"Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережені бекіту жөнінде" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 13 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 ақпанда N 1699 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы N 60 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.03.03 N 60 Қаулысымен

      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережені бекіту жөнінде" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2001 жылғы 30 шілдеде № 398 тіркелді, 2001 жылғы 21 тамыздағы "Солтүстік Қазақстан", 2001 жылғы 7 тамыздағы "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 195 (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2002 жылғы 28 желтоқсанда № 792 тіркелді, 2003 жылғы 3 наурыздағы № 26 "Солтүстік Қазақстан", 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 5 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған), "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 (Т/н № 398 2001 жыл 30 шілде) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы № 71 (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2003 жылғы 15 сәуірде № 883 тіркелді, 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 48 "Солтүстік Қазақстан", 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 48 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған), "Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі  № 38 "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктіліктерін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережені бекіту жөнінде" қаулысына қосымшалар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 наурыздағы № 74 (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2005 жылғы 31 наурызда № 1561 тіркелді, 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 43 "Солтүстік Қазақстан", 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 44 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған), "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру, жұмыссыздарды кәсiби даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi № 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 317 (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2005 жылғы 29 желтоқсанда № 1610 тіркелді, 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 12 "Солтүстік Қазақстан", 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 12 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған), "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының  2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 28 наурыздағы № 57 (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2006 жылғы 11 сәуірде № 1616 тіркелді, 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 45 "Солтүстік Қазақстан", 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 45 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) және "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 тамыздағы № 198 (Мемлекеттік тіркелім тізілімінде 2007 жылғы 5 қазанда № 1654 тіркелді, 2007 жылғы 2 қарашадағы № 137 "Солтүстік Қазақстан", 2007 жылғы 2 қарашадағы № 129 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) облыс әкімдігінің қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктіліктерін көтеру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережеде:
      15 тармақтың төртінші абзацында "үш" сөзі "жеті" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады