Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1750. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысымен. V042955

       Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен .

      Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу ережесі бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап отыз күнтізбелiк күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін. 
       Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен .

      2.  Тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264   қаулысымен .

      3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11  қаулысының  1-тармағының 3) тармақшасының және осы қаулымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу  қағидатының  күшi жойылды деп танылсын. 

      4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу ережесiн қауымдастық нысанындағы "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамына жiберсiн. 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы 

"Зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге
асыратын ұйымдардың басшы   
қызметкерлерi лауазымдарына  
кандидатураларды келiсу ережесiн
бекiту туралы"       
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 20 желтоқсандағы 
N 538 қаулысымен бекiтiлген 

  Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
 асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi 
лауазымдарына кандидатураларды келiсу 
ережесi

      

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңының  53-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйымдар) басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегі уәкiлеттi органмен (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) келiсу тәртiбiн белгiлейдi және Уәкiлеттi органның Ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына кандидатураларды келiсу жөнiндегi Бiлiктiлiк комиссиясының (бұдан әрi - Бiлiктiлiк комиссиясы) жұмысын реттейдi. 
       Ескерту: Ереженің атауы және кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Ұйымның басшы қызметкерлерi мыналар болып танылады: 
      1) Ұйымның атқару органының бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары; 
      2) Ұйымның бас бухгалтерi және оның орынбасары; 
      3) Ұйым филиалының (өкiлдiктiң) басшысы және бас бухгалтерi.
       Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен

      2. Ұйымның басшы қызметкерлерi басшы лауазымдарға Уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша сайланады (тағайындалады). 
      Басшы қызметкерлер лауазымына кандидатураларды Уәкiлеттi органмен келiсу үмiткерлердiң кәсiби жарамдылықтарын айқындау мақсатында жүргiзiледi.
       Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен

      3. Уәкiлеттi орган онымен кандидатуралары келiсiлген Ұйымның басшы қызметкерлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi. 

      4. Уәкiлеттi органның келiсу рәсiмiн жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдарынан және Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң ұйымдарынан Ұйымның басшы лауазымына үмiткер туралы ақпарат сұрауға құқығы бар. 

  2-тарау. Ұйымның басшы қызметкерлерi лауазымдарына
кандидатураларға қойылатын талаптар 

      5. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткердiң жоғары бiлiмi және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке тiкелей байланысты жұмыс стажы немесе банктегі немесе қаржы рыногындағы тұрақты қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдағы жұмыс стажы болуы керек (осы Ереженiң 7-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда): 
      1) Ұйымның атқару органының басшысы немесе оның бас бухгалтерi лауазымына - кемiнде үш жыл; 
      2) Ұйымның атқару органы басшысының орынбасары, Ұйымның бас бухгалтерiнiң орынбасары, Ұйымның (өкiлдiктiң) филиалының бiрiншi басшысы немесе бас бухгалтерi лауазымына - кемiнде екi жыл. 
       Ескерту: 5-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен .

      6. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткерде Уәкiлеттi орган берген үшiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгi (бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға жiберiлу құқығымен) болуы тиiс.
       Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен

      7. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына шетелдiк азамат не азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын тұлға болып табылатын үмiткерде: 
      1) шетелдiк қаржы рыноктарындағы активтердi басқару жөнiндегi кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесiн растайтын құжаттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы; 
      2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының құжаттарымен расталған, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысында немесе банктерде немесе қаржы рыноктарындағы тұрақты қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесi болуы керек. 

      8. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткерде сондай-ақ: 
      1) Қазақстан Республикасының азаматы (Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азамат және азаматтығы жоқ тұлға) - Қазақстан Республикасындағы банктердегi немесе қаржы рыногындағы тұрақты қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы басшылық қызметпен шұғылданатын кемiнде екi тұлғаның оң кепiлдемесi; 
      2) шетелдiк азамат және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ тұлға - қаржы рыногында активтердi басқару саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы басшылық қызметпен шұғылданатын кемiнде екi тұлғаның оң кепiлдемесi болу керек. 

      9. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткерге кепiлдеме берушi тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес Ұйыммен шарт жасасқан кастодиан - банктердiң қызметкерлерiн қоспағанда, Ұйымның басшы немесе өзге де қызметкерлерi және лауазымды тұлғалары, Ұйымның өзге де аффилиирленген тұлғалары болып табылмаулары керек және үмiткермен туыстық байланыста болмаулары керек. 

      10. Кепiлдемелерде мiндеттi түрде кепiлдеме берушiлердiң лауазымдары, жұмыс орындары және аты-жөндерi туралы мәлiметтер, кепiлдеме берушiлердiң жұмыс берушiлер - ұйымдарының мекен-жайлары және кепiлдеме берушiлердiң телефондарының нөмiрлерi, сондай-ақ кепiлдеме берушiнiң үмiткермен таныстығының ұзақтығы туралы ақпарат және қаржы рыногындағы бiрлескен кәсiби қызметiнiң толық сипаттамасы болуы тиiс. 

  3-тарау. Ұйымның басшы лауазымдарына үмiткерлердi 
келiсу үшiн құжаттар ұсыну тәртiбi  

      11. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткерлердi келiсу үшiн Уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсыну керек: 
      1) еркiн нысанда жазылған және Ұйымның уәкiлеттi тұлғасы қол қойған өтiнiш; 
      2) басшы қызметкер лауазымына үмiткердiң жеке куәлiгiнiң (паспортының) көшiрмесi; 
      3) басшы қызметкер лауазымына үмiткердiң еңбек жолын растайтын еңбек кiтапшасының не құжаттардың тiгiлген және беттерi бойынша нөмiрленген, үмiткердiң соңғы жұмыс берушi - ұйымының мөр таңбасымен және бiрiншi басшысының не оның орынбасарының қолымен куәландырылған көшiрмесi және (немесе) жұмыс берушiлер - шетелдiк ұйымдардың үмiткердiң атқарған лауазымын көрсете отырып, үмiткердiң осы ұйымдардағы жұмысының фактiсi және ұзақтығы расталатын хаттардың (анықтамалардың) түпнұсқалары және аудармалары (мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi); 
      4) басшы қызметкер лауазымына үмiткердiң жоғары бiлiм туралы дипломының (жоғары бiлiмiн растайтын өзге де құжаттарының) нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 
      5) Уәкiлеттi орган берген, осы Ереженiң 6-тармағында айқындалған бiлiктiлiк куәлiгiнiң көшiрмесi; 
      6) осы Ереженiң қосымшасына сәйкес басшы қызметкер лауазымына үмiткердiң сауалнамасы; 
      7) басшы қызметкер лауазымына үмiткердiң соңғы жұмыс орнынан берiлген, жұмыс берушi - ұйымның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған немесе оның алқалы атқарушы органының шешiмi түрiнде ресiмделген (егер мiнездеменi осы орган бекiтсе) және жұмыс берушi - ұйымның мөрiмен расталған мiнездеме; 
      8) осы Ереженiң 8-10 тармақтарында айқындалған кепiлдемелер; 
      9) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының басшы қызметкер лауазымына үмiткердiң сотталмағандығы туралы немесе одан сотталғандықтың алынғандығы туралы анықтамасы (хаты); 
      10) шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғаларды жалдаған жағдайда - шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметке берiлген лицензияның көшiрмесi. 

      12. Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгiн тексередi және олар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Бiлiктiлiк комиссиясының Төрағасына әрбiр келiсiлетiн үмiткер бойынша жазбаша қорытынды бередi. Ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерi Уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары қол қоятын жазбаша түрде келiсiмнен бас тарту дайындайды және Ұйымға жiберiледi. 

      13. Бiлiктiлiк комиссиясы Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына кандидаттың сәйкестiгi туралы мәселенi қарайды және осы Ереженiң 11-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың пакетi тапсырылған күннен бастап отыз күннiң iшiнде оны сайлауға (тағайындауға) Уәкiлеттi органға келiсiм беру немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
       Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен .

  4-тарау. Бiлiктiлiк комиссиясының жұмыс тәртiбi

      14. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткердi Уәкiлеттi органда келiсу үшiн Бiлiктiлiк комиссиясының Төрағасын және оның орынбасарын қоса отырып, жетi адамнан тұратын Бiлiктiлiк комиссиясы құрылады. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамы Уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына функцияларына бағалы қағаздар рыногын реттеу мәселелерi кiретiн Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi кiредi. 

      15. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткердi келiсудi онымен Бiлiктiлiк комиссиясының отырысында әңгiмелесу нысанында Бiлiктiлiк комиссиясы жүргiзедi. 

      16. Бiлiктiлiк комиссиясының отырысы қажеттiлiгiне орай жүргiзiледi. Бiлiктiлiк комиссиясының отырысы егер оған оның кемiнде бес мүшесi (Бiлiктiлiк комиссиясының Төрағасын немесе оның орынбасарын қоса отырып) қатысса өкiлеттi болып танылады. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Бiлiктiлiк комиссиясы Төрағасының даусы шешушi болып табылады. 

      17. Бiлiктiлiк комиссиясының Төрағасы: 
      1) Бiлiктiлiк комиссиясының жұмысын ұйымдастырады; 
      2) Бiлiктiлiк комиссиясы отырысының күнiн және уақытын тағайындайды; 
      3) Бiлiктiлiк комиссиясының отырысын жүргiзедi. 
      Бiлiктiлiк комиссиясының Төрағасы жоқ болған жағдайда оның функцияларын Бiлiктiлiк комиссиясы Төрағасының орынбасары жүзеге асырады. 

      18. Бiлiктiлiк комиссиясының отырысы осы Ереженiң 13-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде жүргiзiледi. 
      Бiлiктiлiк комиссиясы отырысының күнiн оның Төрағасы Уәкiлеттi органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң ұсынысы бойынша айқындайды. 
      Бiлiктiлiк комиссиясының отырысының күнi туралы басшы қызметкер лауазымына үмiткерлерi Бiлiктiлiк комиссиясының осы отырысында қаралатын Ұйымға отырыс өткiзiлетiн күннен кемiнде үш жұмыс күн бұрын кешiктiрмей жазбаша хабарланады. 

      19. Бiлiктiлiк комиссиясының отырысына шақырылған Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткерлер оған қатысуға мiндеттi. Бiлiктiлiк комиссиясының отырысына шақырылған үмiткер келмеген жағдайда, оны келiсу туралы мәселе Бiлiктiлiк комиссиясының келесi отырысына ауыстырылады. Қайтадан келмеген жағдайда Бiлiктiлiк комиссиясы осы тұлғаны келiсу туралы мәселенi Ұйым Бiлiктiлiк комиссиясының отырысына келмей қалу себебiн көрсете отырып қайтадан кепiлдеме ұсынғанға дейiн қарамай қалдыруға құқылы. 

      20. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi Бiлiктiлiк комиссиясының отырысы өткiзiлгеннен кейiн үш күн iшiнде жасалатын және Бiлiктiлiк комиссиясының Төрағасы (оның орынбасары) және отырысқа қатысқан мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Егер Бiлiктiлiк комиссиясы мүшесiнiң Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына кандидатура бойынша ерекше пiкiрi бар болса, хаттамаға тиiстi жазба жасалу керек. 
      Ұйымға басшы қызметкер лауазымына үмiткердi келiсудiң нәтижесi туралы Бiлiктiлiк комиссиясының отырысы өткiзiлген күннен бастап бес жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн Уәкiлеттi органның жазбаша ескертпе жiберуi арқылы хабарланады.

      20-1. Уәкiлеттi орган Ұйымның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарауға құқылы.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер болған жағдайда, Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi Ұйымның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарау үшiн қаралатын мәселеге қатысы бар құжаттармен қоса жазбаша түсiнiктеменi ұсынуы қажет екендiгiн Ұйымға жазбаша хабарлайды.
      Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi басшы қызметкердi сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарау туралы жазбаша қорытынды жасайды және оны Бiлiктiлiк комиссиясына қарауға ұсынады. Басшы қызметкердi сайлауға (тағайындауға) бұрын берiлген келiсiмдi қайта қарау туралы Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсi Ұйымның осы басшы қызметкерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi осы Ереженiң 20-тармағында белгiленген талаптар сақтала отырып хаттамамен ресiмделедi.
       Ескерту: 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен

      21. Бiлiктiлiк комиссиясы мынадай негiз бойынша Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткердi келiсуден бас тарту туралы шешiм қабылдауға құқылы: 
      1) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртiбi белгiленетiн, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларын үмiткердiң бұзу фактiлерi болса; 
      2) Бiлiктiлiк комиссиясының мүшелерi үмiткермен әңгiмелесу барысында оның кәсiби сәйкес келмеушiлiк фактiлерiн анықтаса. 

      22. Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi туралы мәселенi шешу кезiнде Бiлiктiлiк комиссиясы бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнің қызметiн тексеру кезiнде алынған қосымша мәлiметтердi зерделеуге құқылы. 

      23. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi жөнiнде Ұйым не Ұйымның басшы қызметкерi лауазымына үмiткер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасауы мүмкiн. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкi Басқармасының     
2001 жылғы 20 желтоқсандағы    
N 538 қаулысымен бекiтiлген    
Зейнетақы активтерiн       
инвестициялық басқаруды     
 жүзеге асыратын ұйымдардың    
 басшы қызметкерлерi лауазымдарына
 кандидатураларды келiсу ережесiне
қосымша             

       Ескерту: Қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78   қаулысымен .

Yмiткердiң       
фотографиясы     

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге
 асыратын ұйымдардың басшы 
қызметкерi лауазымына үмiткердiң 
САУАЛНАМАСЫ 

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауы (оның Мемлекеттiк (қайта) тiркеу куәлiгiне толық сәйкес түрде). 
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты (паспортына (жеке куәлiгiне) толық сәйкес түрде), тегi, аты немесе әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, онда олар қашан және қандай себеп бойынша өзгергендiгi көрсетiлуi керек. 
      3. Yмiткердiң туған күнi және жерi. 
      4. Yмiткердiң азаматтығы; үмiткердiң паспортының (жеке куәлiгiнiң) нөмiрi және берiлген күнi, паспортты (жеке куәлiктi) берген органның атауы, паспорттың (жеке куәлiктiң) қолданылу мерзiмi. 
      5. Yмiткердiң нақты (байланыс бөлiмшесiнiң пошталық индексiн көрсете отырып) мекен-жайы (тұрған жерi) (шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн - Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты мекен-жайы (тұрған жерi) және Қазақстан Республикасындағы мекен-жайы (тұратын жерi); үмiткердiң үйiнiң, мобильдiк және жұмыс телефондарының нөмiрлерi (халықаралық және қалааралық кодтарын көрсете отырып); электрондық поштасының мекен-жайы. 
      6. Yмiткердiң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдағы ағымдағы лауазымы. 
      7. Кепiлдеме берушiлер туралы мәлiметтер (лауазымдары; кепiлдеме берушiлердiң жұмыс орындары және аты-жөндерi; олардың жұмыс берушiлер - ұйымдарының мекен-жайлары; телефондарының нөмiрлерi, оның iшiнде мобилдiк; электрондық поштаның мекен-жайы). 
      8. Кредиторлардың атауларын (аты-жөндерiн) және орналасқан жерiн (тұратын жерiн), өтелмеген ссудаларын (несиелерiн) және өтеу мерзiмдерiн (бастапқы белгiленген және нақты) көрсете отырып, үмiткердiң өтелмеген (ағымдағы және өтiп кеткен өтеу мерзiмдерiн көрсете отырып) ссудалары (несиелерi) туралы мәлiметтер. 
      8-1. Кандидаттың бұрын басшылық еткен уақытында банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болғаны туралы мәлiметтер.
      9. Үмiткер туралы қосымша мәлiметтер (үмiткер немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым айқындаған көлемде). 
      10. Үмiткердiң Ұйымға аффилиирленгендiгi туралы мәлiметтер. 
      Осы сауалнамада келтiрiлген мәлiметтердi мұқият тексергенiмдi растаймын және нақты және толық болып табылады. Осы сауалнамадағы мәлiметтерде бұрмалаушылық және кемшiлiк анықталған жағдайда, бұның менi лауазымға бекiтуден бас тарту үшiн негiз болатындығын және маған қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдануға әкеп соғатындығын мойындаймын. Мен жоғарыда аталған, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi ұйымда жұмыс iстеген мерзiм iшiнде бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi Уәкiлеттi органды осы сауалнамадағы барлық өзгерiстер жөнiнде ескертуге мiндеттенемiн және осы мiндеттеменi орындамаудың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдануға 
әкеп соғатындығын мойындаймын.     

       ___________________ 20_ жылғы "___"_______________
         үміткердің қолы

Об утверждении Правил согласования кандидатур на должности руководящих работников организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 декабря 2001 года N 538. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 7 февраля 2002 года N 1750. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июня 2004 года N 159 (V042955)

<*>
      Сноска. Название постановления с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
  
      В целях совершенствования регулирования деятельности организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования кандидатур на должности руководящих работников организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, и ввести их и настоящее постановление в действие по истечении тридцати календарных дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. <*>
      Сноска. Пункт 1 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      2. (Пункт утратил силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июля 2003 года
N 264 ) .
      3. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившими силу подпункт 3) пункта 1 постановления  Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" от 13 августа 1998 года N 11 и утвержденные этим постановлением Правила согласования кандидатур на должности руководящих работников компаний по управлению пенсионными активами.
      4. Департаменту регулирования рынка ценных бумаг (Шалгимбаева Г.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил согласования кандидатур на должности руководящих работников организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами;
      2) в двухнедельный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила согласования кандидатур руководящих работников организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, до сведения Объединения юридических лиц в форме Ассоциации "Ассоциация Управляющих активами" и Закрытого акционерного общества "Государственный накопительный пенсионный фонд".
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Национального Банка Республики Казахстан Марченко Г.А.

     Председатель
     Национального Банка

                                            Утверждены
                                     постановлением Правления
                                        Национального Банка
                                        Республики Казахстан
                                   от 20 декабря 2001 года N 538
                                "Об утверждении Правил согласования
                                кандидатур на должности руководящих
                                        работников организаций,                                        осуществляющих деятельность по
                                      инвестиционному управлению
                                        пенсионными активами"

                                Правила
                  согласования кандидатур на должности
                   руководящих работников организаций,
                осуществляющих инвестиционное управление
                          пенсионными активами
 
<*>
      Сноска. Заголовок с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 53 Закона  Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" от 20 июня 1997 года и устанавливают порядок согласования кандидатур на должности руководящих работников организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами (далее - Организации), с уполномоченным органом по регулированию рынка ценных бумаг (далее - Уполномоченный орган) и регламентируют работу Квалификационной комиссии Уполномоченного органа по согласованию кандидатур на должности руководящих работников Организаций (далее - Квалификационная комиссия). <*>
      Сноска. Преамбула с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .

                         Глава 1. Общие положения

      1. Руководящими работниками Организации признаются:
      1) первый руководитель исполнительного органа Организации и его заместители;
      2) главный бухгалтер Организации и его заместители;
      3) руководитель и главный бухгалтер филиала (представительства) Организации. <*>
      Сноска. Пункт 1 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      2. Руководящие работники Организаций избираются (назначаются) на руководящие должности по согласованию с Уполномоченным органом.
      Согласование с Уполномоченным органом кандидатур на должности руководящих работников производится в целях определения профессиональной пригодности кандидатов. <*>
      Сноска. Пункт 2 с дополнениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      3. Уполномоченный орган ведет реестр руководящих работников Организаций, чьи кандидатуры были согласованы с ним.
      4. В целях проведения процедуры согласования Уполномоченный орган имеет право запрашивать информацию о кандидате на руководящую должность Организации от правоохранительных и иных государственных органов Республики Казахстан и организаций нерезидентов Республики Казахстан.

         Глава 2. Требования к кандидатурам на должности
                руководящих работников Организаций

      5. Кандидат на должность руководящего работника Организации должен иметь высшее образование и стаж работы, непосредственно связанной с профессиональной деятельностью на рынке ценных бумаг, или стаж работы в банке или иной организации, осуществляющей постоянную деятельность на финансовом рынке (за исключением лиц определенных пунктом 7 настоящих Правил):
      1) на должность первого руководителя исполнительного органа Организации или ее главного бухгалтера - не менее трех лет;
      2) на должность заместителя первого руководителя исполнительного органа Организации, заместителя главного бухгалтера Организации, руководителя или главного бухгалтера филиала (представительства) Организации - не менее двух лет. <*>
      Сноска. Пункт 5 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      6. Кандидат на должность руководящего работника Организации должен обладать квалификационным свидетельством третьей категории (с правом допуска к выполнению работ по управлению портфелем ценных бумаг), выданным Уполномоченным органом. <*>
      Сноска. Пункт 6 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      7. Кандидат на должность руководящего работника Организации, который является иностранным гражданином либо лицом без гражданства, не проживающим постоянно в Республике Казахстан, должен иметь:
      1) нотариально заверенный перевод на государственный и русский языки документов, подтверждающих опыт не менее чем пятилетней работы по управлению активами на зарубежных финансовых рынках;
      2) опыт работы не менее одного года, подтвержденный документами организаций Республики Казахстан - профессиональных участниках рынка ценных бумаг или банках или иных организациях, осуществляющих постоянную деятельность на финансовых рынках.
      8. Кандидат на должность руководящего работника Организации должен также иметь:
      1) гражданин Республики Казахстан (иностранный гражданин и лицо без гражданства, постоянно проживающий в Республике Казахстан) - положительные рекомендации не менее двух лиц, занимающих руководящие должности в банках или иных организациях, осуществляющих постоянную деятельность на финансовом рынке в Республике Казахстан;
      2) иностранный гражданин и лицо без гражданства, не проживающий постоянно в Республике Казахстан, - положительные рекомендации не менее чем двух лиц, занимающих руководящие должности в организациях, осуществляющих деятельность в области управления активами на финансовом рынке.
      9. Лица, рекомендующие кандидата на должность руководящего работника Организации, не должны являться руководящими или иными работниками и должностными лицами Организации, иными аффилиированными лицами Организации, за исключением работников накопительных пенсионных фондов и банков-кастодианов, заключивших с Организацией договоры в соответствии с законодательством о пенсионном обеспечении, и не должны быть связаны с кандидатом родственными отношениями.
      10. Рекомендации в обязательном порядке должны содержать сведения о должностях, местах работы и именах рекомендующих, адресах организаций - работодателей рекомендующих и номерах телефонов рекомендующих, а также информацию о продолжительности знакомства рекомендующего с кандидатом и подробное описание совместной профессиональной деятельности на финансовом рынке.

Глава 3. Порядок представления документов для согласования
       кандидатур на руководящие должности Организаций

      11. Для согласования кандидатуры на должность руководящего работника Организация должна представить в Уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление, составленное в произвольной форме и подписанное уполномоченным лицом Организации;
      2) копию удостоверения личности (паспорта) кандидата на должность руководящего работника;
      3) прошитую и постранично пронумерованную копию трудовой книжки либо копии документов, подтверждающих трудовую деятельность кандидата на должность руководящего работника, удостоверенные оттиском печати и подписью первого руководителя организации - последнего работодателя кандидата либо его заместителя, и (или) оригиналы и переводы (на государственный или русский язык) писем (справок) иностранных организаций - работодателей, подтверждающих факт и длительность работы кандидата в данных организациях, с указанием занимавших кандидатом должностей;
      4) нотариально удостоверенную копию диплома о высшем образовании (иных документов, подтверждающих высшее образование) кандидата на должность руководящего работника;
      5) копию выданного Уполномоченным органом квалификационного свидетельства, определенного пунктом 6 настоящих Правил;
      6) анкету кандидата на должность руководящего работника согласно Приложению к настоящим Правилам;
      7) характеристику с последнего места работы кандидата на должность руководящего работника, подписанную первым руководителем или лицом, его замещающим, организации - работодателя или оформленную в виде решения ее коллегиального исполнительного органа (если характеристика была утверждена данным органом) и заверенную печатью организации - работодателя;
      8) рекомендации, определенные пунктами 8-10 настоящих Правил;
      9) справку (письмо) Центра правовой статистики и информации при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан об отсутствии судимости у кандидата на должность руководящего работника или о снятии судимости с него;
      10) в случае найма иностранных граждан и лиц без гражданства - копию лицензии на деятельность, связанную с привлечением иностранной рабочей силы.
      12. Работники структурного подразделения Уполномоченного органа проверяют представленные в соответствии с пунктом 11 настоящих Правил документы на соответствие требованиям настоящих Правил и в течение десяти рабочих дней с даты их поступления представляют Председателю Квалификационной комиссии письменное заключение по каждому согласовываемому кандидату. В случае несоответствия представленных документов требованиям настоящих Правил работник структурного подразделения Уполномоченного органа готовит письменный отказ в согласовании, который подписывается первым руководителем Уполномоченного органа или его заместителем и направляется в Организацию.
      13. Квалификационная комиссия рассматривает вопрос о соответствии кандидата на должность руководящего работника Организации и принимает решение о выдаче согласия или отказе в выдаче согласия на его избрание (назначение) в течение тридцати дней со дня представления в Уполномоченный орган пакета документов, в соответствии с требованиями пункта 11 настоящих Правил. <*>
      Сноска. Пункт 13 в новой редакции - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .

    Глава 4. Порядок работы Квалификационной комиссии

      14. Для согласования кандидатур на должности руководящих работников Организаций в Уполномоченном органе создается Квалификационная комиссия в количестве семи человек, включая Председателя Квалификационной комиссии и его заместителя. Состав Квалификационной комиссии утверждается приказом первого руководителя Уполномоченного органа. В состав Квалификационной комиссии входят работники структурных подразделений Уполномоченного органа, в функции которых входят вопросы регулирования рынка ценных бумаг.
      15. Согласование кандидата на должность руководящего работника Организации производится Квалификационной комиссией в форме собеседования с ним на заседании Квалификационной комиссии.
      16. Заседания Квалификационной комиссии проводятся по мере необходимости. Заседание Квалификационной комиссии признается правомочным, если в нем участвует не менее пяти ее членов (включая Председателя Квалификационной комиссии или его заместителя). Решения Квалификационной комиссии принимаются простым большинством голосов от числа участвующих в заседании ее членов. При равенстве голосов голос Председателя Квалификационной комиссии является решающим.
      17. Председатель Квалификационной комиссии:
      1) организует работу Квалификационной комиссии;
      2) назначает дату и время заседания Квалификационной комиссии;
      3) ведет заседание Квалификационной комиссии.
      В случае отсутствия Председателя Квалификационной комиссии его функции осуществляет заместитель Председателя Квалификационной комиссии.
      18. Заседания Квалификационной комиссии проводятся в течение срока, установленного пунктом 13 настоящих Правил.
      Дата заседания Квалификационной комиссии определяется ее Председателем по представлению соответствующего структурного подразделения Уполномоченного органа.
      О дате заседания Квалификационной комиссии письменно извещаются Организации, кандидаты на должности руководящих работников которых будут рассматриваться на данном заседании Квалификационной комиссии, не позднее чем за три рабочих дня до даты проведения заседания.
      19. Присутствие кандидатов на должности руководящих работников Организаций, приглашенных на заседание Квалификационной комиссии, обязательно. В случае неявки кандидата, приглашенного на заседание Квалификационной комиссии, вопрос о его согласовании переносится на следующее заседание Квалификационной комиссии. В случае повторной неявки Квалификационная комиссия вправе оставить вопрос о согласовании данного лица без рассмотрения до представления Организацией повторного ходатайства с указанием причин неявки на заседание Квалификационной комиссии.
      20. Решение Квалификационной комиссии оформляется протоколом, который должен быть составлен в течение трех дней после заседания Квалификационной комиссии и подписан Председателем (его заместителем) и членами Квалификационной комиссии, присутствовавшими на заседании. Если член Квалификационной комиссии имеет особое мнение по кандидатуре на должность руководящего работника Организации, в протоколе должна быть сделана соответствующая запись.
      Организация извещается о результатах согласования кандидата на должность руководящего работника путем направления Уполномоченным органом письменного уведомления по истечении пяти рабочих дней с даты проведения заседания Квалификационной комиссии.
      20-1. Уполномоченный орган вправе пересмотреть ранее выданное согласие на избрание (назначение) руководящего работника Организации.
      При наличии оснований, установленных законодательством Республики Казахстан, для пересмотра ранее выданного согласия на избрание (назначение) руководящего работника Организации структурное подразделение Уполномоченного органа письменно извещает Организацию о необходимости представления в Уполномоченный орган письменного объяснения с приложением документов, имеющих отношение к рассматриваемому вопросу.
      Структурное подразделение Уполномоченного органа составляет письменное заключение о пересмотре ранее выданного согласия на избрание (назначение) руководящего работника и представляет его на рассмотрение Квалификационной комиссии. Заседание Квалификационной комиссии о пересмотре ранее выданного согласия на избрание (назначение) руководящего работника проводится с участием данного руководящего работника Организации. Решение Квалификационной комиссии оформляется протоколом с соблюдением требований, установленных пунктом 20 настоящих Правил. <*>
      Сноска. Правила дополнено новым пунктом 20-1 - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      21. Квалификационная комиссия вправе принять решение об отказе в согласовании кандидату на должность руководящего работника Организации по следующим основаниям:
      1) наличие фактов нарушений кандидатом норм действующего законодательства Республики Казахстан, устанавливающего порядок осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг;
      2) выявление членами Квалификационной комиссии фактов профессиональной некомпетентности кандидата в ходе проведения с ним собеседования.
      22. При решении вопроса о соответствии квалификационным требованиям кандидата на руководящую должность Организации Квалификационная комиссия вправе изучить дополнительные сведения, полученные при проверках деятельности субъектов рынка ценных бумаг.
      23. Решение Квалификационной комиссии может быть обжаловано Организацией либо кандидатом на должность руководящего работника Организации в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

