Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығына сәйкес облыстық Мәслихаттың ХV сессиясы шешiм еттi:
1. "Атырау облысында iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру туралы" облыс әкiмi ұсынған 2001 жылдың 26 желтоқсандағы N 351 шешiмi бекiтiлсiн.
2. Атырау облысы аумағында iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлсiн.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасарына (Р.Қ. Мүрсәлиева) және облыстық Мәслихаттың әлеуметтiк және мәдени мәселелер жөнiндегi тұрақты комиссиясына (У. Бисенұлы) тапсырылсын.
Облыстық Мәслихат ХV сессиясының төрағасы |
Облыстық Мәслихаттың хатшысы |
Атырау облысы әкімінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 351 шешімі |
Атырау облысында iс жүргiзудi мемлекеттiк
тiлге көшiру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" N 450 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, Атырау облысы әкiмиятының 2001 жылғы 20 қыркүйектегi "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" N 32 Қаулысына сәйкес шешім етемін: 1. Атырау облысы аумағында iс жүргiзу 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк тiлге көшiрiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңының 8-бабына сәйкес облыстағы мемлекеттiк емес ұйымдарға өздерiнiң қызметiнде мемлекеттiк тiлдi қолдануды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Облыстың мемлекеттiк органдарында және барлық меншiк нысанындағы ұйымдарында статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттар, бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi сияқты деректемелер мен көрнекi ақпараттар басым бағытта мемлекеттiк тiлде жасақталсын.
4. Қала, аудандар әкiмдерi:
- өз әкiмшiлiк аумақтарындағы көлiк, сауда және байланыс салаларын мемлекеттiк тiлдегi сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз етудi ұйымдастырсын;
- облыс орталығы мен аудандарда, кенттер мен селоларда жұртшылыққа қызмет ететiн байланыс тораптарын қазақ қарпiлi аппараттармен, сондай-ақ қазақ тiлiнде қызмет жасай алатын кадрлармен қамтамасыз етудi бақылауға алсын.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына сай азаматтарға мемлекеттiк тiлдi үйрету курстарын ұйымдастыру үшiн жыл сайын облыстық және жергiлiктi бюджеттерде қаржы-қаражат қарастырылсын.
6. Облыстағы мемлекеттiк ұйымдар мемлекеттiк тiлдi меңгерген қызметкерлердi материалдық, моральдық көтермелеу шараларын қолдансын.
7. Мемлекеттiк ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң штат кестелерiне қазақ тiлiнде iс жүргiзушiлер мен аудармашылардың лауазымдары енгiзiлсiн.
8. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасына (Б.Қожиев) мемлекеттiк тiлдi үйрету мен iс қағаздарға енгiзудiң кешендi бағдарламаларын әзiрлеп, мекеме, ұйымдарға әдiстемелiк көмек көрсетiп отыру ұсынылсын.
9. Облыс әкiмi аппараты (М. Өтешов) атқару органдарынан келiп түскен мемлекеттiк тiлдегi құжаттардың сапасына оқтын-оқтын сараптау өткiзiп, оны жақсарту жөнiнде облыс әкiмiне ұсыныстар енгiзсiн.
10. Осы шешiмнiң жүзеге асырылуына мемлекеттiк атқару органдарының, мекемелер мен ұйымдардың, барлық деңгейдегi әкiмдер тiкелей жауапты.
11. Облыс әкiмiнiң осы шешiмi облыстық Мәслихаттың кезектi сессиясының бекiтiлуiне ұсынылсын.
12. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т. Мүрсәлиеваға жүктелсiн.
Облыс әкімі |