Халықаралық қайта жаңғырту және дамыту банкісінің N 3867 займы шегінде іске асырылатын "Салық әкімшіліктендіруін жаңғырту" жобасын іске асыру жоспары бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қоса берілген мынадай құжаттар бекітілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің Мемлекеттік тізілімінде Салық төлеушілерді уақытша тіркеу ережесі (бұдан әрі - Уақытша ереже). 2) тіркеу өтініштерінің нысандары: ВХ-01Ю-98; ВХ-01Ф-98; ВХ-01Ю-00. 2. Уақытша ережелердің қолданылуы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына шейін деп белгіленсін. 3. Ақпараттық технологиялар департаменті (А.В. Евсюков) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуы Вице-Министр Қ.А. Нүрпейісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енгізіледі. Министр Келісілді Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрінің Қаржы министрі 2001 жылғы 18 мамырдағы 2001 жылғы 3 қыркүйек N 613 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеушілерді тiркеудiң уақытша ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заңына және "Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiн есепке алудың автоматтандырылған бiрыңғай деректер банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 P000991_ қаулысына сәйкес әзiрлендi, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлердi 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылатын Салық төлеушiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне уақытша тiркеу және тiркеу есебiне қою тәртiбiн белгiлейдi, салық органдарында салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрiн берудiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесiмен қамтамасыз ету, салық төлеушiлер туралы деректердiң ұлттық базасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұтастырылған салықтық ақпараттық жүйесiн енгiзуге әзiрлiк үшiн арналған.
2. Осы Уақытша Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
1) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң дұрыс есептелуi және уақтылылығына бақылауды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) жүргiзетiн салық төлеушiлердiң есебiнiң мемлекеттiк дерекқор жүйесi;
2) салық төлеушілердi мемлекеттiк тiркеу - Тiзiлiмге салық төлеушi туралы мәлiметтер енгiзу;
3) ҚР ТСАЖ - Қазақстан Республикасының Тұтастандырылған салықтық ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - Жүйе);
4) салық төлеушiлердi есепке алудың бұрынғы жүйесi (бұдан әрi - есепке алудың бұрынғы жүйесi) - Жүйенi енгiзгенге дейiн пайдаланылған (қазiргi уақытта пайдаланылып жүрген) "ААЖ-Салық", "СҚКБЖ", "Мемлкiрiсшiнiң-АЖО" бағдарламалық қамтамасыз ету;
5) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) - Тiзiлiмде ол туралы деректердi енгiзу және салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу кезiнде салық төлеушiге салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлығы бойынша берiлетiн бiртұтас нөмiр;
6) салық төлеушiнiң тiркеу есебi - салық төлеушiнi қорытындысында салық төлеушiнiң орналасқан жерiн, оның салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлерiнiң керек-жарағын тiркейтiн, сондай-ақ салық төлеушiнiң есептiк сипаттағы ағымдағы өзгерiстерiн тiркейтiн салық органына есепке қою;
7) салық төлеушiнiң куәлiгi (бұдан әрi - Куәлiк) - қатаң есептемелi бланкте дайындалатын және Тiзiлiмде оны тiркеу кезiнде салық төлеушiге берілетiн СТН иеленуi туралы құжат;
8) жүйе - Тiзiлiмде салық төлеушiнi тiркеу және Куәлiктi басуға арналған "Тiркеу" бағдарламасымен қамтамасыз ету.
2. Тұлғаларды тiркеу
3. Бiрiншi кезеңдегi тiркеуге мыналар жатады:
1) 2001 жылғы 31 мамырға дейiнгi мерзiмде - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, салық мiндеттемелерi бар құрылымдық бөлiмшелерi, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер;
2) 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде - жеке кәсiпкерлер;
3) 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде - тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар.
4. 2001 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық органдарында есепте тұрған тұлғаларды тiркеу келу тәртiбiнде немесе салық есептерiн оларға тапсыру кезiнде тiркеу туралы салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргізіледі.
Тiркеу тiркейтiн салық органдарының салық төлеушiге өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Куәлiк берген күннен 2 (екi) жұмыс күн iшiнде салық органдары жүзеге асырады.
5. Салық мiндеттемелерi бiрiншi пайда болатын тұлғаларды тiркеу тiркейтiн салық органдарының салық төлеушiге олар өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Куәлiк берген күннен 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде СТН берумен жүзеге асырылады.
3. Салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН)
6. Тiркеу рәсiмi өтiп жатқан кезде СТН Тiзiлiмге кейiн жiберілетiн деректер базасына енгiзiледi.
7. Салық төлеушiде бiреуден артық СТН қолға түскен жағдайда, СТН беру күнi бойынша неғұрлым ерте берiлгенi сақталады. Қалған СТН жарамсыз деп танылады.
4. Өтiнiш нысандары
8. Тiркелу үшiн салық төлеушi мынадай нысандардан бiр-бiрден тiркеу туралы өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш) тиiстi салық органына бередi:
1) ВХ-01Ю-98 - заңды тұлғалар, оның филиалдары, құрылымдық бөлiмшелер, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер бередi (N 1 қосымша).
2) ВХ-01Ю-00 - заңды тұлғалар оның филиалдарын, құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу кезiнде бередi (N 2 қосымша). Соның iшiнде филиалдар және құрылымдық бөлiмшелер ВХ-01Ю-98 нысанын бередi.
3) ВХ-01Ф-98 - жеке тұлғалар, соның iшiнде жеке кәсiпкерлер үшiн (N 3 қосымша).
9. Салық төлеушi тiркеу есебiнен шығуы мынадай нысандардан бiр-бiрден тiркеу есебiнен шығуы туралы өтiнiштi тиiстi салық органына бередi:
1) ВХ-02Ю-98 - заңды тұлғалар, олардың филиалдары, құрылымдық бөлiмшелер, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер үшiн (N 4 қосымша);
2) ВХ-02Ф-00 - жеке тұлғалар, соның iшiнде жеке кәсiпкерлер үшiн (N 5 қосымша).
10. Салық төлеушiлер өтiнiш бланкілерiн аумақтық салық органдарынан, сондай-ақ Министрліктің www.мgd.кz сайтындағы "Салық төлеушілерді Мемлекеттiк Тiзілiмге тiркеу" бөлiмiнен тегiн алуына болады.
11. Өтiнiш нысандарын тiркеу кезiнде:
1) заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкiлдiктерi, шетелдiк заңды тұлғаларға - әділет органдарында мемлекеттiк тiркелу (есепке алу) деректерiне және статистика кодтарына сәйкес;
2) жеке тұлғалар, соның iшiнде жеке кәсiпкерлерге - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiне сәйкес толтырылады.
12. Салық төлеушiнiң тапсырмасы бойынша 8, 9 тармақтарда көрсетiлген өтiнiштердi беруге уәкiлеттi өкіл салық органына жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырады және салық төлеушiге осы салық органында құқық бередi.
13. Өтiнiшке құрылтайшы, басшы немесе басқа да уәкiлеттi тұлғаның ғана қол қоюға құқы бар. Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң жеке басы:
1) құрылтайшы үшiн - деректерi құрылтайшылық құжаттардағы деректермен салыстырылатын жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен (егер құрылтайшылар бiрнешеу болса, салық органына мүдделердi таныстыру құқығына сенiмхат көшiрмесi көрсетіледi);
2) басшы үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен және
басшы болып тағайындалғаны туралы көшiрме (анықтама) немесе келiсiм-шартпен; 3) уәкiлеттi тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен және салық төлеушiнiң өтiнiшiне қол қою құқығына сенiмхат көшiрмесiмен; 4) жеке кәсiпкерлер үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiмен расталады. 14. Нысандар қара сиялы қаламмен бас әрiппен баспаша тиянақты толтырылады. Қарындашпен немесе басқа түстi сиямен толтыруға болмайды. 15. Қызметтiк белгi үшiн көзделген тор көздi құжаттарды қабылдайтын маман толтырады. 16. Нысандарды стиплермен тiгуге немесе дыраколмен тесуге болмайды. 5. Тiзiлiмге тiркеу тәртiбi 17. Салық төлеушi тиiстi тор көзде өтiнiштi берудiң мынадай негiздердiң бiреуiн белгілей отырып, ВХ-01Ю-98 және/немесе ВХ-01Ю-00 немесе ВХ-01Ф-98 нысаны бойынша тiркейтiн салық комитетiне өтiнiштi тапсырады: Қазақстан Республикасының салық төлеушiсiн мемлекеттiк тiркеу; тiркелу деректерiнiң өзгеруi; тiркеу есебiне қою.
18. Берiлген өтiнiшке сәйкес тiркейтiн салық органы Тiзілiмнiң дерекқорына оның болашақта берiлетiн хабары үшiн дерекқорға ақпарат енгiзу үшiн материалдар (мәлiметтер) даярлайды.
19. Көрсетiлген өтiнiштегi ақпарат бұрынғы жүйелерден беру рәсiмiнен кейiнгi Жүйеде болып табылатын ақпаратпен толықтығы және сәйкестiгi салыстырылады.
20. Жүйедегi ақпараттан көрсетiлген өтiнiштегi ақпарат арасында айырмашылық болған жағдайда, Жүйеге соңғы күнiн салық төлеушi растаған салық төлеушiнiң өтiнiшiнде келтiрілген ақпарат енгiзілуi қажет.
21. Жүйенiң Тiзiлiмге тiркеуден бас тартуы жағдайында, салық тiркеу бөлiмi немесе тiркеу есебi үшiн материалдар әзiрлеумен айналысатын өзге бөлiм салық органына салық төлеушi өтiнiш берген сәттен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде бас тартудың себебiн салық төлеушiлермен жұмыс жөнiндегi бөлiм хабарлайды.
22. Тiркеу аяқталғанда Куәлiк беріледi. Куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi Жүйеге енгiзiледi және қатаң есептеме бланкiлерiмен есеп айырысу жөнiндегi тиiстi журналда ескеріледi.
23. Егер Куәлiктi басып шығару кезiнде Куәлiк бланкiсi бүлiнсе, Куәлiктi басу жаңа бланкiде жүргiзiледi. Бұл ретте, Жүйеде бүлiнген бланк нөмiрiн жаңа бланк нөмiрiне ауыстыру мiндеттi түрде жүргiзіледi. Бланктiң бүлiну фактiсi қатаң бланк есептемесiнiң есебi жөнiндегi құжаттарда көрсетiледi.
24. Куәлiктi салық төлеушiге өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) күн iшiнде беріледi. Куәлiк беру "Қазақстан Республикасының Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген салық төлеушiлердiң тiзiмi" журнал-хаттамасындағы өтiнiш берушiнiң қолмен расталады.
25. Куәлiк салық төлеушiнiң өзiмен бiрге жүруi қажет. Ол жоғалған жағдайда, салық төлеушi куәлiктiң көшiрмесiн алу үшiн тiркеу есебi туралы өтiнiштi тiркейтiн салық органына беруi қажет. Куәлiктiң көшiрмесiн беру тәртiбi осы Ереженiң 25-тармағында айқындалған.
26. Салық төлеушiнiң өтiнiш және тиiстi құжаттардың көшiрмелерi салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық органында сақталады.
6. Аудан-облыс-орталық сызбасы бойынша сатылас ақпарат алмастыру
үшiн салық комитетiнiң телекоммуникацияларының
толық әзiрленуi кезiнде тiркеу
27. Облыстық салық комитетiнде, Алматы және Астана қалаларындағы салық комитеттерiнде қызметкер ретiнде бастапқы тiркелу күнiне осы салық комитетiнде есепте тұратын сол салық төлеушілер бойынша ғана ақпаратты дерекқор қалады.
28. Тiркеу құжаттарын қабылдау аудандық салық комитетiнде жүргiзiледi. СТН иелену және тiркеу тiркеуге жiберiлгенi туралы Жүйеден растау алғаннан кейiн ғана жүргiзiледi, яғни, СТН Жүйеде нөмiрi және берiлген күнi тiркелген Куәлiк салық төлеушiге берiлгеннен кейiн ғана Жүйе дерекқорында тiркеледi.
29. Өтiнiш түскен кезде, мiндетiне өтiнiш қабылдау кiретiн бөлiмнiң жауапты қызметкерi Өтiнiште барлық қажеттi деректемелерi бар-жоғын тексередi және Жүйеге тиiстi салық төлеушiнi енгiзу туралы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшесiн күн сайын хабарландырып, Жүйеге ақпарат енгiзедi. Министрлiк өз кезегiнде салық төлеушiлердiң Жүйесiне енгiзiлгенi туралы ақпаратты салық органына жеткiзедi.
7. Аудан-облыс-орталық сызбасы бойынша сатылас ақпарат алмастыру
үшiн салық комитетiнiң телекоммуникацияларының бөлшектеп
әзiрленуi кезiнде Тiзiлiмге тiркеу
30. Тiркеу құжаттарын қабылдау аудандық салық комитетiнде жүргiзiледi. СТН иелену және тiркеу тiркеуге жiберу туралы Облыстық деңгейдегi жүйеден растау алғаннан кейiн ғана жүргiзiледi, осыдан кейiн салық төлеушiге Облыстық деңгейдегi жүйеге нөмiрi тiркелетiн Куәлiгi беріледi.
31. Өтiнiш түскен кезде, салық тiркеу бөлiмiнiң немесе тiркеу есебi үшiн материалдар әзiрлеумен айналысатын өзге бөлiмнiң жауапты қызметкерi оның барлық қажеттi деректемелерi бар-жоғын тексередi және Облыстық деңгейдегi жүйеге ақпарат бередi.
8. Аудан-облыс-орталық сызбасы бойынша сатылас ақпарат алмастыру
үшiн салық комитетiнiң телекоммуникацияларының толық
әзiр болмауы кезiнде Тiзiлiмге тiркеу
32. Тiркеу құжаттарын қабылдау аудандық салық комитетiнде
жүргiзiледi. СТН иелену және тiркеу тiркеуге жiберу туралы Жүйеден растау алмай-ақ бөлек жүргiзiледi. Яғни, СТН тiркеу бөлек Жүйеде нөмiрi тiркелетiн Куәлiктi салық төлеушiге бергеннен кейiн бөлек Жүйенiң дерекқорында тiркеледi. 9. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк Тiзiлiмiне тiркеуден бас тарту 33. Өтiнiш бланкiсi дұрыс толтырылмаған кезде, сондай-ақ егер салық төлеушi СТН бар болса, бас тарту себебi мiндеттi түрде көрсетiлген Тiзiлiмге тiркеуден бас тартылады. 10. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi 34. Салық төлеушi салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi: 1) заңды тұлға, оның филиалы, құрылымдық бөлiмшелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға үшiн: заңды тұлға, оның филиалы, құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша және/немесе; қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша және/немесе; тұрғылықты жерi және/немесе салық салу объектілерiн тiркеу бойынша; 2) жеке тұлға үшiн: тұрғылықты жерi бойынша; орналасқан жерi және/немесе салық салу объектiлерiн тiркеу бойынша; кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша. 35. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы құжаты бар және өз қызметiн заңды тұлғаның бiлiмсiз жүзеге асыратын жеке тұлғаның орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қоюға жатады. 36. Құрылымдық бөлiмшелердi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою жайлы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған заңды тұлғаның СТН көрсетiледi. 11. Салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты шығарылуы 37. Тiзілiмнен салық төлеушiнiң шартты шығарылуы салық мiндеттемелерiн тоқтатумен байланысты жүзеге асырылады.
38. Жиынтық жылдық табысы туралы декларацияны заңда белгiленген беру мерзiмi өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде бермеген, оның тұрғылықты орны болмаған немесе бiр жыл iшiнде белгiлеу мүмкiн болмаған жағдайда, салық төлеушiнi, сондай-ақ заңды тұлғалар оларсыз әрекет ете алмайтын құрылтайшыларды (қатысушылар) және лауазымды тұлғаларды СТН сақтай отырып, Тiзiлiмнен шартты шығару жүргiзiледi.
12. Салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң өзгеруi
39. Аталған салық төлеушiнiң өтiнiшiндегi тiркелген деректерi өзгерген жағдайда, салық төлеушi мұндай деректер өзгерген сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде салық органына бұл жайлы мәлiмдеуге мiндеттi. Бұл ретте, салық төлеушi осы өзгерiстер расталған құжаттар көшiрмелерiн бере отырып, өтiнiш нысанында "Тiркеу деректерiнiң өзгеруi" операциясының түрiн көрсетедi:
1) заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың орналасқан жерi өзгерген кезде:
орналасқан жерiнiң өзгергенiн растайтын құжаттар көшiрмелерi;
2) жеке кәсiпкердiң орналасқан жерi өзгерген кезде:
орналасқан жерiнiң өзгергенiн растайтын құжаттар көшiрмелерi немесе жаңа орналасқан жерi туралы тiркеу органы берген анықтама көшiрмесi;
3) заңды тұлғаның, филиалдың, өкiлдiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаның таратылуына байланысты:
салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрiн бергенi туралы куәлiк немесе оның көшiрмесi;
қызметiн ерiктi түрде тоқтатқаны туралы шешiм қабылдаған жағдайда, тiркеушi органнан алған қызметiн тоқтату туралы бұйрықтың көшiрмесi;
соттың шешiмi бойынша қызметiн тоқтатқан жағдайда, сот шешiмiнiң көшiрмесi;
филиалдардың және/немесе өкiлдiктiң немесе заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн тоқтатқаны туралы өкiмгерлiк құжаттар көшiрмесi;
4) жеке кәсiпкер қайтыс болған жағдайда, мұрагерлерi болмаса уәкiлеттi тұлғалары мыналарды бередi:
қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;
СТН иеленгенi туралы куәлiк немесе оның көшiрмесi.
40. Орналасқан (тұрғылықты) жерi немесе қызметiн жүзеге асыратын жерi өзгерген жағдайда, салық төлеушi мұндай деректерi өзгерген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде ол есепте тұрған салық органында тiркеу есебiнен шығаруға және бұрынғы СТН сақтай отырып, жаңа орналасқан (тұрғылықты) жерi немесе қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
41. Салық төлеушiнiң жаңадан орналасқан жерi бойынша салық органы салық төлеушiнi оған бұрын берілген СТН-мен есепке қояды және тiркеу туралы растау, есептен шығарылған сәттегi мемлекеттiк бюджетпен өзара есептердi салыстыру актiсi және дербес шотының көшiрмелерi негiзiнде төлемдер есебiн жалғастырады.
42. Заңды тұлға, филиал, өкiлдiк, құрылымдық бөлiмшелер, тұрақты мекеме құрып, Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес қызметiн тоқтатқан (таратқан) немесе қайта ұйымдастырған, не жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан жағдайда, көрсетiлген тұлғалар тiркеу есебiнен шығару туралы өтiнiш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде салық органы Заңның 139-1 бабының 6-тармағына сәйкес тiркеу есебiнен шығаруды жүргiзедi.
43. Салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң шығару туралы өтiнiшiнде бюджет
алдында берешектiң болмауы немесе болуы туралы тиiстi салық органының белгiсi қойылуы қажет. 44. Барлық тiркеу деректерiндегi және тiркеу нысанының деректемелерiндегi өзгерiстердi салық тiркеу бөлiмi немесе тiркеу есебi үшiн материалдар әзiрлеумен және СТН барын растаумен айналысатын өзге де бөлiмдер Жүйеге енгiзуге мiндеттi. 45. Қызметiн тоқтатуына байланысты есептен шығару жағдайында, есептен шығару туралы өтiнiш, Куәлiк салық төлеушiнiң жеке iс парағына тiгiледi. 46. Орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн ауыстыруына байланысты есептен шығу жағдайында, есептен шығару туралы өтiнiш салық төлеушiнiң жеке iс парағына тiгiледi. 13. Тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiндегi салық органдарының және салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi 47. Салық органы СТН тiркеудi жүргiзу мен беру дұрыстығы үшiн жауап бередi. 48. Тiркелген өтiнiш нысандарында мәлiметтердi толтырудың толықтығы үшiн өтiнiштi алған салық инспекторына жауапкершiлiк жүктеледi. 49. СТН алу және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тiркеу есебiне қою кезiнде берiлген мәлiметтердiң растығы үшiн салық төлеушi жауап бередi. N 1 қосымша ВХ-01Ю-98 нысан Салық төлеуші заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің тіркелгені туралы Өтініш (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 2 қосымша ВХ-01Ф-98 Нысан Салық төлеушінің, филиалдың, өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің тіркелгені туралы Өтініш (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 3 қосымша ВХ-01Ф-98 Нысан Салық төлеуші жеке тұлғаның, соның ішінде жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы Өтініш (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 4 қосымша ВХ-01Ю-98 нысан Салық төлеуші заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің, құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінен алып тастау туралы N____ Өтініші (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) N 5 қосымша ВХ-01Ю-98 нысан Салық төлеуші жеке тұлғаның, соның ішінде жеке кәсіпкердің тіркеу есебінен алып тастау туралы N____ Өтініші (Қосымшаны қағаздағы мәтіннен қараңыз) Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.
"Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің Мемлекеттік тізілімінде Салық төлеушілерді уақытша тіркеу ережесін бекіту туралы"
Күшін жойғанМемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1730. Күші жойылды - КМК 2001 жылғы 18 мамырдағы N 613 ~V011730 бұйрығының 2-тармағын қараңыз.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз