiндеттемелерi бар құрылымдық бөлiмшелерi, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер;
      2) 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде - жеке кәсiпкерлер;
      3) 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде - тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар.
      4. 2001 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық органдарында есепте тұрған тұлғаларды тiркеу келу тәртiбiнде немесе салық есептерiн оларға тапсыру кезiнде тiркеу туралы салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргізіледі.
      Тiркеу тiркейтiн салық органдарының салық төлеушiге өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Куәлiк берген күннен 2 (екi) жұмыс күн iшiнде салық органдары жүзеге асырады.
      5. Салық мiндеттемелерi бiрiншi пайда болатын тұлғаларды тiркеу тiркейтiн салық органдарының салық төлеушiге олар өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Куәлiк берген күннен 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде СТН берумен жүзеге асырылады.
 
                 3. Салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН)
 
      6. Тiркеу рәсiмi өтiп жатқан кезде СТН Тiзiлiмге кейiн жiберілетiн деректер базасына енгiзiледi.
      7. Салық төлеушiде бiреуден артық СТН қолға түскен жағдайда, СТН беру күнi бойынша неғұрлым ерте берiлгенi сақталады. Қалған СТН жарамсыз деп танылады.
 
                            4. Өтiнiш нысандары
 
      8. Тiркелу үшiн салық төлеушi мынадай нысандардан бiр-бiрден тiркеу туралы өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш) тиiстi салық органына бередi:
      1) ВХ-01Ю-98 - заңды тұлғалар, оның филиалдары, құрылымдық бөлiмшелер, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер бередi (N 1 қосымша).
      2) ВХ-01Ю-00 - заңды тұлғалар оның филиалдарын, құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу кезiнде бередi (N 2 қосымша). Соның iшiнде филиалдар және құрылымдық бөлiмшелер ВХ-01Ю-98 нысанын бередi.
      3) ВХ-01Ф-98 - жеке тұлғалар, соның iшiнде жеке кәсiпкерлер үшiн (N 3 қосымша).
      9. Салық төлеушi тiркеу есебiнен шығуы мынадай нысандардан бiр-бiрден тiркеу есебiнен шығуы туралы өтiнiштi тиiстi салық органына бередi:
      1) ВХ-02Ю-98 - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, құрылымдық бөлiмшелер, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер үшiн (N 4 қосымша);
      2) ВХ-02Ф-00 - жеке тұлғалар, соның iшiнде жеке кәсiпкерлер үшiн (N 5 қосымша).
      10. Салық төлеушiлер өтiнiш бланкілерiн аумақтық салық органдарынан, сондай-ақ Министрліктің www.мgd.кz сайтындағы "Салық төлеушілерді Мемлекеттiк Тiзілiмге тiркеу" бөлiмiнен тегiн алуына болады.
      11. Өтiнiш нысандарын тiркеу кезiнде:
      1) заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкiлдiктерi, шетелдiк заңды тұлғаларға - әділет органдарында мемлекеттiк тiркелу (есепке алу) деректерiне және статистика кодтарына сәйкес;
      2) жеке тұлғалар, соның iшiнде жеке кәсiпкерлерге - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiне сәйкес толтырылады.
      12. Салық төлеушiнiң тапсырмасы бойынша 8, 9 тармақтарда көрсетiлген өтiнiштердi беруге уәкiлеттi өкіл салық органына жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырады және салық төлеушiге осы салық органында құқық бередi.
      13. Өтiнiшке құрылтайшы, басшы немесе басқа да уәкiлеттi тұлғаның ғана қол қоюға құқы бар. Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң жеке басы:
      1) құрылтайшы үшiн - деректерi құрылтайшылық құжаттардағы деректермен салыстырылатын жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен (егер құрылтайшылар бiрнешеу болса, салық органына мүдделердi таныстыру құқығына сенiмхат көшiрмесi көрсетіледi);
      2) басшы үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен және басшы болып тағайындалғаны туралы көшiрме (анықтама) немесе келiсiм-шартпен; 3) уәкiлеттi тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен және салық төлеушiнiң өтiнiшiне қол қою құқығына сенiмхат көшiрмесiмен; 4) жеке кәсiпкерлер үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен расталады. 14. Нысандар қара сиялы қаламмен бас әрiппен баспаша тиянақты толтырылады. Қарындашпен немесе басқа түстi сиямен толтыруға болмайды. 15. Қызметтiк белгi үшiн көзделген тор көздi құжаттарды қабылдайтын маман толтырады. 16. Нысандарды стиплермен тiгуге немесе дыраколмен тесуге болмайды. 5. Тiзiлiмге тiркеу тәртiбi 17. Салық төлеушi тиiстi тор көзде өтiнiштi берудiң мынадай негiздердiң бiреуiн белгілей отырып, ВХ-01Ю-98 және/немесе ВХ-01Ю-00 немесе ВХ-01Ф-98 нысаны бойынша тiркейтiн салық комитетiне өтiнiштi тапсырады: Қазақстан Республикасының салық төлеушiсiн мемлекеттiк тiркеу; тiркелу деректерiнiң өзгеруi; тiркеу есебiне қою.
      18. Берiлген өтiнiшке сәйкес тiркейтiн салық органы Тiзілiмнiң дерекқорына оның болашақта берiлетiн хабары үшiн дерекқорға ақпарат енгiзу үшiн материалдар (мәлiметтер) даярлайды.
      19. Көрсетiлген өтiнiштегi ақпарат бұрынғы жүйелерден беру рәсiмiнен кейiнгi Жүйеде болып табылатын ақпаратпен толықтығы және сәйкестiгi салыстырылады.
      20. Жүйедегi ақпараттан көрсетiлген өтiнiштегi ақпарат арасында айырмашылық болған жағдайда, Жүйеге соңғы күнiн салық төлеушi растаған салық төлеушiнiң өтiнiшiнде келтiрілген ақпарат енгiзілуi қажет.
      21. Жүйенiң Тiзiлiмге тiркеуден бас тартуы жағдайында, салық тiркеу бөлiмi немесе тiркеу есебi үшiн материалдар әзiрлеумен айналысатын өзге бөлiм салық органына салық төлеушi өтiнiш берген сәттен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде бас тартудың себебiн салық төлеушiлермен жұмыс жөнiндегi бөлiм хабарлайды.
      22. Тiркеу аяқталғанда Куәлiк беріледi. Куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi Жүйеге енгiзiледi және қатаң есептеме бланкiлерiмен есеп айырысу жөнiндегi тиiстi журналда ескеріледi.
      23. Егер Куәлiктi басып шығару кезiнде Куәлiк бланкiсi бүлiнсе, Куәлiктi басу жаңа бланкiде жүргiзiледi. Бұл ретте, Жүйеде бүлiнген бланк нөмiрiн жаңа бланк нөмiрiне ауыстыру мiндеттi түрде жүргiзіледi. Бланктiң бүлiну фактiсi қатаң бланк есептемесiнiң есебi жөнiндегi құжаттарда көрсетiледi.
      24. Куәлiктi салық төлеушiге өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) күн iшiнде беріледi. Куәлiк беру "Қазақстан Республикасының Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген салық төлеушiлердiң тiзiмi" журнал-хаттамасындағы өтiнiш берушiнiң қолмен расталады.
      25. Куәлiк салық төлеушiнiң өзiмен бiрге жүруi қажет. Ол жоғалған жағдайда, салық төлеушi куәлiктiң көшiрмесiн алу үшiн тiркеу есебi туралы өтiнiштi тiркейтiн салық органына беруi қажет. Куәлiктiң көшiрмесiн беру тәртiбi осы Ереженiң 25-тармағында айқындалған.
      26. Салық төлеушiнiң өтiнiш және тиiстi құжаттардың көшiрмелерi салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық органында сақталады.
 
      6. Аудан-облыс-орталық сызбасы бойынша сатылас ақпарат алмастыру
                 үшiн салық комитетiнiң телекоммуникацияларының
                         толық әзiрленуi кезiнде тiркеу
 
      27. Облыстық салық комитетiнде, Алматы және Астана қалаларындағы салық комитеттерiнде қызметкер ретiнде бастапқы тiркелу күнiне осы салық комитетiнде есепте тұратын сол салық төлеушілер бойынша ғана ақпаратты дерекқор қалады.
      28. Тiркеу құжаттарын қабылдау аудандық салық комитетiнде жүргiзiледi. СТН иелену және тiркеу тiркеуге жiберiлгенi туралы Жүйеден растау алғаннан кейiн ғана жүргiзiледi, яғни, СТН Жүйеде нөмiрi және берiлген күнi тiркелген Куәлiк салық төлеушiге берiлгеннен кейiн ғана Жүйе дерекқорында тiркеледi.
      29. Өтiнiш түскен кезде, мiндетiне өтiнiш қабылдау кiретiн бөлiмнiң жауапты қызметкерi Өтiнiште барлық қажеттi деректемелерi бар-жоғын тексередi және Жүйеге тиiстi салық төлеушiнi енгiзу туралы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшесiн күн сайын хабарландырып, Жүйеге ақпарат енгiзедi. Министрлiк өз кезегiнде салық төлеушiлердiң Жүйесiне енгiзiлгенi туралы ақпаратты салық органына жеткiзедi.
 
       7. Аудан-облыс-орталық сызбасы бойынша сатылас ақпарат алмастыру
            үшiн салық комитетiнiң телекоммуникацияларының бөлшектеп
                        әзiрленуi кезiнде Тiзiлiмге тiркеу
 
      30. Тiркеу құжаттарын қабылдау аудандық салық комитетiнде жүргiзiледi. СТН иелену және тiркеу тiркеуге жiберу туралы Облыстық деңгейдегi жүйеден растау алғаннан кейiн ғана жүргiзiледi, осыдан кейiн салық төлеушiге Облыстық деңгейдегi жүйеге нөмiрi тiркелетiн Куәлiгi беріледi.
      31. Өтiнiш түскен кезде, салық тiркеу бөлiмiнiң немесе тiркеу есебi үшiн материалдар әзiрлеумен айналысатын өзге бөлiмнiң жауапты қызметкерi оның барлық қажеттi деректемелерi бар-жоғын тексередi және Облыстық деңгейдегi жүйеге ақпарат бередi.
 
       8. Аудан-облыс-орталық сызбасы бойынша сатылас ақпарат алмастыру
              үшiн салық комитетiнiң телекоммуникацияларының толық
                     әзiр болмауы кезiнде Тiзiлiмге тiркеу
 
      32. Тiркеу құжаттарын қабылдау аудандық салық комитетiнде жүргiзiледi. СТН иелену және тiркеу тiркеуге жiберу туралы Жүйеден растау алмай-ақ бөлек жүргiзiледi. Яғни, СТН тiркеу бөлек Жүйеде нөмiрi тiркелетiн Куәлiктi салық төлеушiге бергеннен кейiн бөлек Жүйенiң дерекқорында тiркеледi. 9. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк Тiзiлiмiне тiркеуден бас тарту 33. Өтiнiш бланкiсi дұрыс толтырылмаған кезде, сондай-ақ егер салық төлеушi СТН бар болса, бас тарту себебi мiндеттi түрде көрсетiлген Тiзiлiмге тiркеуден бас тартылады. 10. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi 34. Салық төлеушi салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi: 1) заңды тұлға, оның филиалы, құрылымдық бөлiмшелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға үшiн: заңды тұлға, оның филиалы, құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша және/немесе; қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша және/немесе; тұрғылықты жерi және/немесе салық салу объектілерiн тiркеу бойынша; 2) жеке тұлға үшiн: тұрғылықты жерi бойынша; орналасқан жерi және/немесе салық салу объектiлерiн тiркеу бойынша; кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша. 35. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы құжаты бар және өз қызметiн заңды тұлғаның бiлiмсiз жүзеге асыратын жеке тұлғаның орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қоюға жатады. 36. Құрылымдық бөлiмшелердi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою жайлы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған заңды тұлғаның СТН көрсетiледi. 11. Салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты шығарылуы 37. Тiзілiмнен салық төлеушiнiң шартты шығарылуы салық мiндеттемелерiн тоқтатумен байланысты жүзеге асырылады.
      38. Жиынтық жылдық табысы туралы декларацияны заңда белгiленген беру мерзiмi өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде бермеген, оның тұрғылықты орны болмаған немесе бiр жыл iшiнде белгiлеу мүмкiн болмаған жағдайда, салық төлеушiнi, сондай-ақ заңды тұлғалар оларсыз әрекет ете алмайтын құрылтайшыларды (қатысушылар) және лауазымды тұлғаларды СТН сақтай отырып, Тiзiлiмнен шартты шығару жүргiзiледi.
 
              12. Салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң өзгеруi
 
      39. Аталған салық төлеушiнiң өтiнiшiндегi тiркелген деректерi өзгерген жағдайда, салық төлеушi мұндай деректер өзгерген сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде салық органына бұл жайлы мәлiмдеуге мiндеттi. Бұл ретте, салық төлеушi осы өзгерiстер расталған құжаттар көшiрмелерiн бере отырып, өтiнiш нысанында "Тiркеу деректерiнiң өзгеруi" операциясының түрiн көрсетедi:
      1) заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың орналасқан жерi өзгерген кезде:
      орналасқан жерiнiң өзгергенiн растайтын құжаттар көшiрмелерi;
      2) жеке кәсiпкердiң орналасқан жерi өзгерген кезде:
      орналасқан жерiнiң өзгергенiн растайтын құжаттар көшiрмелерi немесе жаңа орналасқан жерi туралы тiркеу органы берген анықтама көшiрмесi;
      3) заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаның таратылуына байланысты:
      салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрiн бергенi туралы куәлiк немесе оның көшiрмесi;
      қызметiн ерiктi түрде тоқтатқаны туралы шешiм қабылдаған жағдайда, тiркеушi органнан алған қызметiн тоқтату туралы бұйрықтың көшiрмесi;
      соттың шешiмi бойынша қызметiн тоқтатқан жағдайда, сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      филиалдардың және/немесе өкiлдiктiң немесе заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн тоқтатқаны туралы өкiмгерлiк құжаттар көшiрмесi;
      4) жеке кәсiпкер қайтыс болған жағдайда, мұрагерлерi болмаса уәкiлеттi тұлғалары мыналарды бередi:
      қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      СТН иеленгенi туралы куәлiк немесе оның көшiрмесi.
      40. Орналасқан (тұрғылықты) жерi немесе қызметiн жүзеге асыратын жерi өзгерген жағдайда, салық төлеушi мұндай деректерi өзгерген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде ол есепте тұрған салық органында тiркеу есебiнен шығаруға және бұрынғы СТН сақтай отырып, жаңа орналасқан (тұрғылықты) жерi немесе қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
      41. Салық төлеушiнiң жаңадан орналасқан жерi бойынша салық органы салық төлеушiнi оған бұрын берілген СТН-мен есепке қояды және тiркеу туралы растау, есептен шығарылған сәттегi мемлекеттiк бюджетпен өзара есептердi салыстыру актiсi және дербес шотының көшiрмелерi негiзiнде төлемдер есебiн жалғастырады.
      42. Заңды тұлға, филиал, өкiлдiк, құрылымдық бөлiмшелер, тұрақты мекеме құрып, Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес қызметiн тоқтатқан (таратқан) немесе қайта ұйымдастырған, не жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан жағдайда, көрсетiлген тұлғалар тiркеу есебiнен шығару туралы өтiнiш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде салық органы Заңның 139-1 бабының 6-тармағына сәйкес тiркеу есебiнен шығаруды жүргiзедi.
      43. Салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң шығару туралы өтiнiшiнде бюджет алдында берешектiң болмауы немесе болуы туралы тиiстi салық органының белгiсi қойылуы қажет. 44. Барлық тiркеу деректерiндегi және тiркеу нысанының деректемелерiндегi өзгерiстердi салық тiркеу бөлiмi немесе тiркеу есебi үшiн материалдар әзiрлеумен және СТН барын растаумен айналысатын өзге де бөлiмдер Жүйеге енгiзуге мiндеттi. 45. Қызметiн тоқтатуына байланысты есептен шығару жағдайында, есептен шығару туралы өтiнiш, Куәлiк салық төлеушiнiң жеке iс парағына тiгiледi. 46. Орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн ауыстыруына байланысты есептен шығу жағдайында, есептен шығару туралы өтiнiш салық төлеушiнiң жеке iс парағына тiгiледi. 13. Тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiндегi салық органдарының және салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi 47. Салық органы СТН тiркеудi жүргiзу мен беру дұрыстығы үшiн жауап бередi. 48. Тiркелген өтiнiш нысандарында мәлiметтердi толтырудың толықтығы үшiн өтiнiштi алған салық инспекторына жауапкершiлiк жүктеледi. 49. СТН алу және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тiркеу есебiне қою кезiнде берiлген мәлiметтердiң растығы үшiн салық төлеушi жауап бередi. N 1 қосымша ВХ-01Ю-98 нысан Салық төлеуші заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің тіркелгені туралы Өтініш (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 2 қосымша ВХ-01Ф-98 Нысан Салық төлеушінің, филиалдың, өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің тіркелгені туралы Өтініш (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 3 қосымша ВХ-01Ф-98 Нысан Салық төлеуші жеке тұлғаның, соның ішінде жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы Өтініш (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 4 қосымша ВХ-01Ю-98 нысан Салық төлеуші заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінен алып тастау туралы N____ Өтініші (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 5 қосымша ВХ-01Ю-98 нысан Салық төлеуші жеке тұлғаның, соның ішінде жеке кәсіпкердің тіркеу есебінен алып тастау туралы N____ Өтініші (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.
 

Об утверждении Временных правил регистрации налогоплательщиков в Государственном Реестре налогоплательщиков Республики Казахстан

Приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 18 мая 2001 года N 613. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 января 2002 года N 1730. Действие настоящих Временных правил с 1 февраля 2001 года по 31 декабря 2001 года (см. пункт 2 Приказа (см. ниже)

      В целях осуществления мероприятий по плану реализации проекта "Модернизация налогового администрирования", реализуемого в рамках займа Международного Банка реконструкции и развития 3867-КZ, приказываю:
      1. Утвердить следующие прилагаемые к настоящему приказу документы:
      1) временные правила регистрации налогоплательщиков в Государственном Реестре налогоплательщиков Республики Казахстан (далее - Временных правил); 2) формы регистрационных заявлений: ВХ-01Ю-98; ВХ-01Ф-98; ВХ-01Ю-00. 2. Установить действие Временных правил с 1 февраля 2001 года по 31 декабря 2001 года. 3. Департаменту информационных технологий (Евсюков А.В.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра К.А.Нурпеисова. 5. Настоящий приказ вступает в силу с момента государственной регистрации. Министр Согласовано Утверждены Министр финансов Приказом Министра Республики Казахстан Республики Казахстан от 18 мая 2001 года N 613 Временные Правила регистрации налогоплательщиков в Государственном Реестре налогоплательщиков Республики Казахстан 1. Общие положения
      1. Настоящие Временные Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 апреля 1995 года Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" и P000991_ постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2000 года N 991 "О создании единого автоматизированного банка данных учета налогоплательщиков Республики Казахстан", устанавливают действующий до 31 декабря 2001 года порядок регистрации в Государственном Реестре налогоплательщиков и постановки на регистрационный учет плательщиков налогов и других обязательных платежей в бюджет, предназначенный для подготовки к внедрению информационной налоговой интегрированной системы Республики Казахстан в целях обеспечения единой централизованной системы присвоения регистрационного номера налогоплательщика в налоговых органах, создания национальной базы данных о налогоплательщиках.
      2. Понятия применяемые в настоящих Временных Правилах:
      1) государственный реестр налогоплательщиков Республики Казахстан (далее - Реестр) - система государственных баз данных учета налогоплательщиков, которые ведет Министерство государственных доходов Республики Казахстан (далее - Министерство) с целью осуществления контроля над правильностью исчисления и своевременностью уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      2) государственная регистрация налогоплательщиков - внесение сведений о налогоплательщике в Реестр;
      3) ИНИС РК - информационная налоговая интегрированная система Республики Казахстан (далее - Система);
      4) прежние системы учета налогоплательщиков (далее - прежние системы учета) - программное обеспечение "АИС-Налог", "СКУНС", "АРМ-Госдоходника", использованное (используемое в настоящее время) до внедрения Системы;
      5) регистрационный номер налогоплательщика (далее - РНН) - единый по всем видам налогов и других обязательных платежей в бюджет номер, который присваивается налогоплательщику при его государственной регистрации в качестве налогоплательщика и внесении сведений о нем в Реестр;
      6) регистрационный учет налогоплательщика - постановка на учет в налоговом органе налогоплательщика, в результате которого фиксируется место нахождения налогоплательщика, принадлежность ему объектов налогообложения и объектов, связанных с налогообложением, а также регистрация текущих изменений учетных характеристик налогоплательщика;
      7) свидетельство налогоплательщика (далее - Свидетельство) - документ о присвоении РНН, изготавливаемый на бланке строгой отчетности и выдаваемый налогоплательщику при его регистрации в Реестре;
      8) система - программное обеспечение "Регистрация", предназначенное для регистрации налогоплательщиков в Реестре и печати Свидетельства.
 
                          2. Регистрация лиц
 
      3. Регистрации подлежат:
      1) юридические лица, их филиалы, структурные подразделения, имеющие налоговые обязательства, в том числе нерезиденты, осуществляющие деятельность в Республике Казахстан - в срок до 31 декабря 2001 года;
      2) индивидуальные предприниматели - в срок до 31 декабря 2001 года;
      3) физические лица - нерезиденты, осуществляющие индивидуальную предпринимательскую деятельность через постоянное учреждение - в срок до 31 декабря 2001 года.
      4. Регистрация лиц, состоящих на учете в налоговых органах Республики Казахстан по состоянию на 1 февраля 2001 года производится на основании заявления налогоплательщика о регистрации в явочном порядке или при сдаче ими налоговых отчетов.
      Регистрация осуществляется налоговыми органами в течение 2 (двух) рабочих дней с выдачей налогоплательщику регистрирующими налоговыми органами Свидетельства в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня подачи заявления.
      5. Регистрация лиц, налоговые обязательства которых возникают впервые осуществляется с присвоением РНН в течение 2 (двух) рабочих дней с выдачей налогоплательщику регистрирующими налоговыми органами Свидетельства в течение 5 (пяти) рабочих со дня подачи им заявления.
 
            3. Регистрационный номер налогоплательщика (РНН)
 
      6. При прохождении процедуры регистрации РНН заносится в базу данных, которая в дальнейшем передается в Реестр.
      7. В случае обнаружения у налогоплательщика более одного РНН, сохраняется наиболее ранний по дате присвоения РНН. Остальные РНН признаются недействительными.
 
                             4. Формы заявлений
 
      8. Для регистрации налогоплательщик представляет в соответствующий налоговый орган заявление о регистрации (далее - заявление) по одной из следующих форм:
      1) ВХ-01Ю-98 - представляется юридическими лицами, их филиалами, структурными подразделениями, в том числе нерезидентами, осуществляющими деятельность в Республике Казахстан (приложение 1).
      2) ВХ-01Ю-00 - представляется юридическими лицами при регистрации их филиалов, структурных подразделений (приложение 2). При этом филиалы и структурные подразделения представляют форму ВХ-01Ю-98.
      3) ВХ-01Ф-98 - для физических лиц, в том числе индивидуальных предпринимателей (приложение N 3).
      9. Для снятия с регистрации налогоплательщик представляет в соответствующий налоговый орган заявление о снятии с регистрационного учета по одной из следующих форм:
      1) ВХ-02Ю-98 - для юридических лиц, их филиалов, структурных подразделений, в том числе нерезидентов, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан (приложение N 4);
      2) ВХ-02Ф-00 - для физических лиц, в том числе индивидуальных предпринимателей (приложение N 5).
      10. Бланки заявлений налогоплательщики могут безвозмездно получить в территориальных налоговых органах, или на сайте Министерства www.мgd.кz в разделе "Регистрация в Государственном Реестре Налогоплательщиков".
      11. При регистрации формы заявлений заполняются:
      1) юридическими лицами, их филиалами, представительствами, иностранными юридическими лицами - в соответствии с данными государственной (учетной) регистрации в органах юстиции и кодами статистики;
      2) физическими лицами, в том числе индивидуальными предпринимателями - в соответствии с данными документа, удостоверяющего личность.
      12. Лицо, уполномоченное на подачу заявлений, указанных в пунктах 8, 9 по поручению налогоплательщика, представляет в налоговый орган документы, удостоверяющие личность и право представлять налогоплательщика в данном налоговом органе.
      13. Право подписи заявления имеют учредитель, руководитель или другое уполномоченное лицо. При этом личность заявителя подтверждается:
      1) для учредителя - копией документа, удостоверяющего личность, данные которого сверяются с данными в учредительных документах (если учредителей несколько, предъявляется копия доверенности на право представления интересов в налоговом органе);
      2) для руководителя - копией документа, удостоверяющего личность, и выпиской (справкой) о назначении руководителем или контрактом; 3) для уполномоченного лица - копией документа, удостоверяющего личность, и копией доверенности на право подписи заявления налогоплательщика; 4) для индивидуального предпринимателя - копией документа, удостоверяющего личность. 14. Формы заполняются заглавными печатными буквами ручкой черными чернилами. Заполнение карандашом или чернилами другого цвета запрещается. 15. Поля, предусмотренные для служебных пометок, заполняются специалистом по приему документов. 16. Скрепление форм степлером или прокалывание дыроколом запрещается. 5. Порядок регистрации в Реестре 17. Налогоплательщик представляет в регистрирующий налоговый комитет заявление по форме ВХ-01Ю-98 и/или ВХ-01Ю-00, или ВХ-01Ф-98, отмечая в соответствующем поле одно из следующих оснований подачи заявления: государственная регистрация налогоплательщика Республики Казахстан; изменение регистрационных данных; постановка на регистрационный учет.
      18. Согласно представленному заявлению регистрирующий налоговый орган подготавливает материалы (сведения) для ввода информации в базу данных для дальнейшей передачи ее в базу данных Реестра.
      19. Информация, указанная в заявлении, сверяется на полноту и соответствие с информацией, находящейся в Системе после процедуры передачи из прежних систем.
      20. В случае отличия информации, указанной в заявлении, от информации, находящейся в Системе, в Систему должна быть введена информация, изложенная в заявлении налогоплательщика, как подтвержденная налогоплательщиком на последнюю дату.
      21. В случае отказа Системы в регистрации в Реестре, отдел налоговой регистрации или иной отдел, занимающийся подготовкой материалов для регистрационного учета, сообщает в отдел по работе с налогоплательщиком причину отказа в течение 2 рабочих дней с момента подачи налогоплательщиком заявления в налоговый орган.
      22. По окончании регистрации выдается Свидетельство. Номер и дата выдачи Свидетельства заносятся в Систему и учитываются в соответствующих журналах по учету бланков строгой отчетности.
      23. Если при печати Свидетельства бланк Свидетельства был испорчен, печать Свидетельства производится на новом бланке. При этом в Системе обязательно производится замена номера испорченного бланка на номер нового бланка. Факт порчи бланка отражается в документах по учету бланков строгой отчетности.
      24. Свидетельство выдается налогоплательщику в течение 5 (пяти) дней со дня подачи заявления. Выдача Свидетельства подтверждается подписью заявителя в журнале-протоколе "Список налогоплательщиков, зарегистрированных в Государственном Реестре налогоплательщиков Республики Казахстан".
      25. Свидетельство должно находиться у налогоплательщика. В случае его утраты, налогоплательщик должен подать в регистрирующий налоговый орган заявление о регистрационном учете для получения дубликата свидетельства. Порядок выдачи дубликата свидетельства определен в пункте 25 настоящих Правил.
      26. Заявления и копии соответствующих документов налогоплательщика хранятся в налоговом органе по месту регистрации налогоплательщика.
 
           6. Регистрация при полной готовности телекоммуникаций
                налогового комитета для вертикального обмена
                   информацией по схеме район-область-центр
 
      27. На дату начала регистрации в областном налоговом комитете, налоговом комитете гг. Алматы и Астана в качестве рабочей остается база данных с информацией только по тем налогоплательщикам, которые состоят на учете в данном налоговом комитете.
      28. Прием регистрационных документов производится в районном налоговом комитете. Присвоение и регистрация РНН производится только после получения подтверждения из Системы о допуске к регистрации, то есть РНН регистрируется в базе данных Системы, после чего налогоплательщику выдается Свидетельство, номер и дата выдачи которого регистрируется в Системе.
      29. При поступлении заявления, ответственный сотрудник отдела, в функции которого входит прием заявлений, проверяет его на наличие всех необходимых реквизитов и вводит информацию в Систему, ежедневно уведомляя соответствующее подразделение Министерства о вводе данных о соответствующем налогоплательщике в Систему. В свою очередь, Министерство ежедневно передает в налоговые органы информацию о введенных в Систему данных о налогоплательщиках.
 
               7. Регистрация в Реестре при частичной готовности
                     телекоммуникаций налогового комитета для
          вертикального обмена информацией по схеме район-область-центр
 
      30. Прием регистрационных документов производится в районном налоговом комитете. Присвоение и регистрация РНН производится только после получения подтверждения из Системы областного уровня о допуске к регистрации, после чего налогоплательщику выдается Свидетельство, номер которого регистрируется в Системе областного уровня.
      31. При поступлении заявления, ответственный сотрудник отдела налоговой регистрации или иного отдела, занимающегося подготовкой материалов для регистрационного учета, проверяет его на наличие всех необходимых реквизитов и передает информацию в Систему областного уровня.
 
           8. Регистрация в Реестре при полном отсутствии готовности
         телекоммуникаций налогового комитета для вертикального обмена
                    информацией по схеме район-область-центр
 
      32. Прием регистрационных документов производится в районном налоговом комитете. Присвоение и регистрация РНН производится локально без получения подтверждения из Системы о допуске к регистрации. То есть РНН регистрируется в локальной базе данных Системы, после чего налогоплательщику выдается Свидетельство, номер которого регистрируется в локальной Системе.
 
          9. Отказ в регистрации в Государственном Реестре
                            налогоплательщиков
 
      33. При неправильно заполненном бланке заявления, а также, если налогоплательщик уже имеет РНН производится отказ в регистрации в Реестре с обязательным указанием причины отказа. 10. Регистрационный учет налогоплательщиков 34. Налогоплательщик должен встать на регистрационный учет в налоговых органах по одному из следующих признаков: 1) для юридического лица, его филиала, структурного подразделения, а также юридического лица - нерезидента, осуществляющего деятельность в Республике Казахстан: по месту нахождения юридического лица, его филиала, структурного подразделения; по месту осуществления деятельности; по месту нахождения и/или регистрации объектов налогообложения; 2) для физического лица: по месту жительства; по месту нахождения и/или регистрации объектов налогообложения; по месту осуществления предпринимательской деятельности. 35. Физическое лицо, имеющее документ о государственной регистрации индивидуального предпринимателя и осуществляющее свою деятельность без образования юридического лица, подлежит постановке на регистрационный учет по месту жительства. 36. При постановке на регистрационный учет филиала, структурного подразделения, в заявлении о постановке на учет указывается РНН юридического лица, создавшего данное структурное подразделение. 11. Условное исключение из Государственного Реестра налогоплательщика 37. Условное исключение налогоплательщика из Реестра осуществляется в связи с прекращением налоговых обязательств.
      38. Условное исключение налогоплательщика из Реестра с сохранением РНН производится в случае непредставления декларации о совокупном годовом доходе по истечении одного года после истечения установленного законом срока представления, отсутствия или невозможности установления в течение одного года его места нахождения, а также учредителей (участников) и должностных лиц, без которых юридическое лицо не может функционировать.
 
          12. Изменение регистрационных данных налогоплательщика
 
      39. В случае изменения регистрационных данных, указанных налогоплательщиком в заявлении, налогоплательщик обязан сообщить об этом в налоговый орган в течение 10 рабочих дней с момента изменения таких данных. При этом налогоплательщик в форме заявления указывает вид операции: "Изменение регистрационных данных" с представлением копий документов, подтверждающих данные изменения:
      1) при изменении места нахождения юридического лица, филиала, представительства, а также иностранного юридического лица, осуществляющего деятельность в Республике Казахстан копии документов, подтверждающих изменение места нахождения;
      2) при изменении места жительства (места нахождения) индивидуального предпринимателя копии документов, подтверждающих изменение места нахождения, или копию справки регистрирующего органа о новом месте жительства;
      3) при изменении в связи с ликвидацией юридического лица, филиала, представительства, а также юридического лица - нерезидента, осуществляющего деятельность в Республике Казахстан:
      свидетельство о присвоении регистрационного номера налогоплательщика или его дубликат;
      в случае принятия решения о добровольном прекращении деятельности, копию приказа из регистрирующего органа о прекращении деятельности;
      в случае прекращения деятельности по решению суда, копию решения суда;
      копии распорядительных документов о прекращении деятельности филиалов и/или представительств или иных обособленных структурных подразделений юридического лица;
      4) в случае смерти индивидуального предпринимателя наследниками, либо уполномоченными лицами представляются:
      копия свидетельства о смерти;
      свидетельство о присвоении РНН или его дубликат.
      40. В случае изменения места нахождения (жительства) или места осуществления деятельности, налогоплательщик обязан в течение 10 рабочих дней с момента изменения таких данных сняться с регистрационного учета в налоговом органе, в котором он состоял на учете, и встать на регистрационный учет по новому месту нахождения (жительства) или по месту осуществления деятельности с сохранением прежнего РНН.
      41. Налоговый орган по новому местонахождению налогоплательщика ставит его на учет с ранее присвоенным ему РНН и продолжает учет платежей на основании подтверждения о регистрации, акта сверки взаиморасчетов с государственным бюджетом на момент снятия с учета и копий лицевых счетов.
      42. В случае прекращения деятельности (ликвидации) или реорганизации юридического лица, филиала, представительства, структурного подразделения, нерезидента, осуществляющего деятельность в Республике Казахстан с образованием постоянного учреждения, либо прекращения деятельности индивидуального предпринимателя, снятие с регистрационного учета в соответствии с пунктом 6 статьи 139-1 Закона производится налоговым органом в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента подачи указанными лицами заявления о снятии с регистрационного учета.
      43. В заявлении налогоплательщика о снятии с регистрационного учета должна быть сделана отметка соответствующего территориального налогового органа об отсутствии или наличии задолженности перед бюджетом. 44. Все изменения регистрационных данных и реквизитов регистрационной формы отделы налоговой регистрации или иные отделы, занимающиеся подготовкой материалов для регистрационного учета и подтверждения наличия РНН, обязаны внести в Систему. 45. В случае снятия с учета в связи с прекращением деятельности, заявление о снятии с учета и Свидетельство подшиваются в дело налогоплательщика. 46. В случае снятия с учета в связи со сменой места нахождения или места жительства, заявление о снятии с учета подшиваются в дело налогоплательщика. 13. Ответственность налоговых органов и налогоплательщика при осуществлении регистрационного учета 47. Налоговые органы несут ответственность за ведение регистрации и правильность присвоения РНН. 48. Ответственность за полноту заполнения сведений в регистрационных формах заявлений возлагается на налогового инспектора, принявшего заявление. 49. Налогоплательщик несет ответственность за достоверность представляемых сведений при присвоении РНН и постановке на регистрационный учет в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. Приложение 1 Форма ВХ-01Ю-98 Заявление о регистрации налогоплательщика - юридического лица, филиала, представительства, структурного подразделения (см. бумажный вариант) Приложение 2 Форма ВХ-01Ю-00 Заявление о регистрации налогоплательщика - филиала, структурного подразделения, представительства (см. бумажный вариант) Приложение 3 Форма ВХ-01Ф-98 Заявление о регистрации налогоплательщика - физического лица, в том числе индивидуального предпринимателя (см. бумажный вариант) Приложение 4 Форма ВХ-02Ю-98 Заявление N_____________о снятии с регистрационного учета налогоплательщика - юридического лица, филиала, представительства, структурного подразделения (см. бумажный вариант) Приложение 5 Форма ВХ-02Ф-00 Заявление N_____________о снятии с регистрационного учета налогоплательщика - физического лица, в том числе индивидуального предпринимателя (см. бумажный вариант) __________________________________________________________________ (Специалисты: Пучкова О.Я., Мартина Н.А.)