Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.01.29 N 184/30-IV шешімімен
Астана қаласы әкiмиятының Астана қаласындағы жерлердi аймақтарға бөлудiң жобасын бекiту жөнiндегi ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің
8-бабын
басшылыққа алып Астана қаласы мәслихаты шештi:
Преамбулаға өзгерістер енгізілді - Астана қалалық мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы
N 152/18-III
шешімімен.
1. Астана қаласындағы жерлердi аймақтарға бөлудiң кестесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2001 жылғы 25 желтоқсандағы
N 124/26-II шешiмiмен
бекiтiлген
Астана қаласындағы жерлердi аймақтарға бөлудiң кестесi
1 аймақ мына шекараларда: Темiржол вокзалынан Қарасай батыр көшесi мен Павлов көшесiнiң ортасымен Уәлиханов көшесiнiң бұрышына дейiн - Уәлиханов көшесi ортасымен Таха Хусейн көшесiнiң ортасымен Бараев көшесiнiң бұрышына дейiн, Бараев көшесiнiң ортасымен жаңа орталықтағы N 12 көшенiң бұрышына дейiн, N 12 көшенiң ортасымен жобаланудағы N 4 және N 12 көшенiң аралығымен жобаланудағы N 4 көшенiң бұрышына дейiн, N 4 көшенiң бойымен Сарыарқа көшесiнiң Қорғалжын тас жолының қиылысына дейiн, Қорғалжын тас жолының қиылысынан жаңа көпiр арқылы Сарыарқа көшесiнiң бойымен темiржол вокзалына дейiн.
2 аймақ - 1 аймақтың сыртқы шекараларымен: Павлов көшесiнiң бойымен Уәлиханов көшесiнiң бұрышынан темiржолдың санитарлық қорғау алқабының бойымен Мұңайтпасов көшесiнiң бұрышына дейiн санитарлық қорғау алқабының бойымен Оңтүстiк-Шығыс шағын ауданына дейiн, ескi Қарағанды тас жолымен қиылысының сол жақ қапталымен - ескi Қарағанды тас жолының ортасымен Юбилейная көшесiнiң бұрышына дейiн (Промышленный кентi), Юбилейная көшесiнiң ортасымен жаңа орталықтағы N 4 көшенiң бұрышына дейiн, N 4 көшесiнiң ортасымен Мирзоян көшесiнiң бұрышына дейiн, Мирзоян көшесiнiң ортасымен Есiл өзенi арқылы бөгетке дейiн, Бөгеттен Заречный мен Тельман кенттерiн жалғастыратын көшелердiң ортасымен Есiл өзенiнiң сол жағалауындағы 1 тұрғынжай кварталының Оңтүстiк шекарасымен жалғастыратын Кiшi Талдыкөл өзеншiгiнiң Оңтүстiк шығысына дейiн - Кiшi Талдыкөл өзеншiгiнiң Оңтүстiк-шығыс жағалауы бойымен Рабочая көшесiнiң жалғасына дейiн, Рабочая көшесiнiң ортасымен Қарасай батыр көшесiнiң бұрышына дейiн, Қарасай батыр көшесiнiң ортасынан Сарыбұлақ сағасының қиылысана дейiн.
3 аймақ 2 аймақтың сыртқы шекарасынан бастап мына шекараларды қамтиды:
Оңтүстiк бөлiгi: Оңтүстiк-шығыс шағын ауданының шығыс шекарасының бұрышынан темiржолдың санитарлық қорғау алқабының бойымен сол жағы темiржолдың тарауынан (Павлодар-Астана-Қарағанды) тас жол бөлiну тарамынан (Павлодар-Астана-Қарағанды) Гольф клубтың батыс шекарасының бойымен қаланың оңтүстiк бөлiгiндегi екiншi айналымы ортасымен қаланың сол жағалауы бөлiгiндегi тұрғынжай алқабының оңтүстiк шекарасы бойымен Қабанбай батыр көшесiнiң бойымен орналасқан саяжайлар алқабының шекарасына дейiн, Үлкен Талдыкөл өзеншiгiнiң оңтүстiк-шығыс шекарасы бойымен Придорожная көшесiнiң ортасы бойымен Қорғалжын тас жолынан 8 км-дей, Көктал кентiнiң батыс шекарасы бойымен т.ж.-дың санитарлық қорғау алқабының оңтүстiк шекарасына дейiн, т.ж. санитарлық қорғау алқабының оңтүстiк шекарасы бойымен Рабочая көшесiнiң бұрышына дейiн.
Солтүстiк бөлiгi: т.ж. бойымен санитарлық қорғау алқабының солтүстiк шекарасынан т.ж. бұрылыс тарауынан (Павлодар-Астана-Қарағанды) Вишневская көшесiне дейiн, Вишневская көшесiнiң ортасынан және Угольная көшесiнiң ортасымен Придорожная көшесiнiң ортасымен өнеркәсiптiк аймақтық солтүстiк айналмасының ортасымен МАИ-дың постысына дейiн Софиевка тасжолы ортасымен өнеркәсiптiк аймақ пен 2-ЖЭО-ның күл жинағыш аралығында қаланың шығыс бөлiгiндегi екiншi тарамына дейiн (Павлодар-Астана-Қарағанды).
4 аймақ 3 аймақтың сыртқы шекарасынан Астана қаласының сыртқы шекарасына дейiн.
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы