Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.03.03 N 60 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген мыналар бекітілсін:
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереже;
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ереже;
2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оны жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарды жүргізу қамтамасыз етілсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08 28 N 198 ; 2009.04.20 N 57 Қаулыларымен.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
- көрсетілген Ереженің орындалуына жағдай жасалсын;
- кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі, қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, еңбекке қатысқандардың жалақы мөлшері және оларды қаржыландыру көзі бекітілсін;
- әртүрлі халық тобын жұмыспен қамсыздандыру мақсатында қоғамдық жұмыстарды қолдану саласындағы басым бағыттар жыл сайын кеңейтіле түссін, аудандық (қалалық) еңбек рыногіндегі сұраныс пен олардың облыс экономикасына инвестициялық салымын ескеріле отырып;
- еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық мәліметтер жиынтығын қалыптастыру мақсатында Петропавл қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарын Интернет арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1.08.2001 ж. мерзімге дейін WЕВ - сайтына қосу көзделсін.
4. "Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарға жалақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ережені бекіту жөнінде" облыс әкімінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 131 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловты жүктелсін.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 ; 2009.04.20 N 57 Қаулыларымен.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының
2001 жылғы 19 шілдедегі
N 38 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.
2. Қоғамдық жұмыстарға атқарушы органдармен ұйымдастырылған қызметкерлерден алдын-ала кәсіптік даярлықты талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтармен, олардың уақытша қамтылуымен қамсыздандыру үшін, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындалатын еңбек қызметінің түрлері жатады.
2-1. Уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
3. Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалары қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен
4. Қылмыстық және әкімшілік заңнамалармен көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар ережелермен реттелмейді.
5. Қоғамдық жұмыстарға апаттар, стихиялық бақытсыздықтар, катастрофалар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттілігімен байланысты қызмет түрлері жатпайды.
6. Үәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
7. Жалақы төленетін жұмыс түрлері:
1) тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қалалар, елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағын тазалауларына көмектесу;
2) құрылыс және жол жөндеу, су, газ құбыры, канализация және түрлі коммуникация жолдарын төсеу, кеспетас және жиектік тастарды салу, сондай-ақ осы жұмыстарға қажет қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, ұсақ тасты, плиталарды, құмдарды және т.б.) дайындау;
Елді мекендердегі жолды ағымдағы жөндеу (шұңқырлар мен жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, жолдарды жөндеу);
3) мелиоративтік жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ, көктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстар;
4) тұрғын үйлер құрылысына, қайта жаңартуға және күрделі жөндеулерге қатысу;
Мәдениет пен әлеуметтік бағыттағы (мәдениет үйлерін, денсаулық сақтау объектілерін (ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) және білім беру объектілерін, селолық округ әкімдіктері мен басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға алған ғимараттарды, егер жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа қаржы қарастырылмаған болса немесе олар объектілерді тиісті жағдайда ұстауға жеткіліксіз болса) объектілерді күзету, қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын атқару бойынша көмек көрсету;
5) тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру;
6) аймақтарды экологиялық сауықтыру, қаңғырма жануарларды аулау (көгалдандыру және көркейту, орман шаруашылығын сақтау және өркендету);
7) Спорттық іс-шараларды, мерейтойлар салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды да атқару;
8) республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (жұртшылық пікірін сұрауды, халық санағын, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық тексеру) өткізуге қатысу;
9) аз қамтылған халық жіктері және жалғызбасты қарттар, жаңа келген оралмандар, сондай-ақ коммуналды меншіктегі кәсіпорындар мен қалалар және аудандар әлеуметтік мәдени-тұрмыс нысандары үшін көмірді артуға, жеткізуге және түсіруге көмек отын және жемазықтар дайындау;
10) үй шаруашылығы санағына және шаруашылық кітабын жасауға көмектесу;
11) Мәдени-әлеуметтік бағыттағы маңызды объектілерді, соның ішінде каникул кезінде мектептерді, егер бұл мақсатта штат кестесінде бірлік қарастырылмаған болса, сондай-ақ аудан әкімінің коммуналдық меншігіндегі бос ғимараттарды күзету;
12) Алыс елді мекендерде тұратын халықты төл құжаттау бойынша жұмысқа уақытша көмек (халықты төлқұжаттандыру үшін қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу жөніндегі көмек);
13) Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіп күзетін қамтамасыз ету жөніндегі құқық органдарына жәрдемдесу жасақтарына қатысу);
14) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.04.20 N 57 Қаулысымен
15) Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар-жасөспірімдер клубтары арқылы ұйымдастыру жөнінде бір реттік жұмыстарды (мереке күндеріне және мерейтойларға дайындық) жүргізу;
16) Сая бақтар мен скверлердің аумағын көгалдандыру және күзету;
17) Зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру;
18) Жылыту кезеңінде бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде пеш жағушы ретіндегі жұмыс;
19) Жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып±әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау).
Ескерту: 6, 11, 17, 18 және 19 тармақшалар ұйымдар мен мекемелердің штат кестесінде тиісті бірлік болмаған жағдайда қолданылады.
20) Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету; <*>
20-2) оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау;
20-3) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс-жүргізуде көмек көрсету;
20-4) құжаттаманы өңдеуде және сақтауға дайындауда көмек көрсету;
20-5) жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету;
21) жергілікті атқарушы органдар қажеттілікке байланысты қоғамдық жұмыс түрлерін жұмыстың басқа да түрлерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кеңейтуіне және толықтыруына болады. <*>
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімиятының 2002.12.19 N 195 ; 2003.03.31 N 71 ; 2006 03.28 N 57 Қаулыларымен.
8. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады және төмендегідей ерекшеліктері болады:
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен
1) жұмыссыздар үшін арнайы тағайындалған;
2) жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектеусіз, уақытша сипаттағы жұмыс және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос орындар пайдаланылмайды;
3) жұмысты икемді кесте бойынша және толық емес жұмыс күні жағдайында ұйымдастыру мүмкіндігі бар;
4) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылығы;
5) арнайы білімі жоқ тұлғаларға уақытша еңбекке орналасу мүмкіндігі беріледі;
6) жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жиілігі шектеусіз.
Жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға олардың тілектеріне және осы жұмыстарды еңбек заңнамаларына сәйкес ұйымдастырушы уәкілетті орган мүмкіндіктеріне сәйкес жіберіледі, ал олардың ұзақтығы жұмыс берушілермен келісім бойынша реттеледі;
7) азаматқа тұрақты (сай келетін) жұмыс берілген жағдайда, жұмыскердің еңбек шартын бұзу туралы арыз берген күннен бастап қоғамдық жұмыстарды орындайтын еңбек шарты бұзылады. Шартты бұзу еңбек негізі көрсетіле отырып, уәкілетті орган ол туралы 3 күн мерзімінде кәсіпорын әкімшілігін хабарландыруы қажет;
8) Егер азаматтың келісімінсіз тұрған орнын ауыстырумен байланысты болмаса, қоғамдық жұмыстар келесі азаматтар санатына лайықты болып табылады:
- алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер (бұрын жұмыс істемегендер), мамандығы (кәсібі) жоқтар;
- өзінде бар кәсібі (мамандығы) бойынша біліктілігін көтеруден немесе өз мамандығына жақындас мамандық алудан бас тартқан жағдайда;
- жұмыспен қамту уәкілетті органдарында 18 айдан астам уақыт тіркелген болса;
- жұмыспен қамту уәкілетті органдарына маусымдық жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу мәселесі бойынша арыз берсе. <*>
Ескерту. 8-тармақ 8) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002.12.19 N 195 Қаулысымен;
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
9. Қоғамдық жұмыстар орталық және жергілікті атқарушы органдармен коммуналды меншік ұйымдарында ұйымдастырылады және жергілікті бюджет қаржысынан қаржыландырылады. Жеке меншік түріндегі кәсіпорындарда жүргізілетін қоғамдық жұмыстар жұмыс берушінің қаржысы есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорындар болмаған жағдайда, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру селолық әкімдерге жүктеледі.
10. Халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджет қаржысы есебінен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен көлемі туралы қалалар (аудандар) әкімдерімен бекітілген шешімдер қабылдайды.
11. Жергілікті атқарушы органдар шешімінде:
қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстар анықталады;
қоғамдық жұмыстар оны жүргізетін жұмыс берушілер тізбесі, қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, жұмыскерлер жалақы мөлшері және оны қаржыландыру көздері бекітіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
12. Жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша уәкілетті органдар жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға келісім жасайды. Жасалған келісім екіжақтың құқықтары мен міндеттерін анықтайды, онда еңбек шартымен анықталған, жұмыс түрлері, оны орындау мерзімі және жағдайы көрсетіледі.
Әрбір қоғамдық жұмыстарға қатысушымен еңбек шарты жасалады, онда жұмыс түрлері мен көлемі, айлық еңбекақы мөлшері, оны төлеу мерзімі көрсетіледі және онда жұмыс беруші мыналарға міндеттенеді:
- қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың әрқайсысымен еңбек қауіпсіздігі жөнінде дербес нұсқаулық жүргізуге;
- заңнамаға сәйкес еңбек арнайы киіммен, құралдармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;
- қоғамдық жұмыстарды орындау кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жұмысшыға заңнамаға сәйкес залалды өтеуге.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
13. Апат, стихиялық бақытсыздықтарды, катастрофалар мен басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жоюмен, ғылыми зерттеулер және тәжірибелер жүргізумен байланысты емес жұмыстарға және қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде, конкурстық құжаттарға жұмысшының алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды тарту туралы және сондай жұмыстар тізбесі туралы талаптар енгізіледі.
Конкурсқа қатысушы өзінің конкурстық өтінішінде міндетті тәртіпте алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін жұмыс көлемін (санын) және қоғамдық жұмыстарға тартылатын жұмыссыздар санын көрсетеді.
Конкурс ұйымдастырушысы конкурс жеңімпазымен шарт жасағанда қоғамдық жұмыстар құнын шартта жеке жолмен көрсетеді.
Конкурс ұйымдастырушысы шарт тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінде сол жұмыстар жүргізілетін аймақтың жұмыспен қамту жөніндегі аудан (қалалық) уәкілетті органдарын қоғамдық жұмыстар құны, мердігердің (лердің) атауы, қоғамдық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстар тізбесі, мердігермен жұмысқа тартылатын жұмыссыздар саны көрсетіліп жасалған шарт туралы хабарландырады.
Конкурс жеңімпазы - мердігер, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органын алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстар тізбесі, сол ұйымға бөлінген қаржылар сомасы, жұмыссыздарға деген сұраныс туралы мәлімет беруге және қоғамдық жұмыстар орындауға үлгілік шарт жасауға міндетті.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды мердігерге конкурс ұйымдастырушысы мен мердігердің ақпаратында көрсетілген сұранысқа сәйкес жібереді.
14. Меншікті қаржы есебінен, өзінде қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру ықыласы бар жұмыс берушілер жергілікті атқару органдарына өтініш береді.
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдау.
15. Жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жолдау жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша уәкілетті орган арқылы іске асырылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
16. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдау тіркелген датасына сәйкес кезек тәртібінде уәкілетті орган арқылы іске асырылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
17. Мақсатты топтары халық кіретін жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарға қатысуда басымдылық болады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
18. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысушы арасында, заңнамаға сәйкес еңбек шарты жасалады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар өз еркімен, болмашы себеппен оған қатысуын тоқтатса, уәкілетті органдарда қайта тіркелу күнінен бастап тек үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
4. Қоғамдық жұмыстар қамтылған азаматтарға
еңбекақы төлеу
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың жалақысы, атқарылған жұмыс түрлеріне байланысты, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес тарификацияланады. Бекітілген жұмыс тізіміне енбейтін жұмыстардың жалақысы сәйкестік бойынша тарификацияланады"; (Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережеге "Атқарған жұмысына байланысты қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға жалақы төлеу туралы" қосымша).
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002.12.19 N 195 ; 2007.08.28 N 198 ; 2009.04.20 N 57 Қаулыларымен.
21. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандар үшін есептелетін жалақыға, жинақтау қорына міндетті түрде аударуды қоса ала отырып, заңнамамен белгіленген тәртіпте салық салынады.
22. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеу, зағиптық немесе денсаулығына басқа зақым келтірген зияндылықты өтеу жұмыс берушімен қолданыстағы еңбек жүрген заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көзі және тәртібі
23. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру аудандардың және Петропавл қаласының, сәйкес қаржылық жылға бекітілген жергілікті бюджет қаржысы есебінен іске асырылады.
24. Қоғамдық жұмыстарда қамтылған азаматтардың жалақысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлу әзірленген іс-шараларға сәйкес жүргізіледі, басқа шығындар жұмыстарды ұйымдастыру, кепілдік және өтемақы жүргізу және беру заңнамаға сәйкес олар орындайтын кәсіпорындар және ұйымдар есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
25. Еңбекақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын (егер ондай болмаса - ауылдық округтер әкімдері) жұмыс берушілер»есеп беру айы аяқталғанға дейін 5 күн ішінде, жұмыс түрлері туралы, қоғамдық жұмысқа қатысқан жұмыссыздар саны туралы, жұмыс уақытын тіркеу туралы, есептелген жалақы туралы белгіленген заңнама тәртібінде жергілікті уәкілетті органдарға есеп береді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеру енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002.12.19 N 195 ; 2007.08.28 N 198 Қаулыларымен.
26. Аудандық (қалалық) уәкілетті органдар жалақы төленетін жұмыс берушілер (селолық округ әкімдері) есептерін тексереді, қаржыландыруға қажет қаржы көлемін анықтайды және қаржылық органдарын әр айдың 1 жұлдызына дейін қаржыландыру тапсырысын береді. Қаржылық органдарға желтоқсан айына қаржыландыру өтінімі ұсынылады тапсырысын ағымдағы жылдың 27-ші желтоқсанына дейін берілсін.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002.12.19 N 195 ; 2007.08.28 N 198 Қаулыларымен.
27. Қаржылық органдар уәкілетті органдардың тапсырыстары негізінде 258 30 31 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың жергілікті бюджет сметасына сәйкес қаржыландыру ашады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
28. Аудандар (қалалық) уәкілетті органдары ағымдағы есепшотқа қаржы түскеннен кейін, қаржыны 2 күн ішінде еңбекақы төлейтін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын жұмыс берушілер есепшотына немесе оған қатысушылардың жеке есебіне аударады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру
тәртібін бақылау
29. Аудандар (қалалық) уәкілдік органдары ай сайын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар қорғау облыстық басқарма белгіленген үлгі бойынша есеп береді.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 ; 2009.04.20 N 57 Қ аулыларымен.
30. Жұмыс берушілермен және жұмыскерлермен белгілі мерзімге жасалған еңбек шартын сақтауды бақылау, сондай-ақ белгіленген заңнама тәртібінде қоғамдық жұмыстар атқару орындарында жүргізілген еңбек заңнамалары және Қазақстан Республикасының "Жұмыспен қамту туралы" Заңы іске асырылады.
Орындалған жұмыс көлеміне жұмыссыздардың еңбекақысын дұрыс есептеуді және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған қаржыны мақсатты жұмсауды бақылау аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар білімдерімен, олардан жоғары тұрған органмен және қаржы басқармаларымен іске асырылады.
Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
31. Үәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда:
1) Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар есебін жүргізуді іске асырады;
2) статистика жөніндегі сәйкес мемлекеттік органмен белгіленген үлгі бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есеп беруді жүргізеді;
3) Орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде статистикалық есептерді белгіленген мерзімде ұсынады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007.08.28 N 198 Қаулысымен.
Облыс әкімиятының
2001 жылғы 19 шілдедегі
N 38 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не кәсіпорындарында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
1. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шаралары болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған.
2. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлау мыналарды өзіне енгізеді:
1) кәсібі жоқ, кәсіп алуға және сол кәсіп бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлау (бастапқы кәсіптік білім);
2) жұмыссыздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіру мақсатында біліктіліктерін көтеру (қосымша білім), одан жоғары разряд (сыныптар, санаттар) алу, өндіріс қажеттілігін есепке ала отырып, прогрессивті техника мен технологияны оқу және игеру;
3) жаңа кәсіп (мамандық) алу мақсатында, жұмыссыздарды қайта даярлау (қайта оқыту), егер оларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс берілмесе не болмаса, қандай да болмасын белгілі кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыстар орындауға қабілеттілігі жойылса.
Оқытудың±әртүрлі түрлері мен үлгілерін ұйымдастыру мақсаты, мәселелері және ерекшеліктері Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Білім беру туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысы шегінде анықталады.
2. Жұмыссыздарды қайта даярлауды, біліктіліктерін көтеруді
және кәсіптік даярлауды ұйымдастыру және өткізу
3. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай - уәкілетті орган) жұмыссыздарға кәсіптік бағдарын айқындап беруде ақысыз қызмет көрсетеді және жұмыссыздардың кәсіптік даярлығындағы, біліктілігін көтерудегі және қайта даярлықтағы бағыттарын халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасымен сәйкес жүзеге асырады.
4. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау білім беру ұйымдарында не Қазақстан Республикасы заңнамаларымен сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда (әрі қарай - ұйымдар) уәкілетті органдар жолдамасы бойынша жүргізіледі.
5. Жұмыссыздарға кәсіби даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды өткізу үшін ұйымдар іріктеу уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы заңнамалары белгілеген тәртіпте жүргізіледі.
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға ұйымдарды уәкілетті органдармен іріктеуде мыналар есепке алынады:
1) ұйымдармен білім беру қызметін жалпы міндеттік мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес жүзеге асыруды;
2) жұмыс беруші талап ететін жұмыссыздардың жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ кәсіптік даярлығын, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлығы сәйкестігі;
3) ұйымдардағы өндірістік тәжірибелерге қатысуы;
4) білім қызметіне лицензиясы болуы.
6. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау шарт негізінде іске асырылады, жұмыссыздарды даярлау уәкілетті органмен мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберілген жағдайдан басқасы.
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша қызмет көрсетуге бір үлгідегі шарт нысаны жұмыспен қамту жөніндегі орталық атқарушы органмен бекітіледі.
7. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жолдау, оларда кәсіптік біліктілігі болмағандықтан, лайықты жұмыс таңдай алмаған жағдайда жүзеге асырылады. Уәкілетті органның кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жолданған жұмыссызбен бір үлгідегі шарт нысаны жұмыспен қамту жөніндегі орталық атқарушы органмен бекітіледі.
8. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен сәйкес мақсатты топқа кіретін жұмыссыздар кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды басымдылық тәртіпте өтуге құқығы бар.
9. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың, біліктілігін көтерудің және қайта даярлаудың ұзақтығы, келісім тараптарының құқығы мен міндеттері оқу бағдарламасына байланысты шартқа сәйкес белгіленеді және мыналардан аспауы керек:
1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау және қайта даярлау өткізуде - алты айдан;
2) жұмыссыздардың біліктілігін көтергенде - үш айдан.
10. Ұйымның жұмыссыздарды мынандай жағдайда шығару құқығы бар:
- себепсіз шықпай қалғанда;
- сабақ үлгерімі төмен болғанда;
- оқу орнының ішкі тәртібін бұзғанда;
- заңнамада ескерілген басқа да бұзушылықтарда.
11. Кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды өтіп жүрген жұмыссызды шығарған жағдайда ұйым уәкілетті органды алдын ала жазбаша хабарлайды. Жұмыссыздарды шығарған кезде ұйым төлем жөнінде қайта есептеу жүргізеді, осыған орай төлемге тек берілген қызметтің нақты орындалған көлемі ғана жатады.
12. Кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды себепсіз тоқтатқанда, сондай-ақ ұйымнан шығарылғанда жұмыссыз оқытуға қайтадан уәкілетті органда қайта тіркелген күннен тек бір жыл өткеннен кейін ғана жіберіледі.
13. Жұмыс беруші жұмыс орындарын (бос орынды) білікті кадрлармен жинақтау және қызметкерлердің біліктілік деңгейін көтеру мақсатында меншікті қаржы есебінен дербес кәсіптік даярлау мен ішкі өндірістік оқыту жүйесін дамыту шараларын жүзеге асырады.
14. Шетел инвесторлары шетел мамандарының орнына жұмыссыздарды алу мақсатында олардың кәсіптік даярлығын, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды жүргізілген Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес жыл сайын уәкілетті органға берілген, бекітілген кадрларды даярлау бағдарламасы негізінде жүзеге асырады.
3. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін
көтеруді және қайта даярлауды қаржыландыру
15. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлау уәкілетті орган жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жергілікті бюджет қаржысынан қаржы бөлу жұмыспен қамту аймақтық бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыссызды кәсіптік даярлаудың, біліктіліктерін көтерудің және қайта даярлаудың құнына оқытумен тікелей байланысты шығыннан басқа, медициналық куәландыру шығыны кіреді. Облыс аудандарынан кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыздар үшін, мына шығындар кіреді:
- тұруға арналған шығындар ай сайын, жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
Ескерту. 4-абзацқа өзгерту енгізілді - СҚО әкімдігі 2005.12.20 N 317 ; 2009.01.20 N 13 Қаулыларымен.
- ай сайын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистикалық агенттігімен анықталған ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде тағамға;
- жол жүру құжаттары (оқыту орнына) бар болғанда, оқу орнына баруға және тұратын жеріне кейін қайтуға.
Шетелдік инвесторлар шетел мамандарының орнына Қазақстан кадрларын алу мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға құзыретті органмен жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған қаржыларды қарастырады.
16. Білім мекемелеріне немесе кәсіпорындарға (білім берудің мемлекеттік мекемелеріндегі оқудан басқа) уәкілетті органдармен жіберілген кәсіптік даярлауға, біліктіліктерін көтеруге және қайта даярлауға жұмсалатын шығындар белгіленген тәртіпте кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және жұмыссыздарды қайта даярлау бойынша қызмет көрсету шартына қарай жергілікті жұмыспен қамту бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.
Мемлекеттік білім мекемелеріне уәкілетті органдармен жіберілген жұмыссыздардың бастапқы кәсіптік даярлығымен байланысты шығындар (тұруға, тамаққа, медициналық куәландыруға және жол жүруге арналған шығындардан басқасы) осы мемлекеттік мекемені ұстаудағы шығын сметасында есептеледі.
17. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган ұйымдармен оқыту мерзімін және конкурстық шарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Білім басқармасының жергілікті органдары ұйымдармен оқу жоспарының және бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға талдау жүргізеді және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға хабарлама береді.
18. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауды, біліктіліктерді көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру барысында:
1) кәсіптік даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға есеп жүргізуді жүзеге асырады;
2) белгіленген үлгі бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есеп беру жүргізеді;
3) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі орталық атқару органына белгіленген мерзімде кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есеп ұсынады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру жөніндегі
Ережеге қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002.12.19 N 195 ; 2003.03.31 N 71 , 2006.03.28 N 57 Қаулыларымен; өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007.08.28 N 198 ; 2009.04.20 N 57 Қаулыларымен.
Атқарылған жұмыс түрлеріне байланысты қоғамдық
жұмыстарға қатысқандардың жалақысын төлеу туралы
Жұмыс түрлерінің атауы |
Кәсібі |
Нормативтік құжат |
Разряды |
Тариф коэффициен-ті |
1. Тұрмыстық- |
аула жинаушы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
I-II |
1,39 – 1,49 |
2. Жол салу және жөндеу, су құбыры, газ, кәріс және басқа да коммуникация- |
Ғимарат-тарға және үйлерге кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөнінде-гі жұмысшы. |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III-IV |
1,59 – 1,70 |
3. Мелиоратив- |
гидро техника-лық құрылыс-ты қараушы-лар |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III-IV |
1,59 – 1,70 |
4. Тұрғын үйлер құрылысына, қайта құру мен күрделі жөндеуге қатысу. Мәдениет пен әлеуметтік бағыттағы (мәдениет үйлерін, денсаулық сақтау объектілерін (ауруханалар, фельдшерлік- |
Ғимарат-тарға, үйлерге және құрылғы-ларға жұмыс істеуі және ағымдағы жөндеу жүргізу-ші жұмысшы. |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III-IV |
1,59 – 1,70 |
5. Тарихи- |
Ескерт- |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III |
1,59 |
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (орман шаруашылығының, дем алатын жерлер мен туризм жерлерін көгалдандыру (ағаш отырғызу, гүл егу) және көркейту, сақтау және өркендету, қаңғырма жануарларды аулау. |
Көркейту жөнінде-гі жұмысшы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III |
1,59 |
7. Спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды да атқару. |
Спорттық құрылыс-тарды жөндеу- |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III-IV |
1,59 – 1,70 |
8. Республика- |
статис- |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
9. Халықтың аз қамтамасыз етілген жүктеріне және жалғыз тұратын қарттарға, жаңа келген оралмандарға, сондай-ақ қаланың және аудан әкімдерінің коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындар мен әлеуметтік, мәдени, және тұрмыстық тағайындалымда-ғы нысандарына отын және жемазық дайындау, көмірді артуға, жеткізуге және түсіруге көмек көрсету. |
жұмысшы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
I |
1,39 |
10. Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітабын жасауға көмек көрсету. |
Тіркеуші |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
11. Әлеуметтік- |
Күзетші |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
I-II |
1,39 – 1,49 |
12. Алыс елді мекенде тұратын халықты төл құжаттау жөніндегі жұмысқа уақытша көмек. |
Төлқұжат қызмет- |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
13. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіп күзетін қамтамасыз етуге көмек. |
Кезекші басшы. |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
14. Балалардың, жасөспірімдер- |
Мәдени ұйымдас-тырушы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
I-II |
1,39 – 1,49 |
15. Саябақтар скверлердің аумағын көркейту және күзету.(жеке меншік нысандарынан басқа) |
Күзетші |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
I-II |
1,39- 1,59 |
16. Зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру. |
Көркейту жөнінде-гі жұмысшы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III |
1,59 |
17. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылу беру маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс. |
Пеш жағушы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
III |
1,39-1,49 |
18. Жалғыз басты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау) |
есепке алушы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-13 |
1,68 |
19. Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету |
жылжы- |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
20. Оралмандар- |
іс |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
21. Мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс-жүргізуде көмек көрсету |
техника-лық орындау-шы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-13 |
1,68 |
22. Құжаттаманы сақтауға өңдеуге және дайындауға көмек көрсету |
мұрағат-шы |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-14 |
1,43 |
23. Жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету |
маманның ассис- |
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы |
G-13 |
1,68 |
Ескертулер:
1. Ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Ескерту. 1-тармаққа жаңа редакцияда жазылды - СҚО әкімдігінің 2007 жылғы 28 тамызда N 198 ; 2009.04.20 N 57 қаулысымен
2. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген кезде осы қосымшаға да тиісті түзетулер енгізу қажет
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - СҚО әкімдігінің 2007 жылғы 28 тамызда N 198 ; 2009.04.20 N 57 қаулысымен.