Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2011 жылғы 28.07.28 N 28 шешімімен.
1. Төмендегi:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың Ережесi (N 1 қосымша);
2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне басым бағыттарына қарай несие беру үшiн жобаларды iрiктеу жөнiндегi комиссия құрамы (бұдан әрi - Комиссия) (N 2 қосымша);
3) шағын кәсiпкерлiктер үшiн облыс бойынша басым бағыттар тiзiмi (N 3 қосымша);
4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде пайдаланылатын коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзiмi (N 4 қосымша) бекiтiлсiн.
2. "Агросервис" коммуналдық меншiк кәсiпорыны (әрi қарай - КМК) ауыл шаруашылық басқармасының қарауынан коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы департаментiнiң қарауына берiлсiн.
3. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы департаментi "Агросервис" КМК-ның мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттiк меншiк құқығы бар субъект функцияларын атқару органы болып белгiленсiн.
4. Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 27 сәуiрдегi N№457 "Агросервис" коммуналдық меншiк кәсiпорынын құру туралы" шешiмiндегi 2-тармақ мынадай редакцияда оқылсын:
"Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментi "Агросервис" КМК уәкiлеттi органы болып табылсын".
5. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
департаментi (Оспанов В.) "Агросервис" КМК Жарғысына тиiстi өзгертулер мен
толықтырулар енгiзсiн.
6. "Агросервис" КМК шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру
кезiндегi кепiлдiк берушi болып табылсын.
7. Атырау қаласы және аудан әкiмдерi шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң коммуналдық меншiк объектiлерi арқылы кепiлдiктi
қамтамасыз ету түрiнде алған несиелерiн қайтару бойынша мiндеттемелерiнiң
орындалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Е.Досмағамбетке жүктелсiн.
Облыс әкімі
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 239 шешiмiне N 1 қосымша |
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде
кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық
меншiк объектiлерiн пайдаланудың Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi N№1028 "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану мәселелерi" P001028_ қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында әзiрлендi және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың бiркелкi негiзiн айқындайды.
2. Коммуналдық меншiк объектiлерiмен кепiлдiктi қамтамасыз ету арқылы алынған банк қаражаты Атырау облысында кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау аймақтық бағдарламасының шағын бизнестi, фермерлiк шаруашылықты, жаңа жұмыс орындарын және экономика саласының басым бағыттарын дамытуға несие берудi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға пайдаланылады.
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi коммуналдық меншiк объектiлерiмен қамтамасыз ету "Агросервис" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны (бұдан әрi - КМК) арқылы жүзеге асырылады.
4. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қорға беру туралы шешiмдi облыс әкiмi қабылдайды.
5. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi коммуналдық меншiк объектiлерiмен қамтамасыз ету КМК-ның өз кәсiпкерлiк тәуекелiне сақтандыру жүргiзуi жағдайында жүзеге асырады.
2. Кепiлдiктi мүлiктi iрiктеу және оны бағалау
6. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаментi (бұдан әрi - Департамент) Атырау қаласы және аудан әкiмдерiмен бiрлесе жыл сайын коммуналдық меншiк объектiлерiн түгендеудi жүргiзедi, кепiлдiк қорына берiлетiн коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзiлiмiн жасайды және оны облыс әкiмiне бекiтуге тапсырады.
Кепiлдiк қорына кiрiстелген объектiлер оларды мақсатына қарай пайдаланушы баланс ұстаушыларда қала бередi.
КМК кепiлдiк қордағы объектiлердi тек қана комиссия шешiмi негiзiнде және Департамент келiсiмiмен билiк етуге құқы бар.
7. Тiзiлiмдi жасаған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Z952444_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес несиелердi кепiлдiкке қамтамасыз етуге несие ұйымдарының қоятын талаптарына сәйкес коммуналдық меншiк объектiлерiн бағалау жүргiзiледi.
3. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қамтамасыз
ету есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
жобаларын iрiктеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру
8. Облыс әкiмiнiң шешiмiмен Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қамтамасыз ету есебiнде несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
9. Комиссияны облыс әкiмiнiң орынбасары басқарады.
10. КМК басшысы лауазымы бойынша Комиссия хатшысы болып табылады.
Саны кем дегенде бес адамнан тұратын Комиссияның жеке құрамын облыс әкiмi бекiтедi.
11. Комиссия жұмыс органының функциялары КМК-ға жүктеледi.
12. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; өз құзыретiнiң шегiнде Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өтiнiмдерiн тiркеудi жүзеге асырады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларды iрiктеуге қатысуға өтiнiмдерiн тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
13. Несиеге өтiнiмдердi қарау үшiн әлеуеттi қарыз алушы жұмыс органына Атырау облысы кәсiпкерлiгi үшiн бекiтiлген басым бағыттары тiзiмi бойынша екiншi дәрежелi банктер талаптарына сәйкестелген қажеттi құжаттар жиынтығын тапсыруы тиiс.
14. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобалары бойынша iрiктеудi жүзеге асыру екi кезеңде жүргiзiледi.
Жобаларды iрiктеудiң алдын-ала сатысында жұмыс органы қала және аудан өкiлдерiмен бiрге сараптама жүргiзуге және оларды несиелендiру мүмкiндiктерi туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтiк және қаржылық көзқарастар тұрғысынан талдайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады.
Жұмыс органы несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтiнiмдердi отырыс күнiнен үш күн бұрын, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, Комиссия мүшелерiнiң қарауына ұсынады.
15. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) ғалымдардың, беделдi кәсiпкерлердiң, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың арасынан сарапшылар мен консультанттарды жұмыс iстеуге тартады;
2) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастырады;
3) қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi алады.
16. Несие берушi банк соңғы қарыз алушының несиелiк ұсыныстарын: жобаның экономикалық мақсатқа сәйкестiлiгi, несиенiң қайтарудағы тәуекелдiк дәрежесi, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiн сараптайды және оның қорытындысы туралы түйiндеменi құжаттар жиынтығымен бiрге жұмыс органына жiбередi.
17. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң жобаларын iрiктеу кезiнде мынадай талаптар ескерiледi:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң бюджет алдында берешегiнiң болмауы;
2) қолайлы несие дерекқорының болуы, егер ол болса;
3) жобаның облыс әкiмi жыл сайын бекiтетiн аймақты дамытудың индикативтi жоспарына және аймақта шағын бизнестi дамытудың басым бағыттарына сәйкес келуi;
18. Комиссия несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтiнiмдердi, олар тiркелген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей қарайды.
19. Комиссияның төрағасы Комиссия отырысын қажеттiлiгiне қарай шақырады, бiрақ тоқсанына бiр реттен сирек болмауы тиiс.
Комиссия отырысы шешiм қабылдауға құқылы, егер отырысқа оның 3/4 құрамы қатысса.
Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы үштен екi дауыспен қабылданады және хаттама түрiнде реттеледi.
Комиссияның шешiмдерiне Комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрген жағдайда жазбаша жазылып, Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
20. Несиелеуге арналған жобалар мен ұсынымдарды iрiктеу кезiнде Комиссияның мүшелерi қабылдаған шешiмдер үшiн, олар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жауап бередi.
21. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне кепiлдiктi қамтамасыз етудi беруден бас тартылған жағдайда, жұмыс органы жобаларды iрiктеудiң тиiстi кезеңiнен кейiн, 3 күн мерзiмде бас тартудың негiзiн көрсете отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiн жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi.
КМК кепiлдiк қорының объектiлерiне комиссияның шешiмi негiзiнде және Департаменттiң келiсiмiмен ғана билiк жүргiзу құқысы бар.
22. Несие алу талабына сай жұмыс органына тапсырылатын құжаттар жиынтығын дайындауды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз есебiнен қамтамасыз етедi және оның шығыны кепiлдiктi қамтамасыз етудi беруден бас тартылған жағдайда өтелмейдi.
4. Кепiлдiктi қамтамасыз етудi ресiмдеу
23. Комиссияның хаттамалық шешiмi КМК-ның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн беру туралы шарт жасасу туралы шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
24. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi несие алған кезде КМК кепiлдiк берушi болып табылады.
25. КМК, жобаны қаржыландыру туралы оң шешiм қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заң күшi бар U952723_ Жарлығына сәйкес несие ұйымымен және шағын кәсiпкерлiк субъектiсiмен ипотекалық шарт жасасады.
26. Ипотекалық шартта кепiлдi мүлiктiң нысанасы, бағаланған құны, негiзi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде КМК-ның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау жасауды жүзеге асыруы, сондай-ақ кез келген тараптың мәлiмдеуi бойынша ипотекалық шартта қол жеткiзiлуi тиiс және заңнамада тыйым салынбаған өзге де жағдайлар көрсетiлуге тиiс.
27. Объектiлер кепiлдiктi қамтамасыз етуге пайдаланылғаны үшiн КМК-ға
алынған несие сомасының 0,1 пайызы мөлшерiнде шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi төлейтiн сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленедi.
28. Жұмыс органы кепiлдiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң бағалау
құнын айқындаудағы шығындары мен ипотекалық шартқа отырудағы шығыстары
ақырғы несие алушы шағын кәсiпкерлiк субъектiсi есебiнен өтеледi.
29. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң коммуналдық меншiк объектiлерiн
кепiлдiктi қамтамасыз ету есебiнен берiлген несиелерiн уақытында қайтаруды
бақылау КМК, қала және аудан әкiмдерiне жүктеледi.
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 239 шешiмiне N 2 қосымша |
|
Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiктi қамтамасыз ету |
есебiнен несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
жобаларын iрiктеу жөнiндегi комиссия құрамы
1. Досмағамбет Ерғали Мұқанұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары - комиссия
төрағасы;
2. Оспанов Валерий Мұқашұлы - коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй
шаруашылығы департаментінiң директоры -
комиссия төрағасының орынбасары;
3. Бөлекбаев Хайролла - "Агросервис" мемлекеттiк коммуналдық мекемесiнiң
директоры - комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелерi:
4. Галиев Владислав Германович - облыс әкiмiнiң кеңесшiсi;
5. Досмұхамедова Балжан Ибатқызы - шағын кәсiпкерлiктi қолдау,
бәсекелестiктi қорғау, табиғи монополияны реттеу
жөнiндегi Агенттiгi департаментiнiң директоры;
6. Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы - облыс әкiмiнiң аппарат басшысының
орынбасары, мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру
жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi;
7. Жмыхов Анатолий Александрович - облыстық жер ресурстарын басқару
комитетiнiң төрағасы;
8. Исқалиев Ерхат Серiкұлы - облыстық қаржы басқармасы бастығының
орынбасары;
9. Қойбақов Жоламан - коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй
шаруашылығы департаментi директорының орынбасары;
10. Нұршаев Есенгелдi Нұршайұлы - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы;
11. Топилыская Людмила Евгеньевна - экономика және кәсiпкерлiктi қолдау
басқармасы бастығының орынбасары.
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N№239 шешiмiне N№3 қосымша |
|
Шағын кәсiпкерлiктер үшiн басымдық бағыттар тiзiмi | |
1. Өнеркәсiп өндiрiсi |
Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу.
Жергiлiктi өнiмдерге тауарлық сипат беру мақсатында қаптамалардың
жаңа түрлерiн өндiру.
Кондитерлiк өнiмдер, алкогольсiз iшiмдiктер өндiру.
Өндiрiстiң қалыптаспаған түрiн дамыту.
2. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және өңдеу
Астық және майлы дақылдар, көкөнiс, жеміс-жидек өсiру.
Дәрiлiк қасиетi бар шөптер мен өсiмдiктердi дайындау және өңдеу.
Жоғары белокты мал азығын және мал азығына қоспалар өндiру.
Өнiмдiлiгi жоғары мал және құс өсiрiп, көбейту.
Балық шаруашылығын ұйымдастыру.
Тоған шаруашылығын ұйымдастыру.
Жүн дайындау және өңдеу, жiп иiру және тоқыма бұйымдарын дайындау.
Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, сақтау.
Қаптаманың жаңа технологиясын пайдаланып ет, сүт өнімдерiн өңдеу
Еттi, сүйектi ұн өндiру.
Балық өнiмдерiн өңдеу.
3. Құрылыс өндiрiсi
Жергiлiктi шикiзат негiзiнде құрылыс материалдарын өндiру.
Құрылыс материалдарының, конструкциялардың және бұйымдардың жаңа
түрлерiн өндiру.
4. Қызмет көрсету
Тұрмыстық қызмет көрсету.
Мектепке дейiнгi тәрбие үйiн ұйымдастыру.
Ветеринарлық қызмет көрсету.
Сауықтыру қызметiн көрсету.
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердi, бау-бақшаларды өңдеу.
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы | |
2 шiлдедегi N№239 шешiмiне N№4 қосымша |
|
Ескерту. N 4 қосымшаға толықтырулар енгізілді - Атырау облысы
әкімінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 368 шешімімен.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде
кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде пайдаланылатын
коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзiмi
--------------------------------------------------------------------------
Объектiнiң Балансы Тұрған Пайдалануға Құны (мың теңгемен) Ескерт-
аты ұстаушы жерi берiлген -------------------- пе
жылы Балансылық Қалдық
--------------------------------------------------------------------------
Атырау қаласы 607202 607202
1 Денешынықтыру- "Атырау Атырау қ. 1999
сауықтыру кешенi спорт
кешенi" КМҚК
2. N№2 орталық Қалалық Балықшы п. 1968 4768 4768
кiтапхана мәдениет бөлiмi
3. Әкiмшiлiк Қайыршақты с/о
ғимараты Томарлы с. 1979 524,8 288,7
4. Әкiмшiлiк
ғимараты Геолог с/о Геолог п. 1976 432,8 183,9
5. Әкiмшiлiк
ғимараты Кеңөзек с/о Тасқала с. 1983 523,2 3741,1
6. Оргтехникалар Қалалық Атырау қ.
жайландыру бөлiмi 2000 1543,4 1358,4
7. Әкiмшiлiк "Айқұр" Атырау қ. 1965 4558,1 1975,9
ғимараты мемлекеттiк Гайдар
қосалқы орын- қазыналық көшесi 8
жайларымен кәсiпорны
қоса
8. Әкiмшiлiк Атырау қ.
ғимараты Абай көшесi, 1988 52500,0 52500,0
(бұрынғы 10 а
"Атырау.
сужобасы"
жобалау
iзденiс
институты
ЖШС)
9. Әкiмшiлiк Атырау қ. 1980 30000,0 30000,0
ғимараты Сәтпаев
қосалқы орын- көшесі, 3
жайларымен
қоса (бұр.
ынғы "Ем.
бімұнай.
геофизика"
АҚ)
10. Облыстық Облыстық Атырау қ. 1962 14626,0 14626,0
мәдениет мәдениет Азаттық
басқарма. басқармасы көшесi, 9
сының әкiм.
шiлiк ғима.
раты
Құрманғазы ауданы
1. Әкiмшiлiк
ғимараты Ганюшкин с/о Ганюшкин с. 1974 2671,3
2. Селолық мәдениет
үйiнiң ғимараты Калинин с/о Орлы с. 1983 4776,4 4102
3. Селолық округтiң Еңбекшi с/о
әкiмшiлiк ғимараты Еңбекшi с. 1977 158,4 37,6
4. Селолық округтiң Азғыр с/о
әкiмшiлiк ғимараты Балқұдық с. 1980 713,5
5. Селолық клубтың Еңбекшi Еңбекшi
ғимараты селолық клубы селосы 1977 157,5 103,4
6. Селолық округтiң Калинин с/о
әкiмшiлiк ғимараты Орлы с. 1983 2454 1953,4
7. Селолық клубтың Байдын с/о
ғимараты Котяевка с. 1971 91,6 61,6
8. Селолық әкiмшiлiктiң
ғимараты Байдын с/о Котяевка с. 1972 52,2 38,2
9. Музыка мектебiнiң
ғимараты Нұржау с/о Нұржау с. 1981 905 850
10. Селолық округтiң
ғимараты Киров с/о Дашино с. 1980 115,5 96,4
11. Селолық клубтың
ғимараты Киров с/о Дашино с. 1960 97,5 86,5
12. Селолық округтiң Сүйiндiк с.
ғимараты Сүйiндiк с/о 1991 245,4 138,6
13. Селолық клубтың Шортанбай с.
ғимараты Шортанбай с/о 1984 3508,9 2117,4
Мақат ауданы
1. Монша ғимараты "Мақсат" МКК Мақат п. 1994 4792,7 2985,8
Исатай ауданы
1. Монша ғимараты Новобогат с/о Х.Ерғалиев с. 2001 9000 9000
2. Монша ғимараты Исатай с/о Исатай ст. 2001 9000 9000
3. Монша ғимараты Исатай с/о Тайман бекетi 2001 9000 9000
4. Монша ғимараты Аққыстау с/о Аққыстау с. 2001 2300 2300
5. Аудандық мәдениет Аудандық
бөлiмiнiң әкiмшiлiк мәдениет
ғимараты бөлiмi Аққыстау с. 1989 5200 3900
6. Мәдениет үйi Аудандық
ғимараты мәдениет бөлiмi Х.Ерғалиев с. 1970 100 100
7. Мәдениет үйi Аудандық
ғимараты мәдениет бөлiмi Чапаево с. 1967 200 200
8. Клуб ғимараты Аудандық
мәдениет бөлiмi Исатай с. 1971 500 200
9. Жылу орталығы-1 "Демеу" МКК Аққыстау с. 1989 500 400
10. Жылу орталығы-2 "Демеу" МКК Аққыстау с. 1985 500 400
11. Автогараж "Демеу" МКК Аққыстау с. 1981 1900 1800
12. Жылу орталығы "Нарынқұм" МКК "Нарын" бекетi 1970 1200 300
13. Жылу орталығы "Демеу" МКК "Тұман" бекетi 1970 1600 400
14. Жеңiл Аққыстау ауданы 1999-
автокөлiктер әкiм аппараты Аққыстау с. 2000 4258,4 3282,6
Индер ауданы
1. Мәдениет үйi Көптоғай с/о Көптоғай с. 1970 2362,1 -
2. Мәдениет үйi Горы с/о Елтай с. 1974 604,6 604,6
3. Жылу орталығы Аққала
ғимараты селосы мектебi Аққала с. 1982 103 65,8
4. Селолық округ
ғимараты Өрлiк с/о Өрлiк с. 1989 1200,5 514,8
5. Клуб ғимараты Өрлiк с/о Өрлiк с. 1961 341,1 173,1
6. Клуб ғимараты Көптоғай с/о Көптоғай с. 1970 2362 -
7. Жылу қазаны
ғимараты Көптоғай с/о Көптоғай с. 1992 2306,6 2233,1
8. Селолық округтiң
әкiмшiлiк ғимараты Кулагино с/о Кулагино с. 1972 1056,6 257,5
9. Клуб ғимараты Жарсуат а/о Жарсуат ауылы 1968 886,5 546,1
10. Әкiмшiлiк Аудан әкiмшiлiгi
ғимараты аппараты Индербор п. 1968 2362 2110,8
11. Мәдениет үйi Индер мәдениет
бөлiмi Индербор п. 1959 1536,6 1613,2
12. Селолық округ Горы
әкiмшiлiктiң ескi селолық
ғимараты округі Елтай с. 1970 464,4 406
Жылыой ауданы
1. Әкiмшiлiк Жылыой ауданы
ғимараты суландыру басқармасы Құлсары п. 1977 3605,8 3605,8
2. Оргтехника және Аудан әкiмшiлiгi 1998-
кеңсе жиhаздары аппараты Құлсары п. 2001 8868,9 7364,6
3. Жеңiл Аудан әкiмшiлiгi 1999-
автокөлiктер аппараты Құлсары п. 2000 4530,5 3923,6
4. Арнайы "Құлсары-
техникалар водоканал" МКК Құлсары п. 2000 6689,4 6689,4
5. Жеңiл Аудандық
автокөлiктер мәдениет бөлiмi Құлсары п. 2000 1345,6 1345,6
6. Оргтехника және Аудандық
кеңсе жиhаздары мәдениет бөлiмi Құлсары п/ 2000 1463,7 1463,7
Махамбет ауданы
1. Мәдениет үйi Аудандық
ғимараты мәдениет бөлiмi Махамбет с. 1978 5462 1655
2. Мәдениет үйi Ақжайық
ғимараты селолық округi Ақжайық с. 1980 2754 296,8
Қызылқоға ауданы
1. "Арман" мәдениет Аудандық
үйi ғимараты мәдениет бөлiмi Миялы с. 1970 1392,2 -
2. Еспай мәдениет Қызылқоға
үйi ғимараты селолық округi Қарабау с. 1989 12402,4 1121,2
3. Селолық клуб Жамбыл
ғимараты селолық округi Қарабау с. 1967 1748,8 -
(Маман: Ержанова К.С.)