     Председатель
     Национального Банка

                                Приложение
                                к Правилам согласования кандидатур
                                на должности руководящих работников
                                организаций, осуществляющих
                                инвестиционное управление
                                пенсионными активами,
                                утвержденным постановлением
                                Правления Национального Банка  
                                Республики Казахстан
                                от 20 декабря 2001 года N 538 <*>
      Сноска. Приложение с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .

                                        ________________
                                       |   Фотография   |
                                       |   кандидата    |
                                       |________________|

                             Анкета
         кандидата на должность руководящего работника
   организации, осуществляющей инвестиционное управление
                     пенсионными активами

      1. Наименование организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами (в полном соответствии со Свидетельством о ее государственной (пере)регистрации).
      2. Фамилия, имя, отчество (в полном соответствии с паспортом (удостоверением личности), в случае изменения, фамилии, имени или отчества, то указать когда и по какой причине они были изменены.
      3. Дата и место рождения кандидата.
      4. Гражданство кандидата; номер и дата выдачи паспорта (удостоверения личности) кандидата, наименование органа, выдавшего паспорт (удостоверение личности), срок действия паспорта (удостоверения личности).
      5. Подробный (с указанием почтового индекса отделения связи) адрес (место проживания) кандидата (для иностранных граждан и лиц без гражданства - постоянный адрес (место проживания) за пределами Республики Казахстан и адрес (место проживания) в Республике Казахстан); номера домашнего, мобильного и рабочих телефонов кандидата (с указанием кодов международной и междугородней связи);  адрес электронной почты. <*>
      Сноска. Пункт 5 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      6. Текущая должность кандидата в организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами.
      7. Сведения о рекомендующих (должности; места работы и имена рекомендующих; адреса их организаций - работодателей; номера телефонов, включая мобильный; адрес электронной почты). <*>
      Сноска. Пункт 7 с изменениями - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      8. Сведения о непогашенных (с текущими и истекшими сроками погашения) кандидатом ссудах (кредитах) с указанием наименований (имен) и местонахождений (мест проживания) кредиторов, размерах непогашенных ссуд (кредитов) и сроках погашения (первоначально установленных и фактических).
      8-1. Сведения о том, что кандидат ранее являлся руководящим работником или должностным лицом юридического лица, которое было признано банкротом или подвергнуто консервации, санации, принудительной ликвидации во время руководства данного лица. <*>
      Сноска. Приложение дополнено новым пунктом 8-1 - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 78 .
      9. Дополнительные сведения о кандидате (в объеме, определяемом кандидатом или организацией, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами).
      10. Сведения об аффилиированности кандидата к Организации.
      Подтверждаю, что сведения, приведенные в настоящей анкете, были тщательно проверены мной и являются достоверными и полными. Признаю, что в случае обнаружения искажений и упущений в данных настоящей анкеты это может служить основанием для отказа в моем утверждении на должность и повлечь в отношении меня применение санкций в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В течение моего срока работы в вышеназванной организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, обязуюсь уведомлять Уполномоченный орган по регулированию рынка ценных бумаг о всех изменениях данных настоящей анкеты и признаю, что неисполнение данного обязательства может повлечь в отношении меня применение санкций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

     ____________________    "____" _________________ 20___ г.
       подпись кандидата