Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
Талшықтық-оптикалық байланыс желiсi супермагистралының зақымдалуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы "Байланыс туралы" N 382 Z990382 Заңына сәйкес шешім етемін:
1. Жер қазғыш техникалары бар барлық мекемелер мен кәсiпорындар, геологиялық және геофизикалық партиялар жетекшiлерi жер қазу жұмыстарының барлық түрлерi басталғанға дейiн N 15-магистралдық байланыс жүйесi мен теледидар техникалық торабымен тиiстi келiсiм жүргiзсiн.
2. N 15-магистралдық байланыс жүйесi мен теледидар техникалық торабы (В. Меньшиков):
1) облыстық сәулет және қалақұрылысы саясаты басқармасына, жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетке талшықтық-оптикалық желi жобасы бойынша атқарушы құжаттамаларды ұсынсын.
2) Заңнамада белгiленген тәртiпте сервитут (заңдық шектеу) құқықтарын ресiмдесiн.
3. Қала және аудан әкiмдерi:
1) талшықтық-оптикалық желi байланысының кабелі желiлерi ғимаратын жүргiзу аумақтары бойынша құрылыс үшiн жер телiмдерiн таңдау зерттеу және бөлу жөнiндегi құрамына N 15 магистралдық байланыс жүйесi мен теледидар техникалық торабы өкiлдерiн енгiзсiн.
2) Меншiктiң барлық түрлерi заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың N 15 магистралдық байланыс жүйесi және теледидар техникалық торабымен тиiстi келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (А. Жмыхов) жер телiмдерiн пайдалану құқығын белгiлейтiн құжаттарды рәсiмдеу кезiнде кабельдiк байланыс желiсi құрылысы өтетiн қорғау аймағы шегiнде пайдалануға шектеу орнатсын.
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ. Ищановқа жүктеледi.
Облыс әкімі