Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 20.06.2016 № 11-1-2/273 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 30.07.2015 № 11-1-2/316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді.
Мемлекеттік хатшы - Министр
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының - Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі N 244
бұйрығымен бекітілген
Дипломатиялық қызмет органдарында
сынақ мерзімін өту ережесі
Осы Ереже дипломатиялық қызмет органдарына алғаш рет қызметке тұрған адамдарға қолданылады.
1. Дипломатиялық қызмет органдарына алғаш рет қызметке тұрған адамдарға үш айға дейін міндетті сынақ мерзімі белгіленеді.
2. Міндетті сынақ мерзімін белгілеу қызметке тағайындау туралы бұйрықта көрсетілуге тиіс.
3. Міндетті сынақ мерзімі белгіленген кезде сол адамға Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы, еңбек туралы және мемлекеттік қызмет туралы заңдары толығымен қолданылады.
4. Уақытша еңбекке жарамсыз болған кезеңі және адамның дәлелді себептермен қызметте болмаған басқа да кезеңдері міндетті сынақ мерзіміне есептелмейді.
5. Сынақ мерзімі өткеннен кейін кадрлар қызметі құрылымдық бөлімше басшысының ақпараты (қорытынды, ұсыным) негізінде Сыртқы істер министріне сол адамды дипломатиялық қызметке одан әрі пайдаланудың орындылығы туралы ұсыным енгізеді.
6. Сынақ нәтижесі қанағаттанғысыз болған жағдайда ол сынақ мерзімінен өте алмаған есебінде қызметтен босатылады. Оған жүктелген қызметтік міндеттерді тиісінше атқара алмауы сынақ нәтижесін қанағаттанарлықсыз деп тану үшін негіз болып табылады.
7. Жүктелген қызметтік міндеттерді адамның орындай алмауын дәлелдейтін барлық дәйектерді кадрлар қызметі жазбаша түрде көрсетеді және олар сынақ нәтижесі туралы ұсынымда көрініс табуға тиіс.
8. Егер адам сынақ мерзімін өтіп, қызметін жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен деп есептеледі және сынақ мерзімі дипломатиялық қызмет өтіліне жатады. Бұдан кейінгі қызметтен босатылуына тек Қазақстан Республикасының заңнамалары негізінде ғана жол беріледі.
9. Міндетті сынақ мерзімі белгіленген адам сынақ мерзімін өту тәртібімен және шарттарымен, қызметке тағайындау туралы бұйрықпен таныстырылуға тиіс.