---------Бұйрықтан үзінді--------
Су ресурстарын қорғау саласында тексеруді ұйымдастыру жүйесін дұрыс жолға қою мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
...
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 ақпанда N 1762 тіркелген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 13-п бұйрығымен бекітілген құлақаралық-суландыру жүйесін тексеруін ұйымдастыру Нұсқаулығының күші жойылсын...
Министр
--------------------------------
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Заңының
76 және 77 баптарына сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексерулердi ұйымдастыру және жүргiзу жүйесiн тәртiпке келтiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қосыла берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау органдарымен суармалы-суландыру жүйелерді тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу нұсқау" бекiтiлсiн.
2. Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментi осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуге белгiленген тәртiпте берудi қамтамасыз етсiн.
3. Су ресурстары жөнiндегi комитетi, қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментi (Елеушов Б.С), алаптық сушаруашылығы басқармалары, облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармалары осы Бұйрықты орындауға және басшылыққа алсын.
4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнің 1992 жылдың 17 сәуiрiнде бекiтiлген "Мелиоративтiк жүйелердi тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi Экобиоресурстар министрлiгiнiң органдарына арналған ұсыныстарының" күшi жойылсын.
5. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментiне (Елеушов Б.С.) жүктелсiн.
Министр
Келісінді: Келісінді:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Энергетика және
министрлігі минералдық ресурстар
Министрлігі
19 желтоқсан 2001 ж. 20 желтоқсан 2001 ж.
Келісінді: Келісінді:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару Төтенше жағдайлар
жөніндегі Агенттігі жөніндегі Агенттігі
21 желтоқсан 2001 ж. 28 желтоқсан 2001 ж.
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
Министрінің 2002 жылдың
21 қаңтардағы N 13-п
Бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлiгi жүйесiндегi мемлекеттiк
бақылау органдарымен суармалы-суландыру жүйелердi
тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу
НҰСҚАУЫ
1. Жалпы ережелер
1. Бұл нұсқау Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 15 шiлдесiндегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Z970160_
, 1997 жылдың 19 мамырындағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы"
Z970111_
, 1994 жылдың 14 шiлдесiндегi "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы"
Z942000_
Заңдарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 31 наурызындағы Су кодексына
K933000_
, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылдың 18 желтоқсанындағы N 785 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғауға мемлекеттiк бақылау туралы Ережеге", Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнің 1995 жылдың 29 сәуiрiнде N 600
P950600_
қаулысымен бекiтiлген "Су ресурстарын пайдалануға және қорғауға мемлекеттiк бақылау туралы Ережеге", Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң 2000 жылдың 18 қыркүйегiндегi N 371-П бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылдың 17 қазанында N 1267
V001267_
нөмiрмен тiркелген "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларымен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың нұсқауына" сәйкес әзiрленген.
2. Осы нұсқауға сәйкес пайдаланылатын суармалы-суландыру жүйелердi тексеру суды қорғау және оларды ұтымды пайдалану бағытында жүргiзiледi.
3. Бұл құжат суармалы-суландыру жүйелердi тексеру барысында Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау органдарына (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау органдары) негiзгi ұсыныстарды баяндау мақсатында әзiрлендi.
4. Терминдер мен анықтаулар:
суармалы-суландыру жүйесi - бұл негiзiнен ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз және суландыру үшiн каналдармен суды тасымалдауға арналған инженерлiк құрылғылар жүйесі;
коллекторлы-қашыртқы желiсi - бұл жерлердiң батпақтануымен, тұзданумен және жер асты суларын деңгейiн төмендету мен ағызып алып кетумен күресуге арналған инженерлiк жүйе.
2. Суармалы-суландыру жүйелердi тексерудiң
мақсаттары мен мiндеттерi
5. Суармалы-суландыру жүйелердi тексеру мемлекеттiк бақылау органдарының супайдаланушылармен су ресурстарын қорғау жөнiндегi заңдарды қадағалауына мемлекеттiк бақылаудың бiр бағыты болып табылады.
6. Тексерудiң негiзгi мақсаттары келесiлер болып табылады:
1) суды ұтымды және үнемдi пайдалануға және су объекталарын ластанудан, қоқыстанудан және оның тартылуынан қорғау жөнiндегi шараларды жүргiзуге бақылау;
2) суды пайдалану және қорғау мәселесi жөнiндегi орталық және жергiлiктi органдардың қаулыларының орындауына бақылау;
3) жекелеген ауылшаруашылық кәсiпорындарымен, сондай-ақ жалпы шараушылықаралық жүйелермен суды пайдалану және суды қорғау шараларын орындау туралы шынайы ақпаратты жинау;
4) суды пайдалануды жақсарту, су көздерiнің ластанудың алдын алу және олардың ахуалын жақсарту жөнiнде нұсқама беру және берiлген нұсқаманың орындалуына бақылау;
5) су ресурстарын қорғау туралы заңды бұзу нәтижесiнде келтiрiлген залалдың мөлшерiн анықтау, осы залалды ерiктi түрде орынына келтiру туралы кiнәлi тұлғаларға талап қою, немесе сол талапты сот арқылы қою;
6) суару каналдарының, гидротехникалық ғимараттардың, сужүргiзетiн су құбырларының насос станцияларынын коллекторларының су қоймаларының техникалық ахуалына бақылау.
7. Мемлекеттiк бақылау органдарының суармалы-суландыру жүйелердi тексеру барысындағы негiзгi мiндеттерi:
1) арнайы супайдалануға және төгiндi суды тастауға рұқсаттардың барлығын тексеру және олардың шарттарының қадағалануына бақылау;
2) суды ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi жобалық құжаттарда қабылданған шешiмдердің және белгiленген су пайдалану шарттарының орындалуына бақылау;
3) тоғандардағы, көлдердегi және су қоймаларындағы су деңгейiнiң жасанды өзгеру кезiндегi жобадағы шешiмдердің қадағалануына бақылау;
4) су объектасына тастар алдындағы қашыртқы сулардың тазартылуына және жер үстi су объекталарына қашыртқы суларды тастар кездегi ШРТ (шектеулi рұқсат етiлген тастанды) нормаларында белгіленген әрекет мерзiмдерiнiң қадағалануын бақылау;
5) суқорғау шаралары жөнiндегi қабылданған жобалық шешiмдердiң, сонымен қатар суармалы-суландыру жүйедегi суды пайдалану мен қорғаудың нақты жағдайының қолданудағы заңды, техникалық және экологиялық талаптарға сәйкестiгiне бақылау;
6) су обьекталарынан алынатын және оған тасталатын қайта пайдаланылатын судың көлемiнiң бастапқы есебiнiң дұрыстығына, сонымен қатар тасталатын судың құрамына бақылау;
7) суды тұтыну мен тастаудың есебiн жүргiзетiн жабдықтың және басқа да өлшеу құралдарының барлығын тексеру және олардың мемлекеттiк аттестациямен белгiлеген мерзiмiнiң қадағалануына бақылау;
8) суармалы-суландыру жүйелердегi реттеушi гидротехникалық ғимараттар арқылы өтетiн санитарлық және әкологиялық су жiберулерге бақылау;
9) тексерiлушi суармалы-суландыру объекталардағы су шаруашылықты және су қорғау әрекеттердi жетiлдiру жөнiндегi нұсқамалар мен ұсыныстарды беруге;
10) суды пайдалану және қорғауды жақсарту жөнiндегi бұрын берiлген нұсқамалардың орындалуын тексеру;
11) суды ұтымды пайдалануды, сонымен қатар табиғи суларды ластаудан қорғауды қамтамасыз ету үшiн жаңа алдыңғы қатарлы схемалар мен техникалық қондырғыларды енгiзуге ықпал жасау.
3. Тексеру жүргiзудi жоспарлау
8. Суармалы-суландыру жүйелердi тексеру мемлекеттiк бақылау органдарының жоспарлы жұмысы болу қажет. Тексерудi мiндеттi түрде суармалы-суландыру жүйелердi пайдалануға берер кезде, сонымен қатар су көзiнен суды неғұрлым көп алар кезде және оған қашыртқы суларды тастар кезде жүргiзу ұсынылады.
Тексерудi жоспарлау барысында қолданудағы заңдарға сәйкес кiшi кәсiпкерлер субъекталарын бiр жыл iшiнде бiр реттен артық тексеруге болмайтындығы ескеру қажет. Барлық тексерулер басталар алдында шаруашылық субъекталарын тексеру жүргiзу туралы Актi прокуратура органдарында тiркелуi тиiс.
9. Тексеру, тексерiлетiн объекталардың ерекшелiктерiн ескеретiн жоспарланған тексерiстің мақсаты мен міндетi белгiленген бағдарлама бойынша жүргiзiлуi қажет. Бағдарлама тексеру жүргiзетiн ведомствоның басшысымен бекiтiледi. Мемлекеттiк бақылау функциясының қайталануына жол бермеу және өзара қатынаста қызмет жасау мақсатында тексеру мақсатында бағдарлама мен жоспарлау барысында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бақылау органдары мен мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының бiрлесiп қатысу көзделуi қажет.
10. Тексерiс алдында тексерушi келесiлердi зерделеуi қажет:
1) тексеру бағдарламасын;
2) суармалы-суландыру жүйенiң және суды қорғау шараларының құжаттарын;
3) жалпы жүйе бойынша және жекелеген шаруашылықтар бойынша суды пайдалану жоспарларын;
4) су алынатын немесе су тасталатын су объектасының тексеру сәтiндегi гидрологиялық режимiн;
5) бұдан бұрынғы тексерулердің материалдарын және орындалуын тексеру мақсатында мемлекеттiк бақылау органдарының бұдан бұрын берiлген нұсқамаларын.
4. Суармалы-суландыру жүйелерде тексерудi жүргiзу
11. Тексеруге суармалы-суландыру жүйелердегi келесi ғимараттар жатады: бас су алу учаскесi; магистральды каналдардың учаскелерi; су бөлу жүйелерi; кәрiз-қашыртқы жүйелерi.
12. Бас су алу учаскесiн тексеру барысында тексерушiге келесiлер ұсынылады:
1) бас су алу учаскесiнiң техникалық құжаттарымен (бас учаскенiң диспетчерлiк сызбасымен, пайдалану жөнiндегi нұсқама, жеделмелi есеп журналы, бас учаскенiң төл құжаты) танысу;
2) суды тұтыну және суды ағызудың бастапқы есеп журналдарының (белгіленген нысандағы) барлығын және дұрыс толтыруын тексеру;
3) су объектасының ластануының және қоқыстанудың (таязданудың) дәрежесiн анықтау мақсатында суалу шеңберiндегi су объектасының учаскесiн көзбе-көз зерттеудi жүргiзу (гидробъектердің барлығы мен жұмысы, су алу аймағындағы өзен арнасының таяздануының дәрежесiн, мелиоративтi ғимараттың шеңберiндегi су объектасының жағдайы тексерiледi);
4) суды тұтыну мен тастаудың есебiн жүргiзетiн жабдықтың және басқа да өлшеу құралдарының барлығын тексеру және олардың мемлекеттiк аттестациямен белгiлеген мерзiмiнiң қадағалануын тексеру;
5) су алу орындарындағы балыққа тосқауыл қондырғыларының барлығын тексерудi;
6) нақты алынған судың көлемiнiң осы суармалы-суландыру жүйе немесе оның учаскесi үшiн бекiтiлген су пайдаланудың жалпы жоспарына сәйкестiгi;
7) жобалық шешiмнiң реттеушi гидротехникалық ғимараттар арқылы өтетiн нақты санитарлық және экологиялық су өткiзулермен сәйкестiгiн тексеру.
13. Су алу үшiн жылжымалы насос станцияларын пайдалануды тексеру кезiнде келесiлердi тексеру ұсынылады:
1) нақты су алу орыны белгiленген нормативтi талаптарға сәйкес келуiн;
2) алынып жатқан судың бекiтiлген шаруашылық iшiндегi супайдалану жоспарына сәйкес келуi;
3) су объектасының мұнай өнiмдерiмен ластанудың алдын алу мақсатында насос станцияларының тұрған жерiнiң және жанар-жағар май қоймасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жабдықталуы;
4) насос станциясының суды сору бөлiгiнде балық қорғау тосқауылдарының болуын.
14. Магистарльды каналдар учаскесiн және су бөлу жүйелерiн тексеру барысында келесiлердi тексеру ұсынылады:
1) магистральды каналдың тексеру учаскесiндегi және су бөлу жүйелерiндегi су шығынын есептейтiн бекеттердің болуы мен олардың жұмысын;
2) канал арнасы арқылы жоғары сүзгiлену арқылы, қаптамадағы сызаттар арқылы, деформациялық тiгiстер немесе науа жүйесiндегi және су құбырларындағы тығыз түйiспеушiлiгiнің арқасында судың ысырап болуын анықтау мақсатында тексерудегi магистральды каналдың және су бөлу жүйесiнiң техникалық ахуалы;
3) оның ахаусыздығын тексеру және мүмкiн болатын су ысырабын анықтау мақсатында, су бөлу-жабу арматурасының техникалық ахуалын, сонымен қатар жабу арматурасынан кейiнгi су бөлу жүйесiндегi нақты су деңгейiнiң пайдалану шарттары бойынша талаптарға сәйкес келуi;
4) магистральды каналдағы және оның салаларындағы апатты және аяқты су тастандыларының, сонымен қатар апатты су қабылдағышқа суды қайтару немесе суды су объектасына тастау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн су бөлу жүйелерiндегi аяқты су тастандыларының болуын және олардың ахуалын;
5) дефект актылары және пайдалану қызметiнiң дефект ведомствалары негiзiнде суармалы жүйе бойынша жөндеу жұмыстарының орындалуын тексеру;
6) суармалы жерлердің батпақтануының немесе қоқыстануының болуын және оның себебiн, сонымен қатар бұл көрiнiстердiң су көздерiне тигiзетiн ықпалын.
15. Кәзiр-құрғату жүйелерiн тексеру алдында, құрғату желiсiнiң жүйесi (ашық және жабық), су қабылдағыштар, батпақталған учаскелердің және батпақтану көздерiнің шекаралары, гидрометрикалық бекеттер, бақылау құдықтарының желiлерi көрсетiлген құрғату жүйесiнiң жоспарымен танысу қажет; сонымен қатар қашыртқы судың саны мен құрамының есебi және жылдың әр кезеңiндегi жер асты суының деңгейiнiң өзгерiсiнiң графигi жөнiндегi құжаттармен танысу қажет.
16. Зерделеу жүргiзу барысында келесiлер тексерiлуi қажет:
1) ағызылатын судың көлемiнiң есебiнің дұрыстығын белгiлеу және жобалық немесе тиiстi органдармен белгiленген ағын қолданудағы нормасымен салыстыру мақсатында гидрометеорологиялық бекеттердiң жұмысын;
2) сорланған және батпақтанған жерлердегi бақылау құдықтарындағы жер асты суларының деңгейiн;
3) кәзiр-қашыртқы желiсiнің және онда орнатылған жабу-реттеушi арматураның техникалық жағдайы (барлық су тастау және қашыртқы желiсi тiреу және тұйықтан бос жағдайда ұсталуы қажет және жылдамдықтың барлық бойында каналдардың шөптенуiне және таяздануына, сонымен қатар су объектасына топырақтың түсуi мен шайылуына жол бермеудi қамтамасыз ету қажет);
4) суармалы-суландыру жүйелердегi және су тастау орындарындағы эррозияға қарсы шаралардың жағдайы және орындалуы.
17. Тексерiлетiн кәзiр-қашыртқы жүйесi, желiге түскен су жүйенiң қашыртқылау мүмкiншiлiгiмен белгіленген барлық қамтитын ауданынан кедергiсiз өтiп су қабылдағышқа тасымалданып, онда кептелудi немесе каналдарда суды iркiлудi құрмай қабылдаған жағдайда дұрыс жұмыс жасайды деп есептеледi.
18. Тексеру кезiнде суды суландыру немесе басқа мақсаттарға қайта пайдалану мүмкiншiлiгiн анықтау үшiн оның құрамын белгiлеу қажет. Тастанды суды қайта пайдалану мүмкiншiлiгi туралы шешiмдер мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызыметтермен қадағалау, ветериналық қызымет және басқа да мүдделi органдардың келiсiлуi керек.
19. Суармалы жерлерде ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу үшiн және су тасымалдайтын және су тастайтын каналдардағы өсiмдiктермен күрес үшiн улыхимикаттарды пайдаланған жағдайда тексерушiге келесiлер ұсынылады:
1) қолданылатын улыхимикаттардың түрлерi мен дозаларын және оларды қолдануға рұқсаттың барлығын тексеру;
2) су объекталарына ағызылатын тастанды судағы улыхимикаттың қалған санының концентрациясын құрамын гидрохимиялық лабораторияның мамандарымен бiрге анықтау;
3) су объектасына тастанды судың ықпалын анықтау үшiн бақылау бағанында су объектасының суының сапасына және түбiндегi тұнбалардың химиялық талдау жасау.
5. Мүмкiн болатын суармалы-суландыру жүйелердегi су
пайдалану шарттарының бұзылуы
20. Суармалы-суландыру жүйелердi пайдалану барысында су пайдалану шарттарында белгiленген келесi жиi кездесетiн бұзушылықтар болуы мүмкiн:
1) суару көзі ретiнде пайдалану үшiн су объектасын рұқсатсыз алу;
Бұзушылықтың бұл түрi шаруашылықтарамен су объектасынан суды Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің немесе басқа да мемлекеттiк органдардың алдын ала келiсуiнсiз және рұқсатынсыз жылжымалы және жүзбелi қондырғыларды пайдалану кезiнде жиi кездеседi. Мұндай бұзушылық су объектасының тартылуына әкелiп соқтыруы мүмкін.
2) суды арнайы супайдалануға берiлген рұқсатты бұзумен алу.
Бұл бұзушылық белгiленген супайдалану нормасының жоспарынан жоғары су алумен айқындалады. Мұндай бұзушылықтар су алатын ғимараттарда су тартқыш агрегаттардың қуаты жобалық қуттан әлдеқайда жоғары болған жағдайда және суды бастапқы өлшеуге айтарлықтай бақылау болмаған жағдайда жиi кездеседi. Мұндай бұзушылықтың зардабынан су объектасының гидрогеологиялық режимi, супайдаланудың басқа түрлерiнiң шарттары нашарлайды, суармалы жерлердiң батпақтану немесе қоқыстану мүмкiншiлiгi туындайды.
3) сушаруашылықты ғимараттардың және қондырғылардың зақымдануы немесе оларды пайдалану ережелерiнiң бұзылуы.
Бұзушылықтың бұл түрi су өлшейтiн қондырғылардың және жабу-реттеушi арматураның зақымдануына, магистральды желiнің және оның салаларының қирауына келтiретiн суармалы-суландыру жүйенiң және ғимараттардың қолайсыз пайдалануымен айқындалады. Мұндай бұзушылықтың нәтижесi келесiлер болуы мүмкiн:
суармалы немесе құрғалмалы жерлердiң батпақтануына және сорлануына;
су алатын ғимараттарда орналасқан двигательдерден ағатын мұнай өнiмдерiнің түсуiнен , жағар-жанар майдың қолайсыз сақталуынан, қашыртқы жүйесi арқылы эродирланған топырақтың және қолданылған улыхимикаттардың шығарылуынан суармалы-суландыру жүйенi пайдалану барысында судың ластануы және қоқыстануы.
21. Тексеру бiткеннен кейiн тексеру Актісі, қажет болған жағдайда сәйкес материалдар ресiмделедi.
22. Заң бұзушылықтың сипаты мен зардабына сәйкес мемлекеттiк бақылау органдары кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тартуға және анықталған бұзушылықтарды жоюға қажеттi шаралар қабылдауды талап етуге мiндеттi, тексеру нәтижелерi суару жұмыстарын дайындауға және жүргiзуге жауапты ұйымдардың қаперiне жеткiзiлуi тиiс.