Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 474-V шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХХХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 177-ІІ "Атырау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 31 қаңтарда № 746 тіркелген) шешімі;
      2) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 314-V "Атырау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 21 қазанда № 3018 тіркелген) шешімі.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Қуанышев
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады