Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат беру тәртiбi туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 634 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 537. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1742. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары зейнетақы активтерi есебiнен шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарын сатып алуға рұқсат беру тәртiбi туралы" 2000 жылғы 30-маусымдағы N 634 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 20-желтоқсандағы N 537 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1742 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" 1997 жылғы N 4 басылымдарында жарияланған)...

------------------------------------             

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқару органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздарды зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат беру тәртiбi туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 634  V001213_  қаулысына (бұдан әрi - Қаулы) толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi"; 
      2) Кiрiспенi қоспағанда, қаулының бүкiл мәтiнi бойынша түрлi септiктегi "Ұлттық комиссия" деген сөздер тиiстi септiктегi "Ұлттық Банк" деген сөздермен, "Ұлттық комиссия Директоратының" деген сөздер тиiстi септiктегi "Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 6-тармақтағы "он" деген сөз "жиырма"деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4) 7-тармақтағы "Ұлттық комиссия Төрағасының" деген сөздер "Ұлттық Банк Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын, "оның орнындағы Ұлттық комиссия атқарушы директорының" деген сөздер алынып тасталсын. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiне, жергiлiктi атқарушы органдарға, бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi басқаратын ұйымдарына және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

       Ұлттық Банк Төрағасы

О внесении дополнения и изменений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О порядке выдачи разрешения на приобретение за счет пенсионных активов государственных ценных бумаг, выпущенных местными исполнительными органами Республики Казахстан" от 30 июня 2000 года N 634

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 декабря 2001 года N 537. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 4 февраля 2002 года N 1742. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005г. N 117

Извлечение из постановления Правления Агентства РК
по регулированию и надзору финансового рынка и
финансовых организаций от 26.03.2005г. N 117

     "В целях приведения нормативных правовых актов Республики Казахстан в соответствие с законодательством Республики Казахстан Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Признать утратившими силу некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
     2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия...

     Председатель

Приложение
к постановлению Правления
Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору
финансового рынка и финансовых
организаций
от 26 марта 2005 года N 117

Перечень нормативных правовых актов
Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

     ...
     8. постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 декабря 2001 года N 537 "О внесении дополнения и изменений в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О порядке выдачи разрешения на приобретение за счет пенсионных активов государственных ценных бумаг, выпущенных местными исполнительными органами Республики Казахстан" от 30 июня 2000 года N 634"...".
--------------------------------------------------------------------

     В целях приведения нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан в соответствие с законодательством Республики Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
     1. Внести дополнение и изменения в постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам V001213_ "О порядке выдачи разрешения на приобретение за счет пенсионных активов государственных ценных бумаг, выпущенных местными исполнительными органами Республики Казахстан" от 30 июня 2000 года N 634 (далее - Постановление):
     1) пункт 1 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
     "Национальный Банк - Национальный Банк Республики Казахстан";
     2) по всему тексту Постановления, за исключением преамбулы, слова "Национальная комиссия" в различных падежах заменить словами "Национальный Банк" в соответствующих падежах, слова "Директората Национальной комиссии" заменить словами "Совет директоров Национального Банка" в соответствующих падежах;
     3) в пункте 6 слово "десяти" заменить словом "двадцати";
     4) в пункте 7 слова "Председателя Национальной комиссии" заменить словами "Председателя Национального Банка", слова "исполнительного директора Национальной комиссии, его замещающего" исключить.
     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
     3. Департаменту регулирования рынка ценных бумаг (Шалгимбаева Г.Н.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Национального Банка Республики Казахстан, Министерства финансов Республики Казахстан, Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, местных исполнительных органов, саморегулируемых организаций рынка ценных бумаг и Закрытого акционерного общества "Государственный накопительный пенсионный фонд".
     4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Национального Банка Республики Казахстан Марченко Г.А.

      Председатель
  Национального Банка