Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 106
қаулысымен.
___________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400
V991010_
қаулысына берiлген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 1 желтоқсандағы
N 478 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты
бекiту туралы"
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 400 қаулысына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы"
1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа:
1. 31-тармақтың:
1) 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;";
2) мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен лицензиялық алым төлеудi растайтын төлем құжатының көшiрмесi.".
2. 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Ұлттық Банктiң филиалы барлық қажеттi құжаттар түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде берiлген құжаттар мен айырбастау пункттерi үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестiгiн тексеруге және лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
Уәкiлеттi ұйымның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу дайындығын анықтау мақсатында филиал қызметкерлерiнен техникалық әзiрлiгiн анықтау жөнiндегi комиссия құрылады. Комиссия мүшелерiнiң саны валюталық бақылау және қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшелерiнiң мамандарын қосқанда үш адамнан кем болмауы керек. Комиссияның тексеру нәтижелерi бойынша ұйым басшысының қатысуымен актi жасалады.
Лицензия беру туралы материалдар құрамына мiндеттi түрде филиал директоры немесе директордың орынбасары, валюталық бақылау бөлiмшесiнiң басшысы және заңгер кiретiн қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы мәселелердi қарау жөнiндегi комиссияда қаралады. Материалдарды қарау нәтижелерi бойынша хаттама жасалады, оған барлық комиссия мүшелерi қол қояды.
Тапсырылған құжаттар мен айырбастау пунктiнiң үй-жайы осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беру туралы шешiм қабылдайды, ол Ұлттық Банктiң филиалы бойынша бұйрықпен ресiмделедi.".
3. 33-тармақ алынып тасталсын.
4. 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Ұлттық Банктiң филиалы осы Нұсқаулықтың N 5 қосымшасына сәйкес ресiмделген лицензияны заңды тұлғаға бередi, ол бөлек тiркеу журналында есепке алынады.".
5. 36-тармақтағы:
1) "Ұлттық Банк" деген сөздер "Ұлттық Банктiң филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жылдан соң лицензия алуға өтiнiш берсе;".
6. 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Ұлттық Банктiң филиалы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияларды заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша тоқтатуға немесе қайтарып алуға құқылы.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияларды тоқтата тұру және қайтарып алу туралы материалдарды қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар беру, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы мәселелердi қарайтын комиссия қарайды. Материалдарды қарау нәтижелерi бойынша хаттама жасалады, оған барлық комиссия мүшелерi қол қояды.
Лицензияларды қайтарып алу туралы шешiм Ұлттық Банктiң орталық аппаратымен алдын-ала келiсiледi.
Филиалдың қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияларды тоқтата тұру және қайтарып алу туралы шешiмi Ұлттық Банктiң филиалы бойынша бұйрықпен ресiмделедi.".
7. 37-1 тармақтың:
1) бiрiншi азатжолындағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Ұлттық Банктiң филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бесiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банктiң филиалы құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде "Дубликат" деген сөз және дубликаттың берiлген күнi көрсетiлген бастапқы лицензияның номерiмен және күнiмен лицензияның дубликатын ресiмдейдi.";
3) алтыншы азатжол алынып тасталсын.
8. 38-тармақтың:
1) бiрiншi азатжолындағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Ұлттық Банктiң филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банктiң филиалы құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде жаңа лицензия беру арқылы лицензияны қайта ресiмдейдi.";
3) жетiншi азатжол алынып тасталсын.
9. 40-тармақтың алтыншы азатжолындағы "Уәкiлеттi ұйым көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей олардың нотариат растаған көшiрмелерiнiң екi данасын Ұлттық Банктiң филиалына беруге мiндеттi, оның бiрiн Ұлттық Банктiң филиалы Ұлттық Банктiң орталық аппаратына жiбередi." деген сөздер "Уәкiлеттi ұйым көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей олардың нотариат куәландырылған көшiрмесiн Ұлттық Банктiң филиалына беруге мiндетті." деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Уәкiлеттi ұйым тұрақты жұмыс iстейтiн органның тұрған жерiне қарай облыс, сондай-ақ республикалық дәрежедегi қала (астана) шегiнде бірнеше айырбастау пункттерiн ашуға құқылы.".
11. Мынадай мазмұндағы 56-1 тармақпен толықтырылсын:
"56-1. Уәкiлеттi ұйымы айырбастау пункттерiнiң жұмыс iстемейтiн кезеңi үш айдан аспауы тиiс.".
12. 64-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Баламасы он мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған немесе сатқан кезде тiзiлiм журналына клиенттiң аты-жөнi және оның жеке басын растайтын құжаттың деректерi жазылады.".
13. 66-тармақ алынып тасталсын.
14. 67-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Клиенттiң өтiнiшi бойынша айырбастау пунктiнiң қызметкерi сатып алынған және сатылған шетел валютасы сомасына қарамастан анықтама сертификаттарды - қатаң есептегi бланкiлердi (осы Нұсқаулыққа N 9 қосымша) көшiргiш қағаз арқылы мiндеттi түрде толтырады. Анықтама-сертификатты ресiмдеу кезiнде тiзiлiмдер журналында клиенттiң аты-жөнi және оның жеке басын растайтын құжаттың деректерi (паспорт, қызметтiк паспорт, жеке куәлiгi, сондай-ақ әскери қызметтегiлер үшiн әскери билет) жазылады. Анықтама-сертификаттардағы деректер тiзiлiм журналындағы деректермен сәйкес болуы тиiс."
15. 71-тармақ алынып тасталсын.
16. 78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Ұлттық Банктiң филиалы ай сайын келесi есеп беретiн айдың сегiзiне дейiн электронды почтамен немесе басқа электронды байланыс құралдарымен Ұлттық Банктiң орталық аппаратына мынадай ақпарат жiбередi:
1) тұтастай алғанда облыс (республикалық дәрежедегi қала) бойынша уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң, уәкiлеттi ұйымдар мен уәкiлеттi почталық байланыс ұйымдарының айырбастау пункттерi лицензияларының номерiн және берiлген күнiн, заңды мекен-жайын, сондай-ақ ашық және жабық айырбастау пункттерiнiң тiркеу номерлерi, атауы және тұрған жерi бөлiп көрсетiлген саны туралы мәлiметтер;
2) лицензияларының номерiн және берiлген күнiн, заңды мекен-жайын, сондай-ақ жабық айырбастау пункттерiнiң тiркеу номерлерi, атауы және тұрған жерi көрсетiлген уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi ұйымдардың, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер мен уәкiлеттi почталық байланыс ұйымдарының айырбастау пункттерiне қолданылған санкциялар туралы мәлiметтер.".
17. 85-тармақтың:
1) "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер "кредиттiк серiктестiктiң, уәкiлеттi почталық байланыс ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) мынадай мазмұндағы жетiншi тармақшамен толықтырылсын:
"уәкiлеттi ұйымдар осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзушылықтар байқалған жағдайда Ұлттық Банк филиалының өкiлеттiктерiне сәйкес санкциялар қолдануға ұсынысты Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына жiберуге.".
18. 86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк
серiктестiктiң, уәкiлеттi ұйым мен уәкiлеттi почталық байланыс ұйымының
айырбастау пункттерi осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзғанын анықтаған
жағдайда тәртiп бұзушылықтардың түрiне қарай:
1) анықталған құқық бұзушылықты жою үшiн белгiлi бiр мерзiмiн
белгiлеуге;
2) осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзушылықты болдырмау туралы жазбаша
ескерту жасауға;
3) айырбастау пунктiнiң қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұруға;
4) айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiн қайтарып алуға
құқылы.".
19. 87-тармақтағы:
1) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға;";
2) мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Ұлттық Банктiң орталық аппаратымен алдын-ала келiскеннен кейiн
лицензияны қайтып алуға;
3-2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, оны соттың немесе Ұлттық Банктiң
уәкiлеттi лауазым иесiнiң қарауына жiберуге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстi қозғауға және қарауға байланысты басқа функцияларды
орындауға.";
3) жетiншi азатжол алынып тасталсын.
20. N 5 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 400 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 5 қосымша
операцияларын ұйымдастыруға берілген
ЛИЦЕНЗИЯ
N______ _____ жылғы "__"___________
(берілген күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ______________________________
(филиалдың атауы)
филиалы "Банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес
____________________________
___________________________________________________________________________
(уәкiлеттi ұйымның атауы және мекен-жайы)
қолма-қол шетел Валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша
операциялар ұйымдастыруға осы лицензияны бередi.
Осы лицензияның қолданылу аясы ______________________________________
__________________________________________________________________________
(облыстың немесе республикалық дәрежедегi қаланың)
аумағында шектеледi.
Уәкiлеттi ұйымы айырбастау пункттерiнiң жұмыс iстемейтiн кезеңi
үш айдан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің _____________________________
(филиалдың атауы)
филиалы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi
ұйымға валюталық бақылау агентiнiң мiндетiн жүктейдi.
Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтарды үшінші тұлғаларға
беруге болмайды. Бұл лицензия бiр данада ғана берiледi.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi
______________ филиалының
директоры ________________
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Жұманазарова А.Б.