Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.03.2025 № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.03.2025 № 17-6 бірлескен қаулысы және шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабы 4-ші тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 Заңының 11-ші бабы 3-ші тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты мен Орал қаласы әкімінің "Орал қаласының Деркөл, Желаев, Зачаган және Круглоозерный поселкелік округтерін құру жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" 2001 жылғы 19 ақпандағы N 2 біріккен шешімі негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қаласының Деркөл, Желаев, Зачаган және Круглоозерный поселкелік округтері құрылсын.
Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
Облыстық мәслихат хатшысы |