II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 25 мамырдағы "Алматы қаласының қарыз мiндеттемелерi туралы" Ереженi бекiту туралы" және "Алматы қаласының кепiлдiк қоры туралы" Х-сессиясының шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 03 желтоқсандағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 желтоқсанда N 571 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы бойынша III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
       1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 25 мамырдағы "Алматы қаласының қарыз мiндеттемелерi туралы" Ереженi бекiту туралы" және "Алматы қаласының кепiлдiк қоры туралы" Х-сессиясының шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
       
      1) N 1 қосымшада:
      - мәтiннiң басындағы "Қазақстан Республикасының 28.04.1997 жылғы "Қазақстан Республикасындағы вексельдiк айналым туралы" N 97-1 Заңына" деген сөздер алынып тасталсын;
      1 тармақтың 5 жаңа жолындағы "вексель" сөзi алынып тасталсын;
      5 тармақтың 3, 6 жаңа жолындағы "вексельдер және" деген сөздер алынып тасталсын;
       
      2) N 2 қосымшада:
      1 тармақтағы "(вексельдердiң қарыздық мiндеттемелерi, қалалық шеттен алынатын облигациялық қарыздардың облигациясы") деген сөз алынып тасталсын;
      2 тармақтың 2-шi жаңа жолындағы "бағалы қағаздың эмитентiнен, авалистен немесе акцептанттан" деген сөздер алынып тасталсын;
      2 тармақтың 15-шi жаңа жолындағы "аваль" сөзi "кепiлдiк" сөзiмен ауыстырылсын;
      8 тармақтың 3-шi жаңа жолындағы "вексельдер" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы шешiмге бақылау жасау III-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн.

      
      III-сайланған Алматы қаласы
      Mәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады