Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.01.29 N 184/30-IV шешімімен
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 124/26-II "Астана қаласының жерін аймақтандыру кестесі туралы" шешіміне (Астана қаласының әділет басқармасында 2002 жылғы 29 қаңтарда тіркелген N 164, "Вечерняя Астана" газетінде 2002 жылғы 2 ақпанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Преамбуладағы "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен" сөздері "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабымен " сөздерімен ауыстырылсын.
Астана қаласының мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы