Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХ сессиясының 2009.07.29 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II ЗРК Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптарына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" N 258-I ЗРК 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 3,4-баптарына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады :
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Алматы қаласының қарыздық мiндеттемесi туралы" және "Алматы қаласының кепiлдiк қоры туралы" ережелер бекiтiлсiн, N 1, 2.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының Х-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 25 мамырдағы
Х-шы сессиясының шешiмiне
N 1 қосымша
"Алматы қаласының қарыз міндеттері туралы"
ЕРЕЖЕ
Алматы қ. - 2001 жыл
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы 1997 жылғы 5 наурыздағы " Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар мен мәмiлелердi тiркеу туралы", " Құнды қағаздар нарқы туралы (1997 жылғы 19 маусымдағы және 1997 жылғы 11 шiлдедегi, 1998 жылғы 10 тамыздағы өзгерiстерiн қоса) 1997 жылғы 5 наурыздағы, " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, басқа заң актiлерiне сәйкес әзiрлендi және қарыз мiндеттердiң түсiнiгiн, түрлерiн, олардың шығуын, өзгеруiн және тоқтауы мен шарттарын белгiлейдi, сондай-ақ Қарыз мiндеттердiң тәртiбiн, есебiн және оның орындалуын бақылауды анықтайды.<*>
Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен .
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ережедегi пайдаланылатын түсiнiктер мыналарды мазмұндайды:
Қарыз мiндеттердi шығару және қызмет көрсету - несие берушiге оның негiзгi қарызы мен мүддесiн (дисконтын), бұдан әрi - өтеудегi қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы;
Дисконттық ставка - құнды қағаздар қарызын өтеу кезiндегi алынатын пайыз ставкасы немесе құнды сатып алулар мен нақты баға арасындағы айырмашылық;
Заем шарты - заем берушi заем алушының меншiгiне қарыз мiндеттерiн (құнды қағаздарды) өтеуге ақша беретiн шарт, ал заем алушы заем берушiге алған заем сомасын заем шартында көзделген тәртiптегi мерзiмде оның мүддесi мен дисконттық ставкасын ескере отырып қайтаратын мiндеттемесi;
Шарт мiндеттемесi - эмитент (заем алушы) несие алғанда заем сомасы мен оны өтейтiн мезгiлi көрсетiлiп берiлетiн құнды қағаз немесе құжат, облигация және басқалар;
Кепiлдiк қор - қарыз мiндеттердi қамтамасыз ету түрiндегi пайдаланатын коммуналдық меншiктегi мүлiк объектiлерiнiң бекiтiлген тiзбесi;
Несиелiк шарт - осы бойынша банк немесе өзге несиелiк институт (несие берушi) заем алушыға шартта көзделген жағдайлардағы заем (несие) беретiнi жайлы шарт, ал заем алушы алған заемын (несиесiн) қайтаруға және оның мүддесiне төлем төлеуге мiндеттенедi;
Шектi көлем - қарыз мiндеттерiн шығаруға және қызмет көрсетуге белгiленген шек, оның көлемi Кепiлдiк қордың таза активi мен мүлкiнiң қарыздық бағасынан 50 пайыздан аспауы тиiс;
Тiкелей заем - Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмi негiзiнде және оған сәйкес Кепiлдiк қорының мүлiктiк объектiлерiн қамтамасыз ететiн iшкi қалалық коммуналдық кәсiпорын жүзеге асыратын заем.
Ескерту: 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен .
2. Қарыздық мiндеттер дегенiмiз - Алматы қаласының (бұдан әрi - Қарыздық мiндеттер) қазақстандық заңды және жеке тұлғалар алдындағы (iшкi қарыз мiндеттерi), сондай-ақ шет елдiк және халықаралық ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалар алдындағы (сыртқы қарыз мiндеттерi) мiндеттерiн айтамыз.
Коммуналдық кәсiпорындардың Кепiлдiк қорымен қамтамасыз етiлмеген қарыз мiндеттерi, Алматы қаласының қарыз мiндеттерiне жатпайды.
3. Қарыз мiндеттерi Кепiлдiк қорының таза активтерi мен мүлiктерiмен қамтамасыз етiледi.
4. Қарыз мiндеттерi өткен жылдардың қарыз мiндеттерi мен жаңадан қабылданған қарыз мiндеттерiнен тұрады.
5. Қарыз мiндеттерi мына негiзде пайда болған мiндеттер бойынша ұсынылады:
- Алматы қаласы Әкiмiнiң атынан және тапсырмасы бойынша жасалған несие (оның iшiнде тауарлық) шарттарымен;
- Алматы қаласы Әкiмiнiң атынан (эмиссия) облигация, өзге эмиссиялық құнды қағаздар шығару жолымен жүзеге асырылатын қалалық заеммен;
- республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджет алған қайтарылатын бюджет несиелерiмен;
- iшкi қалалық коммуналдық кәсiпорындар жасалған несиелiк шарттармен;
- iшкi қалалық коммуналдық кәсiпорындар (эмиссия) облигация, өзге құнды шығару жолымен жүзеге асырылатын заеммен.
Ескерту: 5 тармаққа өзгеріс енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен .
6. Қарыз мiндеттерi қысқа мерзiмдi (1 жылға), орта мерзiмдi (1 жылдан 10 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (10 жылдан жоғары) сипатта болады.
7. Қарыз мiндеттерiн шығару туралы шешiмдi Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы бойынша Алматы қаласының Мәслихаты шығарады. Басым қарызгерлер арасындағы тиiстi несие шарты мен адал бәсекелестiкке сәйкес Қарыз мiндеттерге қызмет көрсетуге шығындардың дұрыс жұмсалуы тұрғысындағы ұсыныстардың сараптап таңдау нәтижесiндегi шарттар бойынша заем қаражаттары тартылмайтын болса, онда шешiм қабылданбайды.
8. Қарыз мiндеттерiндегi эмитент (заемшы) несие берушiнiң (заем берушiнiң) талабы бойынша егер де заем берушiнiң пайдалануында болса, онда ол сол кепiлдiк мүлiктi сақтандыруға мiндеттi.
9. Қазақстан Республикасының аумағында Қарыз мiндеттерiн орындау кезiнде Қарыз мiндеттерiнiң валютасы, сондай-ақ шет ел валютасының жағдайы, шарты, пайдалану тәртiбi шарт жағдайларымен анықталады, Қарыз мiндеттерiнiң көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес туындаған.
II. Қарыз мiндеттерiнiң шектi көлемi мен Қарыз
мiндеттерiне қызмет көрсету шығысының шектi көлемi
10. Қарыз мiндеттерiнiң шектi көлемi мен Қарыз мiндеттерiне қызмет көрсету шығынының шектi көлемi кезектi қаржы жылына Алматы қаласының өкiлеттi органы бекiтедi. Кезектi жылға шығарылатын қарыз мiндеттерi қарыз мiндеттерiне қызмет көрсетуге қажеттi ақша көлемiн және болжамды эмиссияны, сондай-ақ қаржы жылында өткен эмиссияларды өтеуге жоспарды жабуы тиiс.
Егер де Алматы қаласының өкiлеттi органы қаржы жылына Қарыз мiндеттерiн бекiтпеген жағдайда, онда Қарыз мiндеттерiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi осы Ережеде белгiленген шарттарға сәйкес өткен жылдың көлемiмен анықталады.
11. Iшкi қалалық коммуналдық кәсiпорындарының эмитенттерiне (заемшыларына) Қарыз мiндеттерiнiң көлемi мен қызмет көрсету шегi Кепiлдiк қорының таза активiнiң нарықтық құнының 50 пайызынан аспауы тиiс.
12. Қарыз мiндеттерiнiң шарттары қала Мәслихатының шешiмiмен бекiтiлген шектi көлемiн ұлғайту тек қана Мәслихаттың шешiмiне тиiстi шешiмдер енгiзген соң ғана тұжырымдалады.
13. Алматы қаласының атқарушы органының эмитенттерi (заемшылар) үшiн Қарыз мiндеттерiнiң көлемi мен қызмет көрсету шегi "Мемлекеттiк және мемлекеттiк кепiлдiк қарыз беру және қарыз туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес анықталады.
III. Қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы
14. Қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы туралы шешiм эмиссияның негiзгi жиынтығын мазмұндайды (құнды қағаз түрi, олардың айналу мерзiмi, эмиссия көлемi), мұнда заемшы Алматы қаласы Әкiмiнiң атқарушы органы болып табылады, Алматы қаласы атқарушы органының шешiмiмен қабылданады.
15. Қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы туралы қаулы, мұнда заемшы коммуналдық кәсiпорны болып табылады, Алматы қаласы Коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi өкiлеттi органмен келiсе отырып, экономика жөнiндегi өкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қарыз мiндеттерiнiң айналымы көлемiн атқарушы орган бекiткен шегiнде Алматы қаласының атқарушы органының шешiмiмен қабылданады.
16. Қарыз мiндетiн шығару, қызмет көрсету және өтеу шартын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Алматы қаласының атқарушы органы анықтайды.
IV. Қарыз мiндеттерiн ұйымдық-техникалық
қолдау және мониторинг
17. Ұйымдық-техникалық қолдау (инвестициялық жобалар мен бағдарлама бойынша ақпарат жинау, инвесторлармен жұмыс ету, заем, кепiлдiк/ипотека шарттарын әзiрлеу) және мониторинг (Алматы қаласы Қарыз мiндеттерiнiң жағдайы) экономика жөнiндегi өкiлеттi орган жүзеге асырады.
V. Қарыз мiндеттерi қаражатының түсу және жұмсау
және Қарыз мiндеттерiне қызмет көрсету және өтеу
шығысының есебiн ұйымдастыру
18. Қарыз мiндеттерi бойынша ақша қаражаты мен өзге мүлiктiң түсуi бухгалтерлiк есептiң қолданыстағы тәртiбiне сәйкес Алматы қаласының бюджетiнде нақты заемшылардың (коммуналдық кәсiпорындардың) есеп шотында көрсетiледi.
19. Ақша заем қаражатының шығысы, мұнда заемшы Алматы қаласының атқарушы органы болып табылады, қаржы жөнiндегi өкiлеттi органның бақылауымен Алматы қаласы атқарушы органының қаулысымен жүргiзiледi.
20. Қарыз мiндетi бойынша ақша қаражатын немесе өзге мүлiк алған коммуналдық кәсiпорын экономика жөнiндегi өкiлеттi органға белгiленген үлгiдегi көлемде және тәртiпте есеп бередi (Қарыз мiндеттерiнiң бiрыңғай реестрi (N№1 қосымша).
21. Қарыз мiндеттерiне қызмет көрсету және өтеу қаражаты қарызды қаржыландыру қаражатын қоса Алматы қаласы бюджетiндегi қарыз мiндеттерiне қызмет көрсету және өтеу шығысы бөлек жолда коммуналдық кәсiпорындардың есеп шоттарында көрсетiледi, қабылданған мiндеттердi толық орындағанша өзге мақсаттарға жұмсалынбайды.
VI. Қарыз мiндеттерiн есептеу және
тiркеудiң бiрыңғай жүйесi
22. Қарыз мiндеттерiн есептеу және тiркеудiң бiрыңғай жүйесi, қарыз мiндеттерiнiң iшкi және сыртқысының шектi көлемiн (лимиттерiн) орындауды, сондай-ақ оларды өтеуге және қызмет көрсетудiң шектi көлемiне бақылау жасайды.
23. Алматы қаласының Қарыз мiндеттерiнiң жағдайын есепке алу және бақылау, мұнда заемшы коммуналдық кәсiпорын болып табылады, экономика жөнiндегi өкiлеттi орган жүзеге асырады, бұлар Қарыз мiндеттерiнiң бiрыңғай реестрiн жүргiзедi (бұдан әрi - Бiрыңғай реестр).
24. Бiрыңғай реестр мiндеттiң көлемiн, үлгiсiн, пайда болу күнiн, орындалу мерзiмi мен жағдайының нақты күнiн, сондай-ақ өзге мәлiметтi көрсетедi.
Қарыз мiндеттерi туралы мәлiмет, олардың орындалуы Бiрыңғай реестрге өткiзiледi, тиiстi жұмыстарды атқарысымен, үш күннен қалмай жазылады.
25. Бiрыңғай реестр мен мемлекеттiк N 1-ЦБ (мем) үлгiсiндегi көрсеткiш негiзiнде олардың қарыз мiндеттерiнiң есебi мен орындалуы алынады, қала бюджетiнiң тиiстi қаржы жылында орындалу құжатымен Алматы қаласының өкiлеттi органына берiледi.
26. Бiрыңғай реестрдегi және N 1-ЦБ (мем) үлгiдегi мәлiмет құпия болып табылады. Жарияланатын мәлiметтердiң көлемi мен сипаттамасын Алматы қаласының атқарушы органы Қазақстан Республикасының заң талабына сәйкес анықтайды.
VII. Алматы қаласы коммуналдық кәсiпорындарының
үшiншi тұлға алдындағы қарыз мiндеттерi
27. Қаланың барлық коммуналдық кәсiпорындары, мiндеттi түрде рұқсат-қаулыны Алматы қаласының атқарушы органынан алады. Кепiлдiк қорының мүлiктiк объектiлерiн кепiлдей отырып, несие/заем тартуға, оны үшiншi тұлға алдындағы Қарыз мiндеттерiн тiркейдi, Алматы қалалық коммуналдық меншiктi басқару өкiлеттi органымен келiсiп, экономика жөнiндегi өкiлеттi органда тiркеледi.
28. Атқарушы орган осы ереженi бұзып қабылдаған мiндеттерге жауап бермейдi.
VIII. Қарыз мiндеттерiне қызмет көрсету және өтеу
29. Қарыз мiндеттерiн орналастыру, қаржыландыру, мүдде төлемiнiң шығысы мен кепiлдiктi тiркеу және сақтандыру нақты заемшы (Алматы қаласының атқарушы органы мен коммуналдық кәсiпорындар) қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
30. Кепiлдiк қорымен қамтамасыз етiлетiн Қарыз мiндеттерiне қызмет көрсету, мұнда заемшы Алматы қаласының атқарушы органы болып табылады, қаржы жөнiндегi өкiлеттi орган болып табылады.
31. Кепiлдiк қорымен қамтамасыз етiлетiн Қарыз мiндеттерiнiң шарттарын орындау мониторинг және оны орындауды үйлестiру Алматы қаласының Коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi өкiлеттi органмен бiрлесiп, заемшы коммуналдық кәсiпорын болып табылады.
IХ. Осы Ереженiң күшiне енуi
32. Осы Ереже күшiне әдiлет органдарында ресми тiркелген күннен басталады, осы уақыттан бастап құқықтық қарым-қатынастарға тарайды.
33. Қарыз қорының қаражатымен қамтамасыз етiлген Қарыз мiндеттерi осы Ереже күшiне енгенде, оның және Алматы қаласының басқа нормалық-өкiлдiк шешiмдерiнiң талаптары орындалғанға дейiн-ақ танылады.
Қосымша:
N 1 қосымша - Заемдарды қарыз мiндеттерiнiң
эмиссиясы арқылы тарту сызбасы/салымды
Кепiлдi қоры/ипотека пулымен
қамтамасыз етiлген
№ N 2 қосымша - Қарыз мiндеттерi есебiнiң бiрыңғай
реестрi
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты Х-шы сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
Ипотека пулымен/салымды Кепiлдi қоры/қамтамасыз
етiлген заемдарды қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы
арқылы тарту сызбасы
1. Қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы туралы қалалық Мәслихаттың шешiмi.
2. Қарыз мiндеттерiнiң эмиссиясы арқылы қалалық инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн заем қаражатын тарту қажеттiлiгi туралы Экономика комитетiнiң сараптық қорытындысы.
3. Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ресми рұқсат алу.
4. Инвестициялық жоба немесе бағдарламалар сараптауы.
5. Инвестициялық жоба немесе бағдарламаларды жүргiзу үшiн қажеттi мәлiметтер жинау.
6. Қарыз мiндеттерiн қамтамасыз ету ипотека/кепiлдiк шартын жасау және жылжитын және жылжымайтын кепiлдiк мүлiктерiн Өкiлеттi органда тiркеу, Қарыз мiндеттерiн сақтандыру мүлкi мен кәсiпкерлiк тәуекелдердi қосымша қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды құнды қағаздар мен құқық қорғайтын құжаттарды сейфтерде сақтауға беру.
7. Қарыз мiндеттерiнiң қор биржасының сауда алаңдары арқылы эмиссиясы (өтелуi) немесе басым несие берушiге (инвесторға) тiкелей сату (сатып алу).
8. Эмиссиядан немесе Қарыз мiндеттерiн сатудан түскен ақша қаражаттары.
Алматы қаласы
Қарыз мiндеттемелерi туралы
Қағидаға N 1 Қосымша
Қарыз міндеттемелерінің айналымы арқылы ипотека
пулымен/кепілдік қорының кепілдігімен
қамсыздандырылған тікелей заемды тарту сызбасы
Өкілетті орган
1
Қор биржасы 7 Эмитент- 2 Экономика жөніндегі
(Атқарушы уәкілдік орган
орган/коммуналдық (инвестиция жобаларының
8 кәсіпорын) 3 және бағдарламаларының
6 менеджменті, кепілдік
Коммуналдық қорының құқықты жолдамасы)
меншікті
басқаратын 4 5
уәкілдік орган Инвестициялық жобалар
Институционалдық мен бағдарламалар
инвесторлар:
Банкілер Қарыз міндеттемелерін
Зейнеткерлер қамсыздандыратын
қоры кепілдік қоры (мүлікті
КУПА иеліктен айыруды тыйым
Сақтандыру салуға растайды)
компаниясы
Қор биржасының
басқа да мүшелері Банк кастодиан Сақтандыру Жылжыйтын
(Кепілдік қорының компаниясы және
құқықты құжаттарын (мүлікті жылжымайтын
Инвесторлар сақтаушы) сақтандыру мүлікті
(жергілікті сыртқы) және тіркейтін
кәсіпкершілік уәкілдік
тәуекелі- орган
сақтандыру
полисі)
Алматы қаласы
Қарыз мiндеттемелерi туралы
Қағидаға N 2 Қосымша
2001 жылдың ______________ дейiнгi мерзiмдегi
Қарыз мiндеттемелерiнiң бiрыңғай тiзiлiм есебi
N |
Эмитент |
Қарыз міндеттемелерінің түрі |
Валюта |
Көлемі |
заемайналымының Мер |
Борышты өтеу мер |
өтел |
қалдығы(дисконттың |
ес |
|
негізгі қарыз |
Мүдде/дис |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Барлығы |
Қарыз мiндеттемелерiнiң бекiтiлген
шығарылу көлемi мен қызмет шегi_______________ тңг.
Қарыз мiндеттемелерiнiң шығарылған
және қызметiнiң қалдығы (10 бағ) _____________ тңг.
Қарыз мiндеттемелерiнiң бос
(артық) шығарылған көлем шегi
мен қызметi __________________________________ тңг.
Алматы қаласы Әкiмi аппаратының
Экономика комитетiнiң төрайымы:_______________
Құқықты жолдамаға жауапты
лауазымды тұлға: _____________________________
Келiсiлген: ______________ /Аты, жөнi/ Коммуналдық меншiктi басқару департаментi.
II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 25 мамырдағы
Х-сессиясының шешiмiне
N 2 қосымша
"Алматы қаласының кепілдік қоры туралы"
ЕРЕЖЕ
Алматы қаласы - 2001 жыл
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi "Нотариат туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Жылжымайтын мүлiктi кепiлдiкке қоюды тiркеу туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жылжымайтын мүлiктiң ипотекасы туралы" Заң күшi бар N№2723 Жарлығына , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 желтоқсандағы "Жылжымайтын мүлiкке құқықты және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" N№2727 Заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының құжаттар мен құнды қағаздардың сақтауға қабылдануын реттейтiн басқа да заңнамаға сәйкес Кепiлдiк қордың мүлiктiк заңдарын қалыптастырудың, пайдаланудың және олар бойынша қызмет көрсетудiң тәртiбiн анықтайды.
I. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының кепiлдiк қоры (әрi қарай - Кепiлдiк қор) инвесторлар - құнды қағаздарды сатып алушыларды қосымша кепiлдiктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк коммуналдық құнды қағаздар шығару арқылы тура заемдар және заемдар жүйесiнiң қосымша сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 20 шiлдедегi "Кепiлдiк қорды құру туралы" N 679 шешiмiне сәйкес құрылды.
Ескерту: 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен .
2. Осы Ережеде қолданылатын түсiнiктер:
Құнды қағазды ұстаушы - көрсетiлген соманы алуға құқығы бар құнды қағаздың иесi (несие берушi);
Борыштық мiндеттеме - заем (несие) алу кезiнде эмитент (заемшы) заем берушiге (несие берушi) беретiн борыштық құнды қағазы, онда заемның сомасы және оны өтеудiң мерзiмi көрсетiледi. Осы құжат бойынша заемшы заемды келiсiлген мерзiмде қайтаруға мiндеттенедi, ал заем берушi (несие берушi) заемшыдан осы мерзiм бiткен соң, оны өндiрiп алу құқығына ие болады;
Кепiл шарты - борышкер кепiлдiк мiндеттемемен қамтамасыз етiле отырып, өз мiндеттемесiн орындамаған жағдайда несие берушi (кепiлдi ұстаушы) басқа несие берушiлер алдында кепiлдiкке қойылған мүлiктiң құнын артықшылыққа ие бола отырып өндiрiп алу құқығын беретiн шарт;
Заем шарты - заем берушi кепiлдiк мiндеттемелердi (құнды қағаздарды) өтеу үшiн заемшының меншiгiне беретiн шарт, ал заемшы мүдденi немесе дисконттық ставканы ескере отырып, заем шартында көрсетiлген мерзiмде және тәртiпке сәйкес алған заемының сомасын заем берушiге қайтаруға мiндеттенедi;
Сақтау шарты - сейфтi жалға алу туралы банк-кастодианмен жасалған шарт, борыштық мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн Кепiлдiк қордың нысандары бойынша құқық беретiн құжаттарды, банк-кастодианға қосымша -нұсқаулықты мiндеттi түрде қоса бере отырып сақтауға және сол күйiнде қайтаруға мiндеттенедi;
Бiртұтас тiзбе - Борышкерлiк мiндеттемелердiң портфелiнiң есебiн және жағдайын көрсететiн белгiленген үлгiдегi құжат;
Закладная - кепiлдiк қорға енгiзiлген жылжитын және жылжымайтын мүлiктiң кепiлдiкке берiлгенi туралы құжат, заемшы өз борышын мерзiмiнде өтей алмаған жағдайда, несие берушiге кепiлдiкке қойылған мүлiктi саудалау кезiнде сатуға құқық бередi;
Кепiлдiк қор - Борышкерлiк мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын коммуналдық меншiк нысандарының бекiтiлген тiзiмi;
Кепiл берушi - кепiлдiкке қойылатын зат бойынша мүлiкке шаруашылық жүргiзуге меншiк құқығына ие адам;
Кепiлдi ұстаушы - заемшы (борышкер) кепiлдiк мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, кепiлдiкке қойылған мүлiктiң құнынан өз талаптарын қанағаттандыруға мүмкiндiк беретiн, осындай құқыққа ие несие берушi;
Банк-кастодианға нұсқаулық - эмитенттiң (заемшы) және құнды қағазды (несие берушi) ұстаушыға арналған, банк офицерiне арналған, құнды қағазды қамтамасыз ету үшiн сейфте сақталатын мүлiктiк талаптар мен олар бойынша құқықтарды кiмге және қандай жағдайда беру қажеттiгi көрсетiлетiн бiрлескен нұсқаулық ретiнде пайдаланылатын сақтау - сейфтi жалға алу туралы Шартқа қосымша;
Ипотека - кепiлдiк қор нысандарының құрамына енгiзiлген жылжымайтын мүлiк (жер учаскелерi) кепiлдiгi;
Несие шарты - шарт, осы құжат бойынша банк немесе басқа да несие институты (несие берушi) шартта көрсетiлген мөлшерде және қағидаларға сәйкес заемшыға заемды (несие) беруге мiндеттенедi, ал заемшы заемды (несиенi) қайтаруға және ол бойынша мүдделiлiк құнын төлеуге мiндеттенедi;
Кепiлдiк мiндеттеменi қамтамасыз ету - заем берушiге (несие берушiге) кепiлдiкке беруге қойылған кепiлдiк қордың нысандары және олар бойынша құқықтар және/немесе кепілдік берген адамға кепiлдiкке қарсы қойылған нысандар;
Облигациялық заем - облигация үлгiсiнде заемшы арқылы борышкерлiк мiндеттемелер шығару жолымен қаржы ресурстарын жинақтау әдiсi;
Тура заем - Алматы қаласы атқару органының шешiмiне (қаулысына) сәйкес және кепiлдiк қордың нысандарын қамтамасыз ету үшiн коммуналдық кәсiпорын арқылы жүзеге асырылатын заем;
Ипотека пулы - борышкерлiк мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын Кепiлдiк қордың жылжымайтын мүлкiнiң квотасы;
Құнды қағаздың эмитентi - құнды қағазды, төлем - есеп айырысу құжаттарын шығарып, айналымға жiберген және құнды қағазды ұстаушы алдында өзiне мiндеттемелер жүктейтiн Алматы қаласының атқару органы, коммуналдық кәсiпорны.
Ескерту: 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен .
3. Кепiлдiк қордың қажетiне қарай жаңартылатын және толықтырылатын коммуналдық меншiк нысандарының және олар бойынша құқықтарының тiзiмi болады.
4. Ақша қаражаттарының жеткiлiксiздiгi деп мiндеттемелердi өтеудiң мерзiмiне қарай және олар бойынша мүдделiлiк құнын төлейтiн мерзiмде ақша қаражаттарының болмай қалуы немесе болжанып отырған төлейтiн уақыттан 3 ай бұрын ақша қаражаттарының жеткiлiктi түрде болмай қалуы.
II. Кепiлдiк қорды қалыптастырудың тәртiбi
5. Кепiлдiк қор былайша қалыптастырылады: оның құрамына енетiн нысандардың және олар бойынша мүлiктiк құқықтардың тәуелсiз бағалаушылар белгiлеген жалпы құны аталған нысандарды және мүлiктiк құқықтарды ашық аукционда сататын жағдайда, мүлiктiк қордың құрамына енетiн кепiлдiк нысандар мен мүлiктiк құқықтарды сатудың есебiнен заемдардың мiндеттемелерi бойынша қызмет көрсету шығынының мөлшерiндей болуы тиiс.
6. Кепiлдiк қордың құрамына енгiзiлген коммуналдық меншiк нысандарының және олар бойынша мүлiктiк құқықтардың тiзiмi Алматы қаласы атқару органының Қаулысымен Алматы қалалық Коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi өкiлеттi органның ұсынуына сәйкес бекiтiледi.
7. Кепiлдiк қордың құрамына енетiн мүлiктiк нысандардың және олар бойынша құқықтардың тiзiмi реквизиттердiң келесi тiзбесiне мiндеттi түрде енгiзiле отырып қалыптастырылады:
- нысанның аталуы;
- пайдалану бағыты;
- орналасқан мекен-жайы;
- нысанның негiзгi сипаттамасы;
- нысанды сипаттайтын басқа да елеулi жағдайлар.
Аталған тiзiм заемшыға (эмитент) мәлiм болатын ақпараттың құрамына енедi және мезгiл-мезгiл бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға жатады.
III. Мүлiктiк қордың құрамы
8. Мүлiктiң қордың құрамына енгiзiлетiн коммуналдық меншiк нысандарына мыналар жатады:
- Жылжымайтын мүлiк - коммуналдық меншiк нысандары (ғимараттар, құрылғылар, кәсiпорындар);
- жылжымайтын мүлiк (акциялар, облигациялар немесе басқа да құнды қағаздар, ақша қаражаттары және басқа да активтер);
- мүлiктiк құқықтар.
Ескерту: 8 тармаққа өзгеріс енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен .
9. Кәсiпорынды немесе басқа да мүлiктiк кешендi Мүлiктiк қорға енгiзу кезiнде: мүлiктiң құрамына енетiн барлығы (жылжымалы және жылжымайтын) талап ету құқықтарын және басқа да ерекше құқықтарды қоса алғанда, кепiлдiк қорға енгiзiлген болып саналады.
10. Ғимараттарды немесе құрылғыларды Кепiлдiк қорға енгiзуге тек қана осы ғимарат немесе құрылғы орналасқан жер учаскесiн немесе нысанды күтiп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн осы жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн, сонымен бiрге жер учаскесiн жалдау құқығын қоса алғанда, Кепiлдiк қорға бiр мезгiлде енгiзе отырып жол берiледi.
11. Кепiлдiк қорға енгiзу үшiн коммуналдық меншiк нысандарын iрiктеген кезде бiрiншi кезекте келесi сипаттар ескерiледi:
- нысанның заңды мәртебесi (нысанға арналған меншiк құқығын растайтын құжаттардың болуы, нысанның коммуналдық меншiк ретiнде мемлекеттiк тiркелуi);
- оны жүзеге асыруға шектеулердiң (өзгеге беруге тыйым салу) осы нысанда болмауы;
- нысанның нарықтық құнының негiздiлiгi.
12. Кепiлдiк қордың құрамына енгiзiлген жылжымайтын мүлiк ипотекасының шарттары, жылжымайтын мүлiк бойынша жасалатын мәмiлелердi тiркейтiн өкiлеттi органда заңда белгiленген тәртiпке сәйкес тiркеледi.
13. Кепiлдiк қордың құрамына енгiзiлген кепiлдiкке қойылған жылжымайтын мүлiк жөнiндегi шарттар Әдiлет министрлiгiнiң кепiлдiкке қойылған жылжитын мүлiктiң жекелеген түрлерiн тiркеу жүктелген органдарында мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге жатады.
14. Банк-кастодианға сейфтiк сақтауға закладнойларды беру құқық беретiн құжаттардың түпнұсқаларының және олардың тiзiмдерi, қойылған қолдар мен мөрлердiң, сейфке қойылған орны, күнi және уақытының тiркелгенi мiндеттi түрде расталып, жүзеге асырылады.
IV. Кепiлдiк қордың құрамына енетiн
коммуналдық меншiк нысандарын пайдалану
15. Алматы қаласының атқару органы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн өзiнiң қаражаттары жеткiлiксiз болған жағдайда, бұл мәселенi қарауды Алматы қаласының өкiлеттi органының мәжiлiсiне ұсынады, бұл орайда бюджеттiң ағымдағы жағдайын сипаттайтын материалдарды, алдағы жылға жасалған болжамдық бағалауларды, қажеттi заем қаражаттарының мөлшерiн қоса тапсырады. Тапсырылған материалдардың негiзiнде Алматы қаласының өкiлеттi органы тиiстi шешiм қабылдайды:
- кепiлдiк қордың құрамына енетiн мүлiктiк нысандарды сату туралы;
- коммуналдық меншiк нысандарын кепiлдiк қамтамасыз ету мақсатында несие ресурстарын алу туралы. Осы шешiм тек қана кепiлдiк қордың нысандары бойынша қабылданады.
16. Алматы қаласының өкiлеттi органының жетпей тұрған ақша қаражаттарының орнын толтыру үшiн несие ресурстарын тарту туралы шешiмi негiзiнде Уәкiлеттi орган Алматы қаласының атқару органының атынан банк немесе басқа да қаржы институттарымен, сонымен бiрге шет елдiк банкiлермен олардан заем алу туралы тиiстi шарт жасасады. Бұл орайда Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi өкiлеттi орган Алматы қаласының өкiлеттi органының атынан осы аталған мекемелермен ипотека шартын, кепiлге қою шартын және/немесе құнды қағаздардың немесе кепiлдiк қордың құрамына енетiн нысандардың санатынан несиелер (заем беру) бойынша Борышкерлiк мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн закладнойлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн сейфтi жалға алу кастодиандық шартты жасасады.
17. Несие ресурстарын тарту туралы немесе Кепiлдiк қордың құрамына енетiн нысандарды сату жөнiндегi шартты жасасу қажет ақша қаражаттардың орнын уақтылы толтырып отыру мақсатында тиiстi мерзiмде жүзеге асырылады.
18. Заемшы ретiнде қаланың атқару органы iс-әрекет жасайтын тартылатын несие ресурстарын кепiлдiк қамтамасыз ету үшiн кепiлдiк қордың құрамына енетiн, сатуға жататын нақты нысандардың құрамы туралы түпкiлiктi шешiмдi Алматы қаласының атқару органының ұсынуымен өкiлеттi орган арқылы қабылданады. Заемшы ретiнде коммуналдық кәсiпорындар iс-әрекет жасайтын жағдайда нысанды сату немесе кепiлдiкке беру туралы шешiмдi Кепiлдiк қорына кiретiн нақты нысандар шегiнде Алматы қаласының атқару органы қабылдайды.
19. Алматы қаласының атқару органының қаулысына сәйкес Кепiлдiк қордың құрамынан нысанды сату қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленген тәртiппен жұртшылыққа жариялы түрде саудалауды ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты Х-шы сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